1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


-билет. Ұлттық сананы оятуда мерзімді басылымның атқаратын рөлі. («Айқап» журналы, «Қазақ газеті», «Бірлік туы» газеті т.б.)



бет17/81
Дата29.05.2022
өлшемі343,45 Kb.
#35857
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81
20-билет. Ұлттық сананы оятуда мерзімді басылымның атқаратын рөлі. («Айқап» журналы, «Қазақ газеті», «Бірлік туы» газеті т.б.). Қазақстан газетінен кейін қазақ халқының тұңғыш журналы «Айқап» 1911-1915ж жарық көре басталды. Журналды ұйымдастырушы әрі редактор Мұхаметжан Сералин (1856-1929)ж болды. Ол Қазан университетінің заң факультетін қазақтар арасынан бітірген алғашқы түлектердің бірі. Журналдың «Айқап» деп аталу себебін М.Сералин былай түсіндіреді. Біз қазақтың неше жерден «қап» деп қапы қалған істері көп. Қап дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымызда өкінішімізге лайық «Айқап» болды.Журналда көтерілген негізгі мәселелер жер мәселесі, оқу-ағарту, мәдениет, қазақ қоғамының болашақ даму жолының бағыты және т.б. 1913ж 5қаңтарда Далалық өлке генерал-губернаторы Сухомлинов Орал әскери губергнаторына А.Байтұрсыновқа «Орынборда қырғыз(қазақ) тілінде «Қазақ» апталық газетін басуға рұқсат беру жөнінде хабарлаған. Газеттің редакторы- А.Байтұрсынұлы, оның саяси бағытын айқындаушы Ә.Бөкейханов болды. Алғашқы жылы басылым таралымы 3 мың данаға жетсе, 1914ж 8 мың, 1917ж 18 мыңға данаға дейін өсті. Қазақ газеті халықтың тарихи санасын ояту , халық арасында мәдени-ағарту шараларын жүзеге асыру сияқты қазаққоғамы аса зәру мәселелерді міндет етіп қойды. Қазақ газетіне биыл 109 жыл толып отыр. Бірлік туы газеті алғашқы қазақ басылымдарының бірі. 1917 ж. 24 маусымнан 1918 ж. сәуір айының ортасына дейін Ташкент қаласында аптасында 1 рет шығып тұрған. Негізін қалаушы әрі алғашқы редакторы — Мұстафа Шоқай. Газетті шығару ісіне Қ. Болғанбаев пен С. Қожанов тікелей атсалысты. Газет 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдай, сондай-ақ, ел ішіндегі әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы хабарларды жариялап, елді бірлікке шақырып, азаттық жолындағы күрестің жаршысы болды. Газет қазақтардан басқа, қырғыз, өзбек, татар, т.б. түркі халықтарының арасына кеңінен тарады. 1917 ж. тамызда өткен Түркістан өлкесі қазақ-қырғыз съезі баспасөз туралы мәселе бойынша “жаңадан шыға бастаған “Бірлік туы” барша қазақ-қырғызға ортақ болсын” деген қаулы қабылдаған. “


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет