3) Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан соң жағдай түзеліп, діни
өркениетті көзқарас демократиялық өзгерістердің бір бөлігіне айналды. 1992
жылы 15 қаңтардағы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер
туралы» ҚР Заңының қабылдануы маңызды оқиға болды.
Қазақстан Республикасындағы дін аясы бірқатар заңнамалық актілермен:
Конституциямен, Азаматтық кодекспен, «Діни сенім бостандығы және діни
бірлестіктер туралы» Заңмен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен
реттеледі. Қазақ жері тарихи жағдайлармен ұлы өркениеттердің - ислам,
христиан, буддизм, конфуциандық өркениеттерінің өзара іс-қимыл орнына
айналды. Біздің шексіз кең байтақ даламыз өзіне алуан түрлі өркениет пен
мәдениетті сіңірді. Сондықтан қазіргі полиэтностық және поликонфессиялы
Қазақстан - ғасырлар бойғы рухани және мәдени дәстүрлердің мұрагері.
Қазақстанда түрлі конфессиялардың бейбіт қатар өмір сүруі үшін қажетті
құқықтық және ұйымдық жағдайлар жасалған, конфессияаралық
қатынастарды үндестіруге бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясат
қалыптасты. Қазақстан Республикасы өзін құқықтық, демократиялық және
зайырлы мемлекет ретінде орнықтыра отырып, адамның дін бостандығы
құқығының сақталуына үнемі көңіл бөліп отырады.
Қазіргі таңда, Қазақстанда 45 діни конфессия жұмыс істейді. Республикада
олардың тұрақты диалог негізінде бейбіт қатар өмір сүруіне жағдай
жасалған. Мемлекет бұл процесте бастамашылық жасайды және қолдайды.
Қазақстанның тәуелсіз дамуы жылдарындағы алғашқы қадамдардың бірі
қазақстандықтардың дін бостандығына кепілдік беретін діни бірлестіктер
туралы Заңның қабылдануы болды. «Қазақстандағы адамның құқықтары:
қоғамдық пікір» жобасы шеңберіндегі әлеуметтанушылық зерттеулердің
мәліметтері азаматтардың діни наным мен дін бостандығы құқықтарының
сақталуына респонденттердің 78,2% оң баға бергенін көрсетеді, бұл
азаматтардың діни сенім бостандығының конституциялық құқықтарын
қорғау саласындағы мемлекеттің қолданып жүрген шараларының
дұрыстығын дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |