1 билет Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары. Экономикалық теорияның функциялары



бет12/59
Дата20.10.2023
өлшемі0,65 Mb.
#119940
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59
Байланысты:
Otvety OE

Жалпы ғылыми әдістер – бұл көне грек философтары негізін салған және кейінгі буын ғалымдары дамытқан диалектикалық материалистік қағидалар. Олар бір-біріне тәуелді, қайшылықты түрде дамытып, ұдайы қозғалыста болады.
Тарихи әдіс құбылыстардың пайда болып, дамып және бірінің орнын бірі басқанын тізбекті талдауға жағдай жасайды.
Логикалық (теориялық) тәсіл тарихи құбылыстардың тарихи дәлме-дәл даму жолы емес. Ол зерттеліп отырған құбылыстың мәнін ұғыну мен асбтракциялауды, яғни олардың болмысы мен қасиеттерін жорамал түрде таза зерттеуді көздейді. Осының негізінде бұл құбылыс жайында ғылыми түсінік пайда болады, яғни логикалық түсінік немесе тауар, баға, ақша, акция, бәсеке т.б.сияқты экономикалық категориялар қалыптасады. Зерттеудің осындай әдісін ғылыми абстракция деп атайды.
Ғылыми-техникалық жекелеген әдістерге: байқау, синтездеу мен анализдің көмегімен алынған материалды өңдеу, индукция мен дедукция, заңдар мен категориялар жүйесін құру, оларды тексеру, тәжірибе-сынақтар жүргізу, модельдер құрастыру, олардың математикалық формализациясы және т.б. жатады.
Математикалық модельдер индивидиумды көрсетеді. Альферд Маршаллдың көрсетуінше «Экономикалық ғылым жеке және қоғамдық қызметтің сол бөлігін, негізінен, материалдық игіліктің жасалуын және пайдалануын зерттейді».

  1. Қаржылық жүйе, экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мәні және рөлі. Қаржылық қатынастардың субъектісі және объектісі. Мемлекеттің қаржылық саясаты. Оның функциялары.

Мемлекеттің қаржылық саясаты. Оның функциялары.
Мемлекеттің нарықтық жүйедегі орнын және қызметтерін анықтау, экономикалық саясаттың калыптасуының теориялық негіздерін, оның негізгі тетіктерін жан-жақты қарастыру: 
Қаржы жүйесінің мәні, мемлекеттік бюджет, салық жүйесі, мемлекеттің фискалды саясаты туралы шолу жүргізу, студентке өзіндік жұмысқа бағыт беру.
Негізігі түсініктер мен терминдер
Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған. 
Мемлекеттің қаржысы ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. 
Мемлекеттік қаржы құрамына: 
мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, 
валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомстваның
Каржы негізінде төрт қызмет атқарады: 
1. Бөлу – мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға, қорғанысты дамытуға бағыттайды. 
2. Реттеу – мемлекет экономиканы реттеуді салық салу, несие саясаты, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация беру кезінде жүзеге асырады. 
3. Ынталандыру – кәсіпорынның экономикалық дамуы әртүрлі қаржылық ынталандырумен жүзеге асады. 
4. Бақылау – бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.  Қаржылық бақылаудың субъектісі, объектісі және компоненті. 
Қазақстан Республикасында бұрын болған қаржылық бақылау жүйесі экономиканы басқаруда әміршілдік- әкімшілік әдістеріне негізделген еді. Сондықтан қаржылық бақылау жүйесінің құрылуы мен тиімді атқарылымы мәселелері нарықтық экономикаға сәйкес жоғары дәрежеде көкейкесті болып қала берді. 
Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда ұтымды ұйымдастырылуымен, яғни субьектіні, обьектіні нақты белгілеумен, бақылаудың компонентерімен, олардың құқықтары мен міндеттерімен, бақылау шараларын өткізудегі әдістері мен нысандарының ұштастырылуымен анықталады.

  1. Берілген Qd = 20 - 2Р, Qs = 14 + 4Р онда Р - баға, Qd –сұраныс көлемі, Qs-ұсыныс көлемі.Табу керек тауардың тепе-тең өндіріс көлемімен, бағасы қаншаға тең?

Qd = 20 - 2Р Qs = 14 + 4Р Р – баға Qd –сұраныс көлемі Qs-ұсыныс көлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет