1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы


ҚАРСЫЛЫҚТЫ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС



бет60/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68
Байланысты:
GOS AUYZShA

4.ҚАРСЫЛЫҚТЫ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС. Басыңқы сөйлем білдіретін ой бағыныңқыда айтылған ойға немесе бағыныңқыдағы ой басыңқыдағы ойға қарсы қойыла айтылатын сабак,тастықтық түрін қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Қарсылықты бағыныңқылы сөйлем қайтсе де? не істесе де? қайткенмен? не еткенмен? қайтпесе? деген сұрақтарға жауап береді.
Қарсылықты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:
а) шартты райлы етістікке да, де шылауы тіркесінен болады: Мен қанша тесіле қарасам да, Маржан менің сағынышымды көктем хабаршысындай көре алмады. (Ә. Тауасаров).
ә) болымсыз тұлғадағы етістіктің шартты райынан болады: Мотор үні өшті демесең, екпіні басылмаған винт ақырьйі ғана айналып тұр (Ә. Әлімжанов).
б) көмектес септік тұлғасындағы есімшеден болады: Бұл атыраптың күні ыстық болғанмен, түні салқын (3. Қабдолов).
в) -ша, -ше тұлғалы есімшеден болады: Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл (мақал).
г) көсемше тұлғалы күрделі етістіктен болып, көмекші етістік тұра, тұрып сөзі болады: Патша қатесін мойнына алып кешірім сұрағанын біле тұрып, Рүстем батыр қаһарлы райынан қайтпады (М. Қаратаев).
ғ) шығыс септік тұлғасындағы болымсыз есімше түрінен болады: Алексей Мересьев аяқтары үсігеніне немесе мылжаланғанына қарамастан, орман мен балшықты аралап күндіз-түні еңбектеді (Б. Полевой).
5.СЕБЕП БАҒЫНЫҢҚЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС. Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемде айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Себеп бағыныңқылы сөйлем неліктен? не себепті? неге? не деп? деген сұрақтарға жауап береді.
Себеп бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:
а) -дықтан, -діктен қосымшасы үстелген есімшеден жасалады: Артиллерия дайындығы жеткілксіз болғандықтан, жаудың атыс қарулары жанды қимылдап, бет қаратпады (С. Бақбергенов).
ә) есімше тұлғалы етістікке соқ шылауы тіркесінен жасалады: Балуан аяңға көшкен соң, қалғандары да тақым суыта бастады («Қазақ әдебиеті»).
б) болымсыз етістіктің көсемше тұлғасынан болады: Ол өзін-өзі тоқтата алмай, мәуені тағы да жеуге кірісті. (Б. Полевой).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет