30 билет Ақшаның шығуы, мәні және функциялары. Ақша формаларының эволюциясы. ҚР ұлттық валютасының қалыптасуы.
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Монеталардың пайда болуы – ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады. Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі. Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін. Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді. Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады. Ақша формаларының эволюциясы: тауарлық-ақша, металл, қағаз, несиелік, «электрондық» ақшалар.
Халықаралық сауда және сыртқы сауда саясаты. Әлемдік нарық түсінігі. Еңбекті және елдің бәсекеге қабілеттілігін халықтаралық бөлінуі.
Әлемдік нарық - елдер, оның ішінде әртүрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелерге жататын, бір-бірімен халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуы арқылы байланысқан елдер арасындағы тұрақты тауар-ақша қатынастарының аясы.Халықаралық сауда-саттық1)тауарды толайым сатып алуға ірі тапсырыстарды әлемдік нарықта орналастыру немесе жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету үшін мердігерлерді тарту әдістерінің бәсекелік нысаны, яғни халықаралық нарықта жабдықты сатып алуға берілген тапсырыстарды орналастырудың немесе кешенді объектілерді салу және басқа жұмыстарды орындау, сондай-ақ, инжинирингілік қызметтерді көрсету үшін мердігерлерді тартудың конкурстық нысаны. Оның талаптары күні бұрын жарияланады; түрлі елдердің неғұрлым тиімді жағдайларды ұсынған контрагенттерімен сатып алу-сату мәмілелерін немесе мердігерлік шарттарын жасасу;2)тапсырыскерге тиімді коммерциялық жағдайларды, жұмыстарды орындаудың немесе қызметтер көрсетудің оңтайлы мерзімін қамтамасыз етудің бәсекелесуге қабілетті халықаралық жеткізушілерді немесе мердігерлерді тартуға мүмкіндік беретін жүйесі. Халықаралық саудада келісімшарттардың көбі тендерлер жариялау жолымен Халықаралық сауда-саттық жүргізудің нәтижесінде жасасылады. Айырмашылық мынада: Халықаралық сауда-саттықта мердігер (жеткізуші) көпшіліктің көз алдында таңдалады, тендерді өткізу кезінде қатысушылар шақырылмай таңдалады.
Елдің дамуының нәтижесі келесі көрсеткіштермен сипатталды (ақша түрінде,шартты бірлікте):
- ЖҰӨ -100;
- негізгі капитал амортизациясы- 15;
- үй шаруашылықтарының тауар және қызметтерді иеленуге кеткен шығындары- 60;
- тауар және қызметтердің мемлекеттік сатып алулары- 20;
- таза экспорт-(-4);
- жанама салықтар- 6;
- трансферттік төлемдер- 2,5;
- табысқа салынған табыс-7,5. Табу керек: ТҰӨ, ҰТ.
ТҰӨ=ЖҰӨ-А = 100-15=85;
ҰТ=ТҰӨ-Ж.С. = 85-6=79