Ал Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа Жеңіс туын тіккені үшін
"Жауынгерлік Қызыл ту" орденінің иегері болды. 2001 жылы "Халық
қаһарманы" атанды.
Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар
және резервтік күштер дайындауға үлес қосты. 1941-1945 жылдары КСРО-
дағы әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық білім алуға
аттанса, нақтыланбаған ақпарат бойынша, Қазақстанның аумағында соғыс
жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны 16 000 офицер дайындап
шығарған.
Партизандық соғыс
Қазақстандық сарбаздар жау тылында қоршауда қалып, партизандық күреске
араласқан. Ұлы Отан соғысы жылдары 3 500 қазақстандық партизан
отрядтары қатарында болды деген мәлімет бар.
Тарихшылардың айтуынша, олар Украина мен Беларусь елдерінің батыс
аудандарында, Молдавия мен Балтық жағалауларында фашистік Германияға
қарсы соғысқан. Олардың ішінде Қасым Қайсенов, Тоқтағали Жанкелдин,
Әди Шәріпов, Сәтімбек Төлешов, Нұрым Сыдықов, Ғалым Омаров, Ғалым
Ахмедияров сынды батыр партизандармен қатар Нұрғаным Байсейітова,
Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова есімді қазақ қыздары да жау
әскерлеріне қарсы күрескен.
Достарыңызбен бөлісу: