1 билет Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары. Экономикалық теорияның функциялары


Сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасы. Нарықтық тепе-теңдік. Тауардың артықшылығы және тапшылығы нарықтың тепе-теңдігін бұзуы ретінде



бет58/59
Дата20.10.2023
өлшемі0,65 Mb.
#119940
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
Otvety OE

41 билет

  1. Сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасы. Нарықтық тепе-теңдік. Тауардың артықшылығы және тапшылығы нарықтың тепе-теңдігін бұзуы ретінде.

Нарық процесінде баға белгілеуді сұраныс пен ұсыныс заңы басқарады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың қиылысуы олардың тепе-теңдігін көрсетеді. Тепе-теңдік нарықтық баға дегеніміз - нарықта ұсынылған тауарлардың артықшылығы да, кемшілігі де болмайтын баға. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесіндегі баға – рыноктық клиринг немесе тепе-теңдік баға деп аталады.
Тепе – теңдік баға тұтынушыны да, өндірушіні де қанағаттандырады.
Нарықтық баға сұраныс пен ұсыныстың қиылысу нүктесінде белгіленеді.
Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі Е- тепе-теңдік нүктесі болып табылады.
Тепе-теңдік нүктесінде сұраныс пен ұсыныс көлемдері тең болады.
Сұраныс көлемінің ұсыныс көлеміне тең кезіндегі баға тепе-теңдік бағасы болып табылады.
Сұраныстың ұсынысқы тең көлемі тепе-теңдік көлемді көрсетеді.
Нарықтағы сұраныстың ұсынысқа тең болатын жағдайы нарықтық тепе-теңдікті көрсетеді.
Егер де нарықтық баға тепе-теңдік бағаға тең болмаса, онда артық сұраныс немесе артық ұсыныс орын алады, ал осы уақыттағы сатушылар мен сатып алушылардың іс-әрекеті нарықтық бағаны тепе-теңдік бағаға қарай қозғайды.
Егер де сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен жоғары болатын болса, онда тауар тапшылығы қалыптасады. Керісінше сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен төмен болатын болса, онда тауар артықшылығы қалыптасады.
Егер рынокта ұсыныс төмендеп, сұраныс көбейетін болса, онда тауар бағасы көтеріледі.

  1. Инфляция, оның түрлері. Инфляция себептері. Инфляция деңгейі. Инфляцияны есептеу әдістері. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары. Инфляцияға қарсы саясат.

Инфляция — бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет