1 билет Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары. Экономикалық теорияның функциялары


билет Ақша-несие жүйесі және оның элементтері



бет46/59
Дата20.10.2023
өлшемі0,65 Mb.
#119940
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59
Байланысты:
Otvety OE

32 билет

  1. Ақша-несие жүйесі және оның элементтері. Ақша массасы және ақша агрегаттары.

Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:

  • ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;

  • ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;

  • нақтылы акша тшемейтін төлем айналымын ұйымдастыру;

  • ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.

Елдін ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын, қаржы-несие органдары жүргізеді.
Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды. Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында төмендегідей ақша агрегаттары қолданылады:
Ml агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды камтиды;
М2 агрегаты, ол Ml агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;
МЗ агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақсалымдарын кұрайды;
M4 агрегаты, ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.

  1. Қазақстанның әлемдік экономикадағы қазіргі орны мен рөлі, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі.

2021 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы 2020 жылғы рейтингпен салыстырғанда 7 тармаққа көтеріліп, 35-орынға ие болды.
Экспорттың негізін минералды шикізат, ең алдымен шикі мұнай құрайды. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2021 жылы республикадан мұнай экспорты 67,6 млн тоннаны құрады.Қазақстандық мұнай экспортының 80%-ға жуығы Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы өтеді.
Қазақстан қазірдің өзінде төртінші жыл ДСҰ мүшесі болып табылады және бүгінгі күні ел үшін сауда және қызмет көрсету саласында бірқатар өтпелі кезеңдер жұмыс істейді, осы кезеңнен кейін тұтынушы республиканың сауда ұйымына кіруінің толық әсерін сезіне алады.

  1. Жалпы шығындарды, орташа тұрақты, орташа айнымалы,орташа жалпы және шекті шығындарды есептеңдер;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет