9 билет Қоғам өміріндегі өндірістің мәні. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
Өндіріс -бұл қоғамныц дамуы мен өмір сүруі ушін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда — бұл абстракяия, бірақ ақылға сыйымды абстракиия, себебі ол шын мәнінде жалпылама мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесіде бола алады. Өсімдік химиялық элементтерді тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы өндіреді. Адам тамақтану процесінде өзінің тәнін ұдайы өндіреді. Өнеркәсіп өндірісі жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - өндірісі процесі жок. Өндіріс процесі тек қана үш факторлардың — адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары — өзара іс-әрекеті арқылы (бұл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін. Бірінші фактор жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі — өндіріс процесінінің заттық факторы ретінде іске асады. Осы жағдайды ескере отырып. К.Маркс былай жазған: «Қоғамдық өндіріс түрлері (нысандары) қандайда болмасын — жұмысшы мен өндіріс құрал-жабдығы үнемі онын факторы болып қалады».Жұмыс күші — бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жұмыс күші әрбір кезде іс-әрекетте болуы қажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек.Қазіргі кезде еңбек затының өзі көп жағдайда бұрынғы еңбектің өнімі болып табылады. Мысалы, машина жасау зауытындағы металл құрылыстағы цемент, тоқыма фабрикасындағы мақта және т.б. Бұлардың барлығы түптеп келгенде табиғат қорынан алынады. Енбек құрал-саймандары адамнын табиғи мүшесінін жалғасы ретінде жүзеге асады және оны еңбек процесінде қодданады.
Өндіргіш күштер — қоғамдық өндіріс үдерісінің материалдық-заттай және адами факторларының жиынтығы. Өндіргіш күштер табиғат заттары мен күштеріне адамның белсенді қатынасын, табиғат байлықтарын тану, игеру, түрлендіру, дамыту және пайдалану дәрежесін білдіреді және жетекші өндіріс тәсілдерінің бірі болып табылады. Ең басты өндіргіш күштер – адам, өндіріске қатысушылар. Нақ осы адамның күш-жігерімен табиғат пен қоғам дамуының заңдары игеріледі, еңбек құралдары дамытылып, жетілдіріледі, жаңа машиналар, технология үдерістер, материалдар жасалады, өндірісті ұйымдастырудың неғұрлым дамыған нысандары дүниеге келеді. Материалдық-заттай факторлардың ішінде еңбек құралдарын дамыту өндіргіш күштерді жетілдірудің тарихи үдерісінде жетекші рөл атқарады.
Өндірістік қатынастар — өндіріс, бөліс, айырбас, тұрмыстық игіліктерді тұтыну үдерісінде адамдар арасында объективті түрде қалыптасатын қатынастар. Өндірістік қатынастар қоғамдық дамудың бір сатысын екінші сатысына шектеуде объективті өлшемдерді құрайды, мұның өзі қоғамның бірін-бірі кезекпен алмастырушы тарихи тұрпаттарын – қоғамдық-экономикалық формацияларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Қоғамның экономикалық құрылымы, заңи және саяси қондырма икемделетін және қоғамдық сананың белгілі бір нысандары сай келетін нақты базис өндірістік қатынастардың жиынтығын құрайды. Өндірістік қатынастардың екі жағы бар. Бірінші жағы – тікелей материалдық-өндіргіш күштермен айқындалатын өндірістік-техникалық қатынастар; олар технологиямен және өндірісті ұйымдастырумен байланысты туындайды, мысалы, түрлі мамандықтағы жұмысшылар арасындағы, ұйымдастырушылар мен орындаушылар арасындағы қатынастар, бұлар кәсіпорын ішіндегі немесе қоғам ауқымындағы технологиялық еңбек бөлінісімен байланысты туындайды, Екінші жағы – өндірістік-экономикалық қатынастар; олар өндірістік-техникалық қатынастардан өзгеше түрде адамдардың өндіріс құрал-жабдығына қатынастарын, яғни меншік қатынастарын білдіреді. Өндірістік қатынастардың бұл жағы мен меншік қатынастары мағыналас ұғымдар. Өндіргіш күштер-қоғамдық өндірістегі жеке(ж.ұмыс күші) ж/е заттық(өнд.құралдары) фактор/ң өзара әрекеті.Өнд/с жеке ж/е қоғамдық д.бөлінеді:Жеке-бұл бір кәсіпорын іс әрекеті;Қоғамдық-бұл бірнеше кәсіпорын/ң іс әрекеті ж/е олардың арасындағы өзара б/тар.Қоғамдық өнд/ң құрылымы:1)Материалдық өнд/ке өнеркәсіпті,ауыл шар/н,құрылысты жатқызамыз;2)Материалдық қызмет көрсетуге көлік,сауда,тұрмыстық қызмет көрсету,коммуналдық шар/ты жатөызамыз;лдық шар/ты жатөызамыз;3)Бейматериалдық өнд/ке рухани құндылықтарды өндіруді жатқызамыз;4)Беймат/қ қызмет көрсетуге білім,ғылым,мәдениет салаларын жатқызамыз.Қоғамдық өнд/с нәтижесінде қоғамдық өнім алынды,ол өз қозғалысында келесі кезеңдерден өтеді:өндіру,бөлу,айырбастау,тұтыну.Өндіру-материалдық игіліктер мен қызметтер п.болатын бастапқы кезең.Бөлу-қоғамдық өнімнің нарықтық шар/та бөлінуі.Айырбастау-бір өнімдердің басқаларға айырбасың білдіретін процесс.Тұтыну-өнд/с нәтижесін игіліктерді қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдалану.Тұтыну жеке ж/е өнд/тік б.табылады.Жеке адамның жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен игіліктерді тұтынуы.Өнд/тік-жаңа игіліктерді өндіру мақсатымен өнд/с құралдарың тұтыну.
Салықтық жүйе, құру принциптері. Салық кодексі. Тікелей және жанама салықтар. Лаффер қисығы. Мемлекеттің бюджет-салық саясаты.
Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық»ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.Салық кодексі— мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының салық төлеушілермен салықтық қатынастарын реттейтін, мемлекеттің жоғарғы билігі деңгейінде қабылданған заңнамалық нормалардың негізгі жиынтығы
Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:
- заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
- мүлік салығы;
- жер салығы;
- бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;
Жанама салықтар-баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне)қосылатындығында, кіріктілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.
Лаффер қисығы – бұл ұсыныс бойынша экономист Артур Лаффер жасаған, салық ставкалары мен үкіметтер жинайтын салық түсімдерінің арасындағы байланысты көрсету үшін жасаған теориясы. Қисық сызық Лаффердің кейде салық ставкаларын төмендету жалпы салықтық кірісті көбейтуі мүмкін деген дәйегін көрсету үшін қолданылады.