1 билет Әдебиеттану ғылымы және оның салалары


Тақырып пен идея. Сөзбен шыңдалған шындық



бет6/30
Дата25.12.2022
өлшемі234 Kb.
#59474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Тақырып пен идея. Сөзбен шыңдалған шындық.

Тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы. Тақырыптан идея, идеядан тақырып туады.
Үйдің қабырғасын салып, төбесін жаппас бұрын іргетасы қаланатыны секілді, көркем шығарманың туу процесі де тақырыптан басталатыны даусыз. Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын береді; ол бағада жазушының дүниеге көзқарасы жатады. Өмірге үн қосу әрекетінен келіп әр жазушының әр шығармасының идеясы туады.
Мазмұн мен форманың байланысы секілді тақырып пен идея да әрқашан бірлікте болады. Тақырыптан идея, сондай-ақ идеядан тақырып туып жатады. Идеясыз тақырып, тақырыпсыз идея болуы мүмкін емес.
Тақырып пен идеяның бірлігі туралы сан ғасыр бойы суреткерлер мен ойшылдар айтқан аса кемел пікірлер көп. Мәселен, ХІХ ғасырда Белинский көркем шығарманың идеясын «оның өн бойында желі тартып жатқан ой мен сезімнің мығым бірлігі» деп белгілесе, Ғамзатов шығарма идеясын оның такырыбына тамаша тапқырлықпен нұсқалы әрі ұтымды көшіріп әкетеді: «Ой мен сезім – кұс десек, тақырып – аспан; ой мен сезім – бұғы десек, тақырып орман; ой мен сезім – елік десек, тақырып – тау; ой мен сезім – жол десек, тақырып – сол жол алып баратын шаһар».
Суреткердің шығарма жазар тұстағы творчестволық толғаныстарының түпкі түйіні – ой өзегі (замысел). Ой өзегінде жазушының тақырып тауып, идея туғызудағы түбегейлі мақсаты, яки творчестволық концепциясы жатады. «Ой өзегі – шығарманың негізгі арқауы» (А.Толстой).
Әр жазушыда әр шығармасын жазар алдында осындай ой өзегі болмаса, оның шығармасында оқырманга қажет өмірлік өзекті мәселе де болмайды және ондай шығарма қалың көпшіліктің қаламгер алдына қояр заңды сауалына жауап та бере алмайды. Ал «сауалы жоқ немесе сауалға жауабы жоқ шығарма – өлі шығарма» (Белинский).
Кейде, шартты түрде, шығарманың тақырыбы – сауал да, идеясы – жауап деуге болар еді. Бір сауалдың бір емес, бірнеше жауабы болатыны секілді, бір тақырыптан бір емес, бірнеше идея тууы мүмкін.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет