2. Әдебиеттануды оқытудың мақсаты мен міндеттері. Әдебиет теориясының ғылым ретінде зерттейтін мәселелері. «Әдебиеттануға кіріспе» пәні студенттерді көркем әдебиеттің жалпы қасиеттерімен байланысты маңызды теориялық әдеби ұғымдармен, ілкі түсініктермен, жекелеген көркем шығармалардың ерекшеліктерімен, әдеби дамудың заңдылықтарымен таныстырады.
Қазақ әдебиетін окыту әдістемесі пәнінің мақсаты - әдебиетің сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшелiктерiне сүйене отырып, оны халқымыздың көркем тарихы, өмiр оқулығы дәрежесiнде оқып үйрету. Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, азаматтық тәрбие беру. Әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалык тұрғыда қабылдауға қажетті білім және бiлiкпен қаруландыру, дара тұлғаны дамытуды көздейді.
Пәннің негізгі міндеттері
- Әдеби білімнің әр жақтылығын, жүйелілігін, туған әдебиеттің ұлттық сипатын, жанрлық-стильдік ерекшеліктерін, көркем туындының идеялық-адамгершілік түпкі мазмұн- мәнін түсіндіру;
- дара тұлғаның эмоциялық мәдениетін дамыту;
- әдебиетті оқытудың шығармашылық сипатын күшейту.
Әдебиеттану - көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым. Сез өнерінің түп төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетикалық ерекшеліктерін зерттейді.
3. Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу және даму кезеңдері. Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу, даму тарихы тым әріде жатыр. Бүкіл әлем шеңберінде алып қарасақ, сөз өнері, оның сыры мен сипаты туралы топшылаулар, көркемдік таным мен талғамның алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын көне Қытайдың "Ән кітабы", "Құбылу кітабы", ежелгі Мысырдағы "Ағалы-інілі екеу туралы ертегі", байырғы Вавилон жұртының "Көрмегені жоқ кісі туралы" дастаны немесе көне үнді халқының "Ригведа", "Махабхарата", "Рамаяна" жырлары тәрізді адам баласының жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткіштерінде б.з.б. 3 -- 2 мыңыншы жылдарда пайда болып, келе-келе тұрлаулы эстетикалық ұғымға көше берген. Поэзияны жалпы жұрттың рухани сусыны ретінде ғана емес, халықтың көркем тарихы, халық тағдырынын сырлы шежiресi ретiнде пайымдап, сол арқылы сез өнерiнiң таным және тәрбие тарапындағы мәні мен маңызын белгiлеуi, сондай-ақ қазақ өлеңін бес түрге бөліп, бұлардың әрқайсысына өзінше мінездеме әрi сипаттама беруі - әдебиет теориясына қатысты толғамдар. Қазақтың болашақ Әдебиеттануының алғашқы кірпішін Ш.Уәлиханов осылай қалаған еді. Ал Ы.Алтынсаринның əдебиет туралы ғылымға қосқан үлесі жұртқа мәлім әдеби тілінің ағартушылық енбектерімен сабақтас. Әдеби тілінің тазалығы, әдеби шығармалардың халықтығы, тәрбиелік мәнінің биіктігі үшін күресті.