1 билет Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары. Экономикалық теорияның функциялары


Өндірістің мақсаты, нәтижесі және тиімділігі. Ресурстар және өндіріс факторлары түсініктері. Өндіріс факторларының өзара алмастырылуы



бет20/59
Дата20.10.2023
өлшемі0,65 Mb.
#119940
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59
Байланысты:
Otvety OE

12 билет

  1. Өндірістің мақсаты, нәтижесі және тиімділігі. Ресурстар және өндіріс факторлары түсініктері. Өндіріс факторларының өзара алмастырылуы.

Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін.
Өндірістің мақсаты қоғамның жекелеген мүшелеріне және жалпы қоғамға қажетті материалдық (материалдық-заттай нысандағы экономикалық өнім) және бейматериалдық (қызмет көрсету, ақпарат, рухани құндылықтар аясында) игіліктер жасау.
Өндірістің тиімділігі – қажетті түпкілікті нәтижеге қол жеткізу жолында адамның өндірістік‚ шаруашылық қызметінің жұмсалғанресурстарға (еңбекке‚ материалдарға‚ қаржыға) қатынасы, яғни өндіріс нәтижесінің пайдаланылған ресурстарға қатынасынан көрініс табатын нәтижелілік .
Өндіріс ресурстары — бұл тауарлар мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.
Ресурстар төрт түрлі болады:
1. «Табиғи» — өндірісте қолдану үшін әлеуметтік, пайда¬лы табиғи күштер мен заттар, олар «таусылатын», «қал¬пы¬н¬а келтіретін» немесе «қалпына келтірмейтін» болып ажыратылады.
2. «Материалдық» — бұл өндіріс нәтижелері болып саналатын, адам жасаған инструменттер, машиналар, сарқылатын шикізаттар.
3. «Еңбек» — «әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік-біліктілік және мәдени білім беру» параметрлері бойынша бағаланатын еңбекке қабілетті халық.
4. «Қаржылық» — қоғам өндірісті ұйымдастыру үшін ақша қаражаттарын бөлуі болып табылады.
Өндіріс факторлары — бұл өндіріс процесіне ресурс¬тардың алуан түрлерін шынайы түрде біріктіруді білдіреді. Ресурстар бір-бірімен өзара байланысты, олардың комбинациясы жағдайында ғана фактор¬ларға айналады, сондықтан да өндіріс — алуан түрлі фактор¬лардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі болады.ҒТП-ның дамуымен байланысты ресурстардың саны өсетіндігіне қарамастан, экономикалық теория өндірістің төрт негізгі факторларын: жер, капитал, еңбек, кәсіпкер¬лікті бөліп көрсетеді. Өндіріс факторларының нарығы ресурстарға деген сұраныс өндірістік қайталама сипатын білдірсе де, сұраныс пен ұсыныс әртүрлі субъектілер арасындағы шектеулі ресурстарды бөлуді реттейді. Дегенмен, түпкі тұтыну үшін өнім неғұрлым қажет болса, осы ресурстарға деген сұраныстар да солғұрлым жоғары болады. Барлық ресурстар өндіріске белгілі бір комбинацияларда, өзара толықтыру және өзара алмастыру түрінде ғана қатысады. Машинкалар мен құрал-жабдықтарды табиғи (жанды) еңбекпен, оған керісінше ауыстыруға болады, ал табиғи материалдарды — жасанды еңбекпен ауыстыруға болады. Сондықтан да ресурстар бағасының өзгеруі, әрқашанда өзге ресурстар бағасының өзгеруіне әкеліп соғады. Жер өндіріс факторы ретінде өндірістік процесте бүкіл пайдаланылатын табиғи ресурстарды білдіреді. Бірсыпыра салаларда (аграрлық пен өндіруші және т.б.) жер тікелей шаруашылық жүргізу объектісі еңбек «заты» мен «құралы» ретінде түсіндіріледі. Одан өзге, «жер» өндіріс факторы қызметінде меншік объектісі ретінде қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет