1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы


Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негізі



бет12/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68
Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негізі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі жалпы дидактиканың теориясына негізделеді. Өйткені дидактика – барлық ғылымды оқыту жөніндегі әдістер жайлы теорияның жиынтығы. Яғни дидактика білім мазмұнының ғылыми негізін, оқыту әдістерін ұйымдастыру формаларын, яғни, нені оқыту, қалай оқыту жайын зерттейді. Демек, дидактика білім мазмұнын анықтау, оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, оқытудың ең тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын табу мәселелерін шешіп отырады. Осы мәселелер жөнінде өзінің принциптерін белгілейді. Дидактикалық принципте, оқу-тәрбие ісінде басшылыққа алынатын педагогикалық қағидада, оқытудың мазмұнына, ұйымдастыру формасына және әдістеріне қойылатын талаптар белгіленеді. Қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде мұғалім дидактикалық принциптер мен методикалық заңдылықтарға сүйенеді. Оқушыларға қазақ тілінен тиянақты білім беруде сүйенетін жалпы дидактикалық принциптер мыналар: ғылыми принцип, жүйелі принцип, көрнекілік принцип, саналылық пен белсенділік принципі, теорияны практикамен байланыстыру принципі, жеңілден ауырға принципі, жеке оқушылардың психологиялық ерекшелігін ескеру принципі. Тілден мәлімет беруде мұғалім бұл принциптерді бір-бірімен ұштастырып отырады.
1) Ғылыми принцип. Қазақ тілінің негізгі салаларын оқыту да ғылыми фактілерге, дәлелдеулерге, ұғымдарға, екінші сөзбен айтқанда, ғылыми принципке негізделеді. Профессор Ә.Исабаев: «Оқушыларға берілетін тілдік мәліметтер төмендегі өлшемге сәйкес болуы қажет:
Меңгерілетін объектінің термині анық болуы қажет, мәселен төртінші және бесінші сынып оқушыларына берілетін және онымен таныстырылатын терминнің аясын аса ғылыми дәрежеде кеңейтіп беруге болмайды: айталық дауысты дыбыстарды – вокализм деп, дауыссыз дыбыстарды – консонантизм деп түсіндіруге келмейді. Сондай-ақ қосынды дауыстыларды – дифтонгит деп түсіндіруге болмайды. Сондықтан да қазақ тілінен нақтылы білім беруде, сол сынып деңгейіне ғана сиятын терминдерді ғана пайдалануға болады», - дейді.
Сонымен қатар меңгерілетін тақырыптарды өзіндік белгілерінің, анықтамалар мен ережелерінің, берілетін практикалық дағдылардың дәл, анық болуы мектеп оқушыларының тілдік материалды жан-жақты түсінуіне септігін тигізеді. Сөйтіп, қазақ тілін оқыту барысында оқытушы берілетін білімнің (тақырыптың) ғылыми жағына, оның зерттелуі, тарихи даму ерекшелігі, ғылыми фактілер, анықтамалар, терминдерді оқушылардың жас ерекшелігіне қарай түсінікті айту арқылы жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет