1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы


САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ



бет57/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68
САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ.Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өзара белгілі мағыналық қарым-қатынаста айтылады. Араларында мағыналық қарым-қатынас болмаса, жай сөйлемдер бір-бірімен кұрмаласпас та еді. Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қатынасы әр түрлі болады. Бірде екі жай сөйлемдегі ой мезгілдес, ыңғайлас болып, белгілі ортақ касиеттері арқылы құрмаласса, енді бірде бір жай сөйлем білдіретін ойға екінші сөйлемдегі ой қарама-қарсы мәнде айтыла-ды. Келесі бірде жай сөйлемнің бірі екіншісіндегі берілген ойдың болу себебін не салдарын білдіреді, енді бірде бірі екіншіде айтылған ойдың мазмұнын аша түседі, басқа бірде екі сөйлем білдіретін ойдың біреуі ғана жүзеге асатындығына болжам жасауды білдіреді, енді бірде жай сөйлемдер білдіретін ой кезектесіп жүзеге асатындығы байқалады. Міне құрамына енген жай сөйлемдердің өз ара бір-бірімен осы сияқты мағыналық қарым-қатынаста жұмсалуына қарай салалас құрмалас сөйлем мынандай алты түрге бөлінеді: ыңғайлас салалас, қарсылықты салалас, себеп-салдар салалас, іліктес салалас, талғаулы салалас және кезектес салалас.


2. М.Әуезовтің “Абай жолы” роман-эпопеясындағы образдар жүйесі, қоғамдық өмір.
Роман-эпопеяның басты тұлғасы – Абай. Эпопеядағы орталық тұлға, типтік характер — Абай. Ол —халықтың, рухани адамгершілік келбетін елестете алатын бейне. Абай сөзімен ісі соншалық нақты, әрбірмен халық қамын терең толғайтын үлкен ойшыл,көрінеді. Абайдың, көркем бейнесін жасауға ақынның өз өлеңдерінің көпкөмегі болғанын жазушы ризалықпен еске алады. Суреткер ұлы ақынның,шығармаларын туғызған жағдай мен себептер табиғатына терең бойлау арқылы оның өмір жолына қанығады. Абай халық қиялында қаншалықсатыда тұрса, роман оның, көркем бейнесін соншалық жоғары деңгейдеАдамдардың арақатынасы ғана емес-ау, тіпті табиғат құбылыстарының өзін Абайкөзқарасы айқын танылады. Шала молдалардың халық қамымен ісі жоқтығы, өз құлқынын ғана көздейтін, елдің мәдени дамуына тосқауылекені нанымды әшкереленген.«Абай жолының» төртінші кітабындағы ең шырқау, шоқтықты 19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақ өмірінің бұл төрт кітаптан тыс2.2. Абай және кедей жатақтар. Б«Абай жолында» еңбекшіл халық өкілдерінің жарқын бейнелері бар. Бұлардың іс-әрекетін, үміт-арманын, қоғамдағы орнын көрсету — романда жетекші сарындардың бірі. Қарапайым халықтың қайнаған ортасын таныстыру, мұңы мен сырын сездіру, жүрек түкпіріндегі тілек-талабын айтуэпопеяның бір жарқын сипаты. Халықтың шынайы өкілдері Дәркембай мен Базаралы тұлғалары неғұрлым толыққанды бейнелер қатарына жатады. Абайдың халықпен тығыз байланысы осы секілді адамдармен тілектес, пікірлес болуынан да айқын көрініс береді. «Абай жолында»көтерілген тақырыптың бірі өнер адамдарының тағдыры, өнердің қоғамдыққызмет, мұратын көрсету мәселесі. Жасында Барлас, Шөже секілді ақындардың өткір шыншыл сөздеріне, тапқырлығына, батылдығына қатты қызығып, өшпес тағылым алған Абайдың солардың дәстүрін құрметөткен шығарманың көп тарауларында жанды көрініс береді. Кейіннен орыс әдебиетінің асыл үлгілерін оқып, еркін нәрленген кезде Абайдың сөзқоғамдағы орны мен міндеті туралы түсінігі тереңдей түседі. Олшығармаларында ақын-суреткердің алдына қойылатын биік талаптарды мүлде жаңаша көтерді. Халықтың мұңын шақпағын, үмітін айтпаған, шындықты көрсетпеген өнер тұл деп білді. Осы саладағы көпболашақ өнерлі жастар орындар деп сенді. Романда Абай үлгісіменжолын құрған жастардың қызықты бейнелері жасалған. Бұл қатарда, Әбіш,Дәрмен, Мағаш, Кәкітай, Мұхаметжан тұлғалары көзге түседі. Дарынды ақын Дәрмен Абай дәстүрін дамытып, қатал заманның қайырымсыз билерін әшкерелейтін, жастардың бас бостандығын мадақ ететін дастан жазады. Абайдың балалары Мағаш пен Әбіш те халықтың перзентіталаптанған ақылды, тәрбиелі, талантты жастар тобында шоқтықтанып көрінеді. Олар - орыстың демократиялық мәдениетін ұлт тұтқан, халқынақызмет етуді мұрат еткен жастар. Әбіштің де, Мағаштың даақтарлықтай жақсы қасиеттері ашылған.Әбіш бейнесі романның соңғы кітабында көп толысып, нақтылы істер үстінде көрінеді. Әсіресе, олмен Дәрменді озбыр күштердің ұлы тырнағынан айыруға көп күш,жұмсайды. Әкенің жақсы тағылымын санасына сіңірген Әбіш өзі деүшін қандай қиын сайысқа да тайсалмай шығатынын байқатады. Мәкенқыздың дауы кезінде қорқытпақ болған Оразбайға ол: «Мен пәлеБірақ, пәле тудырам деушімін алысуға шықтым. Біліп қойыңыз, ардан,аяныштан аттаған жыртқыш жауыз болса, оған қарсы мен деаламын. Аянбастан, өкінбестен алыса білемін» деп жігерліЖалпы XIX ғасырдың соңғы елу жылындағы қазақ өмірінің көркемДәркембай - кедей. Малы жоқтың халі жоқ, соры көп,Ал, Базаралының үстемдермен сілкісуі, қалың бұқараның қанаушыларына қарсы күш2.3.Эпопеядағы Құнанбай характері.Құнанбай тұлғасының жасалу шеберлігі бүкіл дүниежүзілік әдебиет тарихында сирекҚұнанбай - тек өзі билеп отырған қазақ сахарасын ғанаЕндігі бір орайда Құнанбай атақты ру басыларды жинап алып,отырған жерінде көрінеді. «Түсі суық, Қарасұр жүзіне бозғылданып түгі шығып алыпты. Жалғыз өзі ұзақ сөйлеп отыр. Зор даусындаКейде Абайға қызық көрінетін бір мақалдар, мәтелдер айтылып кетеді».жерін тартып алу.Құнанбайдың ру жағынан Қодарға жақынырақ Сүйіндікке қаратажан берейік. Ақтайық. Ақыретте айыбын өз мойнымызға алайық. Бірақ,менің екі бірдей жаным жоқ. Майысар болсаң, жаныңды да Беремісің жаныңды», - деп қадалады ол Сүйіндікке. Құнанбайдың,алғыр сөздері, көздеген нысанасына жетпей тынбайтын табандылығы қаншама қырғын таластың себепшісі болады. Үстем тап қауымының өкілінетән жалпы озбырлық. Құнанбайдың жеке басының, ерекшелігімен ұштаса келіп, нанымды сурет болып шығады.Өз дәуірінің ел билеушілік айла-амалын толық білетін, сөзге жүйрік,қарсыластарының шама-шарқын есептеп, дегеніне жетіп үйренген Құнанбайдың кедей Қодарды шариғат «атымен» айыптап жазалатуы, ол үкімді елдегі ру атқамінерлердің атынан шығаруы, ақырында талай қоныс,жайылымдарды тартып алуы оның ерекше қаталдығын айқындайды. Оның бейнесінен сахарадағы елді емін-еркін билеп-төстеп үйренген үстем тап өкілдерінің жиынтық, типтік белгілері танылады.


3. Әдебиет сабағы бойынша сыныптан тыс атқаратын жұмыстың түрлері.
Оқу бағдарламасында сыныптан тыс оқылатын әдебиеттер тізімі,әр сыныпқа нақтылы сағаттар саны көрсетілген.Бүған қатып қалған нәрсе деп қарауға болмайды. Мұғалім өз қалауы бойынша ішінара оны өзгертіп, керекті деген шығармаларды өз қалауымен ұсына алады. Мысалы,5-сыныпта Ыбырайдың«Бай баласы мен жарлы баласы»әңгімесі оқуға,талдауға ұсынылады.Ол әңгімені оқып болған соң, оның «Бақша ағаштары», «Мейірімді бала», «талаптың пайдасы», «Әкесі мен баласы» атты әр түрлі тақырыпта жазылған әңгімелерін сыныптан тыс оқу сабағында талқылауға болады. Сыныптан тыс оқуды жоспарлағанда, мына мәселелерді негізге алудың да тиімділігі бар. Мысалы, 5- сыныпта М. Әуезовтің «Әжемнің әңгімесін» өткеннен кейін, Ана тақырыбына жазылған Ғ.Мүсіреповтің «Ана кесімі айнымайды», «Ананың арашасы» әңгімелерін оқыту дұрыс.
Бағдарламада «Әжемнің әңгімесінен» кейін Ғ.Мүсіреповтің «Жаңа достары» тұр, онда да Қайраттың анасы сөз болады. Жүйелілік, үндестік, байланыс – сыныптан тыс оқу сабақтарына да басшылыққа алатын маңызды оқу принциптері. Тақырып үндестігі ғана емес, жанрын негізге алу да маңызды. Халық ертегілерінен кейін әдеби ертегілерге орын беру, лирикалық шығармалардан кейін оны жалғастырып, басқа тақырыптағы басқа автордың лирикалық шығармаларын оқыту – сыныптан тыс оқу сабақтарын ұйымдастырудың келесі мәселелерінің бірі.
Сыныптан тыс оқу сабақтарын өту әдістемесіне ерекше назар аудару керек. Оны әдебиеттегі сабақтарынан мүмкіндігіне қарай басқаша ойластырып өткізген жөн. Сабақ бойы сұрақ беріп мазалау, талап ету сияқты таптаурын әдістерден қашқан жөн.
Әсіресе, 5-8 –сыныптарға арналған сабақтан тыс оқу сабақтары қызықты, оқушыларды тартатындай, жалықтырмайтындай болып жоспарлануы, өтуі керек. Бір ізбен өтетін сабақтардан оқушылар жалығады, ал оның зияны ұшан-теңіз, себебі ондай сабақтар баланың кітапқа деген қызығушылығын тежейді, жояды. 5-8 сыныптардағы сабақтан тыс оқудың ең басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген ынтасы, қызығушылығын арттыру, оқырмандар әзірлеу. Концерт сабақ, әдеби ойын сабақтары, жарыс сабағы, жәрмңке сабақ, композициялық сабақ, инсценировкалық сабақ, сабақ-викторина, саяхат сбағы, «Бізде ертегі кейіпкерлері қонақта» атты кездесу сабағы немесе «Алақай, Тазша баланың ертегісін тыңдаймыз!» атты әңгіме сабақтары, т.б. сабақ түрлері сабақты әрлендіріп, балаларды көңілдендіріп жіберетіні сөзсіз.
Неше түрлі безендірме суреттерге (әсіресе, ертегі, мысалдарды оқытқанда) орын беру, музыкаға көңіл қою, түрлі бетперде, сұлбаны пайдаланудың маңызы зор.
Төменде сабақтан тыс уақытта оқуды қалай ұйымдастыруға болады, соның үлгісі ұсынылып отыр (5 – сынып)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет