1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы



бет13/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68
Байланысты:
GOS AUYZShA

2) Жүйелі принцип. Қазақ тілін оқытуда оқытушының бірінші басшылыққа алатыны - әр сыныптың жас ерекшелігіне байланысты білім көлемінің бір жүйеде берілуі. Бағдарламада берілген материалдың орналасу жүйесі бастауыш сыныпта, орта және жоғарғы сыныпта көрсетілген. Берілген материалдар сабақтаса отырып, толықтырылып, кеңейтіліп, сатыдан сатыға өткен сайын тереңдеп ғылыми жағынан байып отырады. Мысалы: 6-сыныпта «Зат есім» тақырыбы бойынша алдымен анықтамасы, сұрақтары, мағыналары, түрлері оқытылса 7-сыныпта «Зат есімнің түрленуі» тақырыбымен толықтырылады. Яғни, зат есімнің көптелуі, тәуелденуі, септелуі, жіктелуімен сабақтастырылады. Бағдарламада көрсетілген тәртіптелген өзара байланысты білім жүйесі ғана жас ұрпаққа іс жүзінде пайда келтіріп, әрі қарай білімді терең игеру жүйесіне түседі. К.Д.Ушинский: «Тек жүйе ғана бізге өзіміздің білімімізді бақылауымызға толық билік береді. Үздік-үздік өзара байланыссыз білімге толы бас, ішінде барлық заттары шашылып жатқан, онан қожасының өзі де ештеңе таба алмайтын қоймаға ұқсайды, ішінде білімсіз жүйесі ғана бар бас, барлық жәшіктеріңде жазуы бар, ал жәшіктері қаңырап бос жатқан дүниеге ұқсас». /К.Д.Ушинский: «О преподавании русского языка. Соч. 5, М.: Изд-во, АПН РСФСР, 1949, ст. 355/. К.Д.Ушинский жүйелілік қана өз білімімізді толық меңгеруімізге мүмкіндік береді деп санаған. Бірімен-бірі байланыспаған әр түрлі мәліметтердің үзінділері түріндегі білімнен адам өзіне керегін тез таба да, пайдалана алмайды деген болатын. Сондықтан оқушыға оқытылуға тиісті тілдік мәліметтер әбден ойластырылған, тілдің табиғатына сай, олардың бір-бірімен байланыстылығының негізінде берілуі керек.
Жүйелілік принципі жаңа материалды түсіндіруде, білім мен дағдыларды бекітуде, біріккен сабақ құрылымында, білім мен дағдыларды тексеруде, пысықтау мен қайталауда, үй тапсырмасын беруде және оны тексеріп, еске түсіруде іске асырылады.
3) Көрнекілік принципі. Көрнекілік принципі пәнді оқыту ісінде өте маңызды орын алады, тілді оқытуда ерекше қызмет атқарады.
К.Д.Ушинский таныс емес бес сөзді қаншама қайталап қиналатын оқушы сурет арқылы көрсетілген жиырма сөзді лезде үйреніп алады деп бекер айтпаған. Он рет айтқаннан бір рет нақтылы көрсеткеннің пайдалы екеніне ешкім де таласпайды. Сондықтан мұғалім қазақ тілі сабағында көрнекілікті өте ұтымды қолдануы қажет.
Көрнекілік принципі оқушылардың қазақ тілінен берілген білімді көрнекілік арқылы оқытуға бағыт береді. Ең алғаш оқытудағы көрнекілік туралы айтып, құнды пікір қалдырған Я.А.Коменский болатын. Оның көрнекілік туралы айтқан "Алтын ережесінде": "...бала сезімі қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін туғыза білдірген жөн: көруге болатынды көзге көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты, жұмсақтығын, т.б. байқасын..." - деген болатын /Я.А.Коменский. "Ұлы дидактика"/. Оқушы казақ тілінен берілген білімді /схема, таблица, плакат, сурет т.б./ көріп қана қоймайды, арнаулы сұрақтарға жауап іздеп, ең маңызды қасиеттерін білуге ұмтылады. Көрнекіліктің түрлері көп. Әр тақырыптың ыңғайына қарай көрнекілікті таңдауға болады. Көрнекіліктің түрлерін педагогиканың дидактика тарауында көрсеткен.
1. Жаратылыс көрнекілігі. Оқушыларды табиғатқа экскурсияға апару арқылы шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жаздыру;
2. Көлемдік көрнекілік: фото, суреттер, картиналар, диафильм, диапозитив, кинодан фрагмент, т.б. көрсету арқылы тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыру.
3. Дыбыстық көрнекілік: күйтабақ, грампластинка, магнитофон, үзінді оқып, талдату.
4. Графикалық символдық көрнекілік: картина, схема, таблица, диаграммалар.
Қазақ тілі сабағына тақырыптың ыңғайына қарай, жоғарыда айтылған қажетті көрнекілік таңдалады.
Көрнекі құралдар оқушыны қызықтыру қызметін де атқарады. Ол оқушы зейінін ұйымдастыруда да маңызды. Сонымен бірге әрі көру, әрі есту, әрі ойлау сияқты бірнеше сезіну түрлерінің қатысы тілдік мәліметтің ұзақ сақталуына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет