Лепті сөйлемнің жасалу жолдары: 1) сөйлемнің етістік формалары арқылы. Мысалы, Көзі мұндай өткір болар ма!
2) сөйлем -ақ, -ау, ғой, -ай шылауларының қатысуымен жасалады. Мысалы, Балам, қонақтарға бір күй тартып бере ғой! Қарағым-ай, қатты тоңып қалыпсың-ау!
3) көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады. Мысалы, Пай-пай, дауыс деп осыны айт! Уһ, жеттім ғой ақыры!
4) Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.
Біреуге бұйыру не талап ету мақсатында айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады. Бұйрықты сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) біреуге бұйыру, талап ету мақсатында айтылады;
2) бұйрықты сөйлем етістіктің бұйрық райының 2, 3-жағында айтылады;
3) бұйрық не шартты райға -шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалады;
4) бұйрықты сөйлемнен соң нүкте немесе леп белгісі қойылады.
2. Сұлтанмахмұт Торайғыров. Шығармашылық өмірбаяны. “Адасқан өмір” поэмасы, тақырыбы. Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Баянауыл ауданында малшы отбасында дүниеге келген. Әкесі-Әубәкір кедей болған, бірақ хат таныған адам. Бір жасында анадан айырылып, жетімдікті көріп өседі. Қуанышсыз балалық шақ, жартылай аш өмір — осының бәрін Сұлтанмахмұт басынан өткерді. Хат тануды ол әкесінен, кейін (1902-1907) молдадан үйренді. Сұлтанмахмұттың "Қамар сұлу" (1914), "Кім жазықты?" (1915) романдары қазақ әдебиетінің даму тарихынан елеулі орын алады. Сұлтанмахмұт әлеуметтік-саяси лирикаға бір жақтылық сипат берді. «Тағдыр», «Айт», «Кедей», «Оқудағы мақсат не?» және т.б. өлеңдері қоғамдық тәртіпсіздікке қарсылығымен ерекшеленеді.Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасы 1918 жылдың аяқ кезінде жазылған. «Адасқан өмір» поэмасының негізгі сарыны – қоғамдағы әділетсіздіктің, теңсіздіктің себептерін ашу және теңдік жолын іздеуге талпыну. Сұлтанмахмұт бұл поэмасында жалпы қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздіктің шеңберінен шығып, бүкіл капиталистік қоғамға тән әділетсіздік жайын толғайды. Азғындап бара жатқан қоғамның белгілерін танып, адам баласының теңдікке жетуін, өз еңбегімен күн көретін, өз өнерін халық игілігі жолына жұмсайтын кезін – бақытты өмірді аңсайды. «Адасқан өмір» поэмасы бес бөлімнен тұрады. Бұлардың бірі – адамның сәби шағын, екіншісі – жігіт шағын, үшіншісі – ұлғайған, тоқтаған кезін, төртіншісі – кәрілік кезін, бесіншісі – өлген мезгілін суреттейді. Адам өмірінің барлық кезеңін қамту арқылы ақын өзі өмір сүрген қоғамның шынайы бет-бейнесін танытады. Поэма лирикалық кейіпкердің атынан баяндалады. Лирикалық кейіпкер арқылы бұл өмірдегі әділдік пен әділетсіздіктің жауабын іздей отырып, философиялық ой түйеді. Адам өмірі жамандық атаулыдан бейхабар кіршіксіз таза сәбиліктен басталады. Сәби шақта алдау, арбау, қайғы, дос, қас, бай, кедей, күшті, әлсіз дегендердің ешқайсысын білмейді. Оның көзқарасын қалыптастырып, өмірге бейімдейтін орта – қоғам шындығы. Поэманың лирикалық кейіпкері жігіт болып ес жиған кезде өз ортасынан ыңғайлы кәсіп, өз мақсаты мен халық мүддесін қабыстыратын пайдалы еңбек жолын таба алмайды. Ол бай болуды да, әскер басы, ғалым болуды да таңдап, байқап көреді. Бірақ капиталистік қоғам жағдайында осының ешқайсысынан да өз басына қажет азаттық пен әділетті таппайды. Лирикалық кейіпкердің соңғы арманы – ғалым болу. Ол адам өмірі ұзақ болса, жастықтың құпиясын ашсам деп армандайды. Бірақ ол адамды адам қанайтын қоғамда ғылымның табысы халық игілігіне аспайтынын байқап, одан да безіп шығады. Лирикалық кейіпкер «негізгі іс» – әділдік іздеуге тоқталады. Бұған Сұлтанмахмұт «ар азығын» күшейту үшін ғылым мен білімді таратуды, елді ағартуды өзінің мақсат-мұраты деп жауап береді. Поэманың соңғы бөлімдерінде («Мен тоқтадым», «Мен кәрі», «Мен өлік») ақын адам өмірінің осы кезеңдердегі ерекшеліктеріне, өмір ағымындағы орнына көңіл бөледі. Поэманың бұл бөлімдерінде Сұлтанмахмұт адамның қоғамнан «қартаймайтын, өлмейтін орын табуын» сөз етеді. Бұл адамның ғұмырын мағыналы кешуі, келешекке пайдалы іспен мұра қалдыру деген сөз. Ақын осы негізде қоғам мен адам арасындағы қайшылықты терең ашады. «Мен тоқтадым» деген бөлімінде адам өмірінің сан алуан тосқауылына жауап – әділет деп нақты қорытады. Жалпы алғанда, «Адасқан өмір» – ескі құрылыс жағдайында іздеген бақытын таппаған адамның трагедиялық күйін шебер суреттеген, жарқын болашақтың қалай қалыптасу қажеттігін ашып көрсеткен мағыналы туынды. Ақын осы орайда адам өмірінің адасушылық себептерін, оның өмір сүріп отырған қоғамымен бітіспес қайшылыққа ұшырасуын ерекше ұтымдылықпен суреттейді. Романның көркемдік жүйесі де реализмге негізделген. Автор шығарманы оқиға мен тартысқа құрып, сол дәуірдің сырын, оның адамдарын тәп-тәуір суреттейді.
3. Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндеттері. Пунктуациялық қателер және оларды болдырмау әдістемесі. Қазақ пунктуациясы — қазақ тыныс белгілері жөніндегі ережелердіц жиынтығы. Ол — тыныс белгілерінің түрлерін және олардың әрқайсысының қызметін қарас- тырады. Қазақ пунктуациясы да орыс халқының пунктуация сы сияқты грамматикаға, мағынаға және интонацияға негізделеді екінші сөзбен айтқанда, сөйлемнің грамма тикалық қүрылысына, мағынасына, интонациясына қарап қойылады. Қазақ пунктуациясының негізгі қызметі — тілдің ішкі заңдылықтарына сүйеніп, сөйлеуді (речь) сөйлемдерге, сөйлемдерді белгілі бір бәліктерге бөліп, ажыратып жазу және оларды дұрыс, мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуға, сонымен бірге жазылған ойды я оның бөлшектерін дұрыс түсінуге мүмкіндік жасау. Қазақ тыныс белгілері осындай қызметті атқарып та келеді. Мәселен, нұкте сөйлеуді сөйлемдерге саралайды да, аяқталған жай немесе күрделі ойды білдіреді. Егер бір тексті алып, төмендегідей ара жігін ажырат- пай жазсақ, оқушылар оны оқығанда, қатты қиналар еді, тіпті оның мағынасына да түсінбей қалуы ықтимал:
Күн салбырап сңкейген кузге салымғы жылы күн азырак, салқын тартқан орман ағаіитарының сарғайған және қызарған жапырақтары еңкейген қызыл күннің қулпы- рып шашыраған алтын шуғыласымен шағыласады ма- ңайда Хамиттан басқа адам жоқ (С. Сейфуллин.) Ал осы тексті Сәкенше терт сөйлем етіп, араларына тыныс белгілерін койып төмендегіше жазсақ, ол тексті де, ондағы сөйлемдерді де оқушылар қпналмай, мәнерлеп, дұрыс оқи алады және эр сөйлемнің мағынасына саналы түсінеді, өйткені тыныс белгілерінің сөйлемдерді, олардың мағынасын саналы түсінуге жәрдемі тиеді: Күн салбырап еңкейген. Кузге салымғы жылы күн азырақ салқын тартқан. Орман ағаштарының сарғайған және қызарған жапырақтары еңкейген қызыл күннің қулпырып шашыраған алтын шуғыласымен шағылысады. Маңайда Хамиттан басқа адам жоқ. (С. Сейфуллин.). Үтір құрмалас сөйлемнің бөліктерінің, сонымен бірге бірыңғай сөйлем мүшелерінің арасына қойылады. Сол арқылы ол құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдерін және бірыңғай сөйлем мүшелерін іштей ажыратады да, олар дың арасына кідіріс жасап (пауза қойып) оқу керектілігін аңгартады. Егер біз үтірдің қызметін елемей, сөйлемді іштей ажыратыи жазбасак, оны дұрыс оқи алмас едік, әрі жазушының айтайын деген ойын өз мәнінде түсінбе- ген де болар едік. Мысалы, Біздің қазақтың достыгы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қактырмай отырғанымыз. Үш миллионная халқы артық дүниеде бір кала да бар, дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген кісі то- лып жатыр1 деген Абай сөздеріндегі бірыңгай мүшелер мен сөйлем компонентінен кейін үтір қоймасақ, акын жазғанын дұрыс оқуға, ақын ойын дұрыс түсінуге нұксан келер еді. Үтір сияқты нүктелі үтір, кос нүкте белгілері де сөйлемдердің ішкі бөліктерін және олардың бір-бірімен байланыстылығын көрсетеді.Сонымен, бұл келтірілген фактілер қазақ тыныс бел- гіяерінің сөйлемнің грамматикалық кұрылысына қарап қойылатынын дәлелдейді және проф. С. И. Абакумовтың пунктуаңияның негізгі қызметі жайындағы пікірінің дүрыстығына айғақ болады: Мәселен, Мен өзім тірі бол- сам да, анық тірі де емеспін, эншейін осылардың ызасы- нан б а? Өзіме өзім ыза болғанымнан б а? Бір бөтен себеп- тен бе? (Абай) деген сөйлемдерде сұрақ белгілері сол сөйлемдердің ара жігін ғана ашып тұрған жоқ, сонымен бірге олардың сұраулық мағынаны білдіретінін байқата- ды. Осы сияқты леп белгісі сөйлемнің аяқталған ойды білдіретінін және ол сөйлемнің леп мағынасы барын аң- ғартады. Ал құрмалас сөйлемнің арасына қойылатын кос нұкте оның жалғаулықсыз себепті Салалас немесе іліктес салалас екенін, көп нұкте сөйлемде айтылуға тиісті ойдың аяқталмай қалғанын білдіреді. Бұл тәрізді фактілер қазақ пунктуациясының сөйлемнің мағынасына карай та қойылатынын айқындайды. Қазақ тыныс белгілері сөйлемнің интонациясына қарап (негізделіп) та қойылады. Мәселен, соңына нұкте қойылған сөйлем еш уақытта көтеріңкі дауыспен (интонациямен) оқылмайды. Керісінше» сұраулы, лепті сөйлемдерді оқығанда, дауыс көтеріңкі айтылады. Ал тек қана интонация арқылы жасалынатын сұраулы сөйлемер (Ертеңнен бастап практикада боласыңдар). — Ертеңнен бастап? дегендегі Ертеңнен бастап? де ген сияқты сөйлемнің пунктуациясы интонациясына қарап қойылатынын байқатады және оған дәлел бола алады. Бастауыштан соң қойылатын сызықша да пунктуация- ның интонаңияға сүйенетінін аңғарта алатын тәрізді. Мысалы, Ол — елден келді деген сөйлемде ол сөзінен соң сызықша қойып жазсақ, біреудің (бір кісінің) елден келгенін білеміз. Мұндай жағдайда ол сөзі сөйлемде бас тауыш қызметін атқарады да, к і м? сұрауына жауап болады. Сөйлемді оқығанда, ол сөзінен кейін пауза жа-салынады, ол сөзі ерекше интонаңиямен айтылады. Егер сол сөйлемдегі ол сілтеу есімдігінен кейін сызықша қойылып жазылмаса, сөйлемді оқығанда, ол сөзі ерекше интонациямен айтылмайды, ол сөзінен кейін пауза жасалынбайды. Мұндай жағдайда сөйлемдегі ой біреудің сөй- леушіге я жазушыға ғана белгілі бір елден келгені жай- лы айтылады және ол сөзі бұл сөйлемде к а й? сұрауына жауап болып, анықтауыш қызметін атқарады. Бұл да кейбір жағдайда қазақ пунктуациясының интонацияға негізделетінін және сөйлемдегі сөздерді өз интонациясы- мен оқуға көрсеткіш бола алатынын байқатады. Сөйтсе де қазақ пунктуациясы тек қана интонация мен паузаға байланысты деп қарауға да, түсінуге де болмайды. Себе бі тілімізде ерекше интонациямен айтылатын сөздерден соң ешбір тыныс белгісі қойылмай жазылатын сөйлемдер де бар. Бұлардың қатарына үйірлі мүшелі сөйлемдерді және шылаумен байланысқан ыңғайлас салалас сөйлем дерді атауға болады. Үйірлі бастауышты сөйлемде (Әкесі шаңғы әаерген бала тым қуанышты. Бұл сөйлем дегі үйірлі бастауыш — әкесі шаңғы әперген бала) инто нация үйірлі бастауышқа түсіп, үйірлі бастауыштан соң пауза қойылып айтылады, ал жазғанда, одан кейін ешбір тыныс белгісін қоймай жазамыз. Осы сияқты үйірлі анықтауышты, үйірлі толықтауышты, үйірлі пысық- тауышты еөйлемдерде интонация сол мүшелерге түсіп айтылғанымен, жазғанда, олардан соң ешбір тыныс бел гісі қойылмайды. Өлеңді еөйлемдерде инверсия жасалатындықтан, кей бір синтагмадан кейін пауза қойылып айтылады. Ал жазғанда, пауза жасалған сөздерден кейін немесе ерекше интонациямен айтылған сөздерден соң ешбір тыныс бел гісі қойылмай жазылады. Міне, мұндай тілдік фактілер пунктуация мен инто- нацияның жаратылысыңың және атқаратын қызметінің бір еместігін дәлелдейді. Пунктуация жазу мәдениетін көтерсе, интонация оқу, сөйлеу мәдениетін арттырады; пунктуация жазу арқылы ой білдірудің құралы болса, интонация — ауызекі тілде ой білдірудің құралы. Пунк туация мен интонацияның осындай ерекшелігін алғаш көрсеткен проф. С. И. Абакумов былай деп жазған еді: «Интонация и пунктуация — это как бы две сестры, до чери одного и того же отца — смысла речи. Но надо ска зать, что эти два равноправных средства выражения не равнозначны Ескере кететін бір жай: жалпы қазақ пунктуаңиясы мағынаға, грамматикаға және интонацияға негізделетінін талаесыз мойындап және сол пікірді көптеген тілдік фактілермен дәлелдегенімізбен, белгілі бір тыныс белгісі тек қана грамматикаға, мағынаға, жалаң интонация мен паузаға негізделіп қойылады деген тоқтамнан тыспыз. Рас, белгілі бір тыныс белгісінің грамматикаға я мағы наға, яки интонацияға, әйтеуір осы үшеуініц біреуін ба- сымырақ таяныш етіп барып жазылуы ықтимал. Алайда соның өзі аздап болса да басқалармен байланысты бол- май тұра алмайды. Мәселен, сызықша интонацияға негіз- деле қойылады дегенімізбен, оның грамматикамен тығыз байланыстылығын жоққа шығара алмаймыз. Өйткені сөйлемде ерекше интонациямен айтылған сөзден соң тал- ғаусыз сызықша қоя бермейміз: тек қана белгілі бір грамматиканың заңдылығына (ережелеріне) сүйеніп қана сәйлемдегі белгілі бір сөзден кейін я алдынан сызық ша қойып жазамыз. Олай болса, жоғарыда белгілі бір тыныс белгілері грамматикаға негізделіп жазылады ле генде, олардың мағына мен интонацияға ешбір қатысы, байланысы жоқ деген ұғым тумасқа тиіс. Керісінше, бел гілі бір тыныс белгісі интонацияға негізделеді дегенде, оны мағына мен грамматикадан тыс деп қарамағанымыз жөн. Мұның өзі тыныс белгілерін қоюда диалектикалық заддылықтың басшылыкқа алынатынын дәлелдейді. Г Қорыта айтқанда, қазақ пунктуаңиясы магынаға, грамматикаға және ішінара интонацияға негізделеді. Бұл жағдайда қазақ тыныс белгілерінің бір мағынаны білдіруіне және белгілі бір қызмет атқаруына тірек бола алады. Қазақ пунктуациясының қызметін сөз ету дегеніміз — казак тілінде қандай тыныс белгілерінің барын, олардың қандай мағына білдіретінін және колданылуын баяндау.
24-билет.1. Жай сөйлемнің типтік-құрылымдық түрлері: жақты, жақсыз сөйлемдер; жалаң, жайылма сөйлемдер; толымды, толымсыз сөйлемдер; атаулы сөйлем. Жай сөйлем құрамы мен кұрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде түрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң және жайылма сөйлем болып бөлінеді. Тұрлаусыз мүшелері жоқ, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалан, сөйлем дейді де, тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейді.Мысалы: Олжабек сасыңқырап қалды. Олжабек үндемеді. Бұлар баяғы жалқау жігіттің иегінің астында келеді (Мұст.) деген үш сөйлемнің алдыңғы екеуі тек бастауыш пен баяндауыштан құралған: Кім сасыңқырап қалды?— Олжабек — бастауыш, Олжабек не істеді? (қайтті?) сасыңқырап қалды — күрделі баяндауыш; кім үндемеді?— Олжабек — бастауыш. Олжабек не істеді?— үндемеді — баяндауыш. Бұлар — жалаң сөйлемдер. Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты және жақсыз сөйлем болып бөлінеді. Бастауышы бар, кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болатын жай сөйлем түрін жақты сөйлем дейді де, бастауышы мүлде жоқ және баяндауышы арқылы бастауышын табуға болмайтын, баяндауыштың езі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрін жақсыз сөйлем дейді. Мысалы: Тіпті ересек адамша сөйлеп қапты. Баланың бұл — ерте әзірлеген жауабы еді. (М. Әуезов). Кім айыпты екеніне әлі көзім жете қойған жоқ. (Ғ. Мүсірепов). Бірінші сөйлемнің баяндауышы — сөйлеп қапты (не істеді?), бастауышы жок, бірақ оны табуға болады: кім сөйлеп қапты?— ол, яғни бала, ол екінші сөйлемнен көрініп тұр. Екінші сөйлемнің баяндауышы — жауабы еді (бұл — не?), бастауышы — бұл (не жауабы еді?). Сондықтан бұлар — бастауышы бар я жоқ болса да, баяндауышы арқылы табуға болатын жақты сөйлемдер. Ал үшінші сөйлемнің баяндауышы (қайтті?)— көзім жете қойған жоқ, бұл — фразалық (идиомдық) тіркес, сондықтан сөйлемде бір ғана мүше қызметін атқарады: көзім деген сөзді бір бөлек, жете қойған жоқ дегенді бір бөлек талдауға болмайды. Бұл сөйлемнің бастауышы жоқ, оны табуға да болмайды. Сондықтан бұл — жақсыз сөйлем.Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді. 1) -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді, барғым келмейді т. б.2) түйық етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, сөйлеуім мүмкін, айтуы тиіс т. б.3) -ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды т. б.4) Баяндауыш кұрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек-сілесі қатты, шарасы қалмады, тас-талқаны шықты, мойнына су құйылды т. б.Сөйлемде ойға катысты айтылуға тиісті мүшелері түгел жай сөйлемнің түрін толымды сөйлем дейді де, айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнін түрін толымсыз сөйлем дейді. Мысалы, Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. Купі сыртынан қайыс белбеуін буып алды (Ә. Нұрпейісов). Көзінен жасы ыршып кетті. (С. Сейфуллин) деген үш сөйлемнің алдыңғысы — толымды сөйлем, өйткені оны сөйлем етіп тұрған баяндауышы (не істеді?— шықты) да, бастауышы (кім шықты?— Кәлен) да бар және сөйлем білдіретін ойға қатысты пысықтауыш (қайда шықты?— сыртқа және қалай шықты — бір ытқып) та жұмсалған.Сондықтан бұл — толымды сөйлем. Екінші сөйлемде баяндауыштың (не істеді?— буып алды)иесі бастауыш жоқ, сөйлемде түсіп қалган, бірақ оны табуга болады: кім буып алды?— ол (Кәлен). Үшінші сөйлемде көзінен сөзінің анықтауышы (кімнің көзінен?) түсіп калған. Сондықтан екінші, үшінші, сөйлемдер толымсыз сөйлемдер деп танылады.Ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың, құбылыстың, мезгілдің мерекенің, мекеннің аты аталып көрсетілгендей жай сөйлемнің ерекше түрін атаулы сөйлем дейді. Атаулы сөйлем жеке дара қолданылатындықтан; шартты түрде сөйлем деп танылады. Оның мәні тек өзінен кейін қолданылған сөйлемдер арқылы түсініледі. Атаулы сөйлем өз ішінде сөйлем мүшелеріне жіктелмейді. Мысалы: Кеш. Ымырт жабылған кез… Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сұлы Көл-шүмектің қасы. Көлшүмектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр құрақтар — айнаның жиегіне салынған әдемі өрнек сияқты (С. Сейфуллин) дегенде, алғашқы 4 сөйлем мезгілді (1—2— сөйлемдер: кеш және ымырт жабылған кез) және мекенді (3—4— сөйлемдер: Көкшетау маңы және Айнадай Көлшүмектің қасы) атап қана тұр. Сөйтіп, келесі сөйлемге мезгілдік, мекендік жағынан кіріспе ретінде жұмсалып тұр. Осы мысалдан көрінетіндей атаулы сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де кұрала береді.
2. Ахмет Байтұрсынұлы. Шығармашылық өмірбаяны. Поэзиясындағы күрескерлік рух, аудармалары мен көсемсөз саласындағы еңбегі, әдебиеттанушылығы. Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі – уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой ұялатады. Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады. Бұл жылдары ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің үлгісінде жұмыс істейтін, игі дәстүрлері мол жаңаша мектептер саны көбейген болатын. Міне, осы тәрізді оқу орындарында оқып, сапалы білім алып шыққан Ахмет Байтұрсынұлы 1895 жылдын 1 шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздық қызметін бастайды. 1895-1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ береді. 1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазақстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады. Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұсталып, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге қайтып оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады. Алаш қозғалысының көсемі ретінде "халық жауы" деп атылған А.Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан-ашық жария етті. Бұл жылдары ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазып, баспа беттерінде жариялады. Әсіресе 1913 жылы жазылып, "Қазақ" газетінде жарияланған "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы Ахметті білікті әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты. Бұл мақала ұлы Абайдың ұлттық әдебиеттің тарихынан алатын орнын айқындауға, ақын шығармашылығына баға беруге арналған тұңғыш ғылыми зерттеу еңбегі еді. Әдебиетші Ахмет Байтұрсынов мұрасының маңызды бір саласы – оның ел аузынан жинап, жүйелеп, баспа бетінде жариялаған ауыз әдебиеті нұсқалары. Атап айтқанда, Ахмет жинаған фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу қаласында 1923 жылы "Ер Сайын" жыры, 1926 жылы "23 жоқтау" кітаптары жарық көрді. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің ұлы түрлендіруші-реформаторы, теоретигі әрі қазақ тілі білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым болды. Ол араб әріптерінің негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) тәрізді кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берді. Қазақ тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәл анықтамалар берді. "Әдебиет танытқыш" кітабы. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. Оның әдебиетші ғалым-теоретик ретінде тұлғасын айқындаған басты еңбегі – "Әдебиет танытқыш". Еңбек 1926 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан. Бұл кітабында ғалым алғаш рет қазақ әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін негіздеп берді. Әдебиеттану ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін жасады. "Әдебиет танытқыш" кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде көркем әдебиеттің бейнелеу құралдары мен әдіс-тәсілдері талданса, екінші бөлімде әдеби жанр түрлері сөз болады. Тұтастай алғанда, Ахмет Байтұрсынов өнер атаулыны екі топқа бөледі. Оның бірі – тірнек өнері, екіншісі – көрнек өнері. Көрнек өнеріне ғалым сәулет (архитектура) өнерін, сымбат (скульптура) өнерін, кескін (живопись) өнерін, әуен (музыка) өнерін және сөз (әдебиет) өнерін жатқызады. Әдебиеттің көркем бейнелеу құралдары, жанрлары жөнінде талдау жасай келіп, А.Байтұрсынов олардың, әрқайсысына әлемдік әдебиеттану ғылымындағы атауларға сәйкес дәлме-дәл қазақша балама атаулар береді. Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымында қолданылып жүрген ұғымдар мен категориялардың атауларын термин дәрежесіне көтеріп, қолданысқа енгізген Ахмет Байтұрсынұлы дейтініміз сондықтан. Әдебиеттің жанрларын айқындау, тарихи кезеңдерге, бөліп қарастыру мәселесінде де бұл еңбекте көптеген тұжырымды ойлар айтылады. Бұлардың кай-қайсысы да қазақ әдебиеттану ғылымындағы жаңалық болатын. Сонымен қатар, "Әдебиет танытқышта" Ахмет Байтұрсынұлы аса бай фольклорлық материалды пайдаланды. Теориялық қисындарды қазақ ауыз әдебиетінен және баспасөз беттеріндегі қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан алынған мысалдар арқылы бекітіп отырды. Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Бұрынғы ескі-ертегі, химия үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды. Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді. Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн, Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін, Тартады аққу көкке, шаян кейін Жұлқиды суға қарай шортан шіркін. Аудармада мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп-төгіліп тұр. Ендігі кезең оқырманына қатысты жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады. Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас. Әуелі бірлік керек болса жолдас. Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, — деп елді тұтастық, ынтымақ жалауының астына шақырады. Елдің азып-тозуына байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді, кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар: Қасқырдың зорлық болды еткен ісі. Ойлаймын оны мақтар шықпас кісі Нашарды талай адам талап жеп жүр Бөріден артық дейміз оның ісін. Алуан-алуан ойға жетелейтін “Қайырымды түлкі”, “Ала қойлар”, “Үлес”, “Қартайған арыстан”, “Өгіз бен бақа”, “Қайыршы мен қыдыр”, “Ат пен есек” мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды мегзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған. Аудармашы негізгі түпнұсқа тексіне орайластырып, көркем ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа сарын - әуез қосып отырады. “Қартайған арыстан” мысалына: Бақ қонса, сыйлар алаш ағайын да, Келе алмас жаман батып маңайыңа. Басыңның бақыт құсы ұшқан күні Құл-құтан басынады, малайың да, — деген жалғасты түйін жасайды. Ахмет Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанмен, еркіндік басым, қазақ тұрмысына жаңа идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтылады. Түп негізі Федрдан алынған Крыловтың он жолдық “Шымшық пен көгершін” мысалы Ахмет Байтұрсынов аудармасында отыз екі жолдан тұратын жаңа шығарма. “Өгіз бен бақа” орысшада – 17, қазақшада – 36 жол, “Қасқыр мен тырна” орысшада – 19, қазақшада – 76 жол, “Арыстан, киік һәм түлкі” орысшада – 35, қазақшада – 56 жол, “Қасқыр мен қозы” орысшада – 37, қазақшада – 68 жол, “Ағаш” орысшада – 31, қазақшада – 56 жол. Бұл фактілер қазақ ақыны дәстүрлі оқиға, қалыпты бейнелерді ала отырып, ойға ой, суретке сурет қосып, жаңа, ұлттық төл туынды жасағанын көрсетеді. Бұрын емеурін, ишара, мегзеу, астар, мысалмен берілген ойлар “Маса” кітабында ашық, анық, дәлді, нақты айтылады. Мұнда Ахметттің өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық, бірталай өлеңдерге арқау болады; ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы – басты сарын. Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп, Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам. Алданып жегеніме оны ұмытсам, Болғандай жегенімнің бәрі қарам, — деген жолдардың нақты өмірлік материалы әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге айдалып, қуғын көруі, бала жүректің тілім-тілім жаралануы. Ал, “Жиған-терген” өлеңіндегі: Қазағым, елім, Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып. Талауда малың, Қамауда жаның, Аш көзіңді оянып – деген сөздерді патша цензурасы кезінде жібермей тастаған. Ақын ашынып сөйлейді, тартыстар, қайшылықтарды көрсетеді. Бұл бір сөз қасірет айтып хатқа жазған, Қалмаған түк қасиет қазақ азған. Байға мал, оқығанға шен мақсат боп, Ойлайтын жұрттың қамын адам азған. Күрес идеясы, келешек қамы үшін арпалысу, ел болу мақсаты бар тілектен жоғары қойылады: Мен бұқтым, жаттым, Сен бұқтың жаттың, Кім істемек қызмет? Ауызбен айтып, Істерде қайтып, Жоламасақ не міндет? Тек жүрсе тоқ жүрмекті Қиын деме білмекті. Қазір әлем поэзиясындағы ділмар сөз – афоризм боп кеткен түрік ақыны Назым Хикметтің: Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Біз жанбасақ лапылдап Аспан қалай ашылмақ, — деген жолдарының Ахмет Байтұрсынов өлеңімен әуендестігі кісіні таң қалдырады. “Маса” кітабына енген өлеңдерде жеке бастың мұң-шері, тұрмыс-салт суреті емес, негізінен әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар айтылады. Өзін-өзі күйттеген, байлық үшін, мансап үшін ар- абыройын сатқан “жақсылығы өз басынан артылмаған”, “бос белбеу, босаң туған бозбала”, “бір тойғанын ар қылмаған шалдар”, “қайырсыз кеще сараң байлар”, “мәз болып құр түймеге жарқылдаған оқығандар” сыналады. Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес дарға асқаны, атқаны. Маған ауыр осылардың бәрінен Өз ауылымның иттері үріп қапқаны, — деген жолдарда өз уақытының сыры айтылса: Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, Ойлайтындар мен емес бір күнгісін. Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын, Ел бір күншіл, менікі ертеңгі үшін, — деген уақытта ақын болашақпен сырласқандай, өлместігіне сенеді. Екі жинақ – “Қырық мысал”, “Маса” – қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектермен байытты;Өмірдің сан алуан көкейкесті мәселелерін арқау етіп жазған Ахмет Байтұрсынов мақалалары алдымен “Айқап” журналында, 1913-1918 жылдар арасында өзі редакторлық еткен “Қазақ” газетінде, кейін кеңес баспасөзінде жарияланған. Мақалалар саны көп, олар мерзімді басылым бетінде шашылып жатыр, бұларды жинап, сұрыптап, ой елегінен өткізіп, жүйелеп бастырып шығару арқылы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тарихи зердеміздің қазір ойсырап, үңірейіп тұрған беттерін толтыратын боламыз. Қазіргі қолда бар материалдардың негізіне сүйенгенде қаламгер – оқу-ағарту, оқулықтар жасау, әліппе, емле, грамматика, жер иегері, кәсіп істеу, халықаралық қатынастар, тарих, құқықтану, заң, философия, қоғамдық күрестер, мәдениет, әдебиет, эстетика проблемаларын тереңнен қозғап, өз кезіндегі қоғамдық-әлеуметтік ойға мұрындық, ұйытқы болған пікірлер айтып, тұжырымдар жасаған. Ахмет Байтұрсынұлы – ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіне азатшылдық рухты әкелушілердің бірі.
3. Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері. Тіл дамыту жұмыстарының мазмұндық, құрылымдық жүйесі. Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі максаты - дүрыс, сауатты жазып, оқушының ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалык жағынан дүрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету.Тіл дамыту жұмысы, негізінен төрт бағытта жүргізілген: бірі - мәдени әдеби сөйлей білу нормаларына үйрету, яғни орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, окушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Екіншіден, лексикалық жүмыстары жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту, тілдің лексика жэне фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру көзделеді. Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем қүратып үйрету, сөйлемнің қүрылысын білдіру арқылы синтаксистік лексикадан білім бері. Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі.Тіл дамыту –ана тілі әдістемесінің аса жауапты да күрделі саласының бірі. Оның күрделі болуының себебі, бала тілін дамыту міндетін жүзеге асырушы мектепте жүргізілетін пәндер қазақ тілі мен әдебиетке ғана болмай , оның сөйлеу әрекетіне де тікелей тәуелді.Тіл дамыту жүмысында мақал-мәтел және сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем қүратудың да пайдасы зор. Бүл жүмыс түрі арқылы оқушының ойын көрікті айта білуге, мақал-мәтелдердің тіліміздегі көркемдік ерекшелігін, оның тәрбиелік мәнін ұгуға деген дағдыны қалыптастырады.Өмірбаян жаздырып үйрету тіл дамыту жүмысына үлкен септігін тигізеді. Оқушы өз өмірбаянын жазу арқылы туған жері, ата-анасының кім екенін, қай жерде жүмыс істейтінін, ата-аналарының қандай мамандык иелері, өндіріс, ғылым мен туысқандары, аталары, әжелері, аға-інілері жөнінде білетіндері жайында пікірлерін айтады. Оған материал жинау үшін ізденеді, ата-аналарымен әңгімелеседі.Тіл дамыту жүмысында күнделік жаздырудың да үлкен маңызы бар. Оқушыға пікір жаздыру үшін окыған кітабының авторы, аты, кейіпкерлері, оқиға не туралы, қай кезде болған, кітаптың тілі, ондағы мақал-мәтелдерді жинастыру, қолданудағы ерекшелік, кітапқа окушының көзқарасы т.б. мэселелер қамтылады. Пікір жазу арқылы оқушының ой- өрісін дамытады, тілі жаттығады, сөздік қорлары молаяды. Мұндай жүмыс түрлері мазмүндама, шығарма жазуға дайындайды. Тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде жиі қолданылатын жазу жұмыстарының бірі –мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркестері мен сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының есінде қалады, оқылған мәтінді қайта жаңғырту үшін, сөздер мен сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруға жаттығады. Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып, баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушының көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, көркем тілмен әсерлі, жүйелі баяндалуы талап етіледі.
25-билет.1. Құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы, өзіндік айырым белгілері. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлері. Зерттелу жайы. Сөйлем құрылысына қарай жай сөйлем және кұрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді. Жай сөйлем бір ғана ойды білдіріп, бір интонациямен айтылады да, құрмалас сөйлем екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.Мысалы, Ералы, Ойқұдық үстінде жауынды бүркер сүр аспан жиі түнереді. (М. Әуезов) деген сөйлемде 9 сөз қолданылып, бір ғана ойды білдіріп тұр. Сөйлемде бір баяндауыш (не істеді?)— түнереді, бір бастауыш (не түнереді?)— аспан қолданылған, қалғандары — тұрлаусыз мүшелер: жиі (қалай түнереді?)— кимыл-сын пысықтауыш, Ералы, Ойқұдық үстінде (қайда түнереді?)— мекен пысықтауыш, сұр (қандай аспан?)— анықтауыш, жауынды бүркер (қай аспан?)— анықтауыш.Төбесінде көзі қанталаған қарақұс отыр, іргесінде ініне жүгірген суыр ғана жүр. (3. Қабдолов) деген сөйлем екі жай сөйлемнен құрылған, өйткені бұнда екі бастауыш және екі баяндауыш бар: отыр (не істеді?)— баяндауыш, қарақұс (не отыр?)— бастауыш және жүр (не істеді?)— баяндауыш, суыр (не жүр?)— бастауыш. Сөйтіп, екі жай сөйлем кұрмаласып, күрделі бір ойды білдіріп тұр.Екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өз ара мынадай жолдармен байланысады:1. Интонация арқылы іргелес байланысады. Мысалы, Байжанның оны көруі бірінші рет еді: орта бойлы, төртбақтау, толықша, сарғылт өнділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт екен. (С. М.) Бұл — екі жай сөйлемнен құралған: 1— сөйлемнің баяндауышы (не?)— бірінші рет еді, бастауышы (не бірінші рет еді?)— көруі, 2-сөйлемнің баяндауышы (кім екен?)— жігіт екен де, бастауышы түсіп калғаң, бірақ оны табуға болады (кім жігіт екен?)— ол. Бірак, бұл екі жай сөйлем әрқайсысы бөлек-бөлек болмай бір интонациямен айтылған: бірінші жай сөйлемнен кейін даус ырғагы көтеріңкі айтылып кідіріс ұзаққа созылмай, екінші сөйлеммен ұласып кетеді де екі сөйлемнің арасын байланыстырып, күрделі бір ойды білдіруге дәнекер болып тұрады.2. Жалғаулык шылаулар ( кейде септеулік шылаулар) арқылы байланысады. Мысалы: Сырбай қонақтарын сол далаға онша көңілді қалыппен басқарып апара жатқан жоқ, себебі биылғы егін шығымы әлсіздеу (С. Мұқанов). Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас.Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер өз ара тең дәрежеде байланысып, әрқайсысының баяндауыштары тиянақты тұлғада жұмсалса, ол салалас сөйлем болады. Мысалы, Бұйрық нақ осылай болса керек, резервтегі күштің бәрі осы араға төгілді (Бақ.), деген құрмаластағы әрбір жай сөйлем бір-біріне бағынбай, тең дәрежеде колданылған, сондықтан жеке-жеке айтыла алады, олардың баяндауыштары осылай болса керек және төгілді тиянақты тұлғада келіп тұр.Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісіне бағына байланысып, бағынған сынарының (көбіне алғашқысының) баяндауышы тиянақсыз тұлғада келеді. Ондай құрмаласты сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы, Қаланың көлемі үлкен болғанмен, көп этажды үйлер сирек болатын. (3. Қабдолов) деген құрмалас екі сөйлемнен құрылған. Бірінші сыңарының баяндауышы — үлкен болғанмен тиянаксыз тұлғада, есімшенің -ған тұлғасына көмектес жалғауы жалғанып колданылған. Өйткені бұл баяндауыш тұлғасымен сөйлемді аяқтап бітіруге болмайды. Сондықтан бірінші жай сөйлем келесі екінші жай сөйлемге бағынып тұр.Кемінде үш жай сөйлемнен құралып, олар бір-бірімен салаласып (бағынбай, тең дәрежеде) та, сабақтасып (бірі екіншісіне бағынып) та байланысатын құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз. Академик Нығмет Сауранбаев – қазақ тілі білімінің барлық салаларында қалам тартып, оның негізгі теориялық бағыт-бағдарын анықтап, іргетасын қалыптастыруға үлес қосқан санаулы ғалымның бірі. Бүгінгі таңда ғалымның есімі тарих қойнауында. Ал Н.Сауранбаевтың зерттеулері қазақ тілінің бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселелерін шешуге әлі де ғылыми-теориялық құндылығын жоймаған, жолбасшы ретінде пайдаланылып келеді. Бұл – ғалымның теориялық білімінің тереңдігінің, өміршілдігінің, өрістілігінің куәсі.Қазіргі қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесінің өткені мен бүгінгі жай күйін, көкейтесті мәселелерін танып білуде академик Н.Сауранбаевтың теориялық тұжырымдарын зерттеудің маңызы зор. Н.Сауранбаевтың ғылыми зерттеулері - құрмалас сөйлемдердің негізгі теориялық бағыт-бағдарын, негізін анықтауда бағдарламалық мәні бар, қазіргі қазақ тілі құрмалас сөйлем синтаксисінің бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселелерін шешуде баға жетпес мұра. Бүгінде ғалымның еңбектері, соның ішінде құрмалас сөйлемдер жөніндегі зерттеулері ғылыми бағасын әлі де толық алған жоқ. Сондықтан ғалым тұжырымдарының қалыптасуының теориялық негіздерін анықтау, бүгінгі күнгі тұжырымдармен салыстырып, жан-жақты талдауды қажет етеді.Н.Т.Сауранбаев өз шығармашылығының нағыз шарықтау кезеңінде құрмалас сөйлем синтаксисі мәселелерін зерттеумен шұғылданады. Ғалым құрмалас сөйлемдердің табиғатын танып, тарихына көз жүгіртумен бірге, ішкі-сыртқы заңдылықтары мен ерекшеліктерін, жасалу жолдары мен жұмсалуын қарастырып, синтаксистік қызметін саралады.Құрмалас сөйлемдерді зерттеуде даулы мәселелердің бірі – жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді айырудың критерийлері қандай деген мәселе. Бұл мәселе жөнінде ғалым «жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің арасындағы айырмашылық: жай сөйлем жеке сөздерден, сөз тіркестерінен құралса, құрмалас сөйлемдер бірнеше жай сөйлемдерден (синтаксистік компоненттер- ден) құралады. Н.Сауранбаев қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің негізгі белгілері ретінде мыналарды береді:1) Құрмаластағы синтаксистік компоненттерде айтылатын ойдың дербестігі;2) Компонентте дербес бастауышпен баяндауыштың болуы;3) Құрмаластағы әрбір компоненттердің интонациялық жігі айқын болуы;Құрмалас сөйлемде берілген ой бірнеше оқиға, құбылыстар көлемінде құрылып, олар бір-бірімен ұштасып, логикалық жағынан бір-біріне ұласа айтылады. Ғалымның пікірінше, компоненттердегі бірнеше ойдың дербестігін компоненттің тұлғалық дербестігімен шатастырмау керек. Ғалым тұжырымдарын 1939 жылы С.Аманжоловпен бірігіп жариялаған «Қазақ тілі грамматикасының» синтаксис бөлімінде толықтырып, жетілдіре түседі. Құрмалас сөйлемдер жөнінде осы күні айтылып жүрген негізгі ұғымдар осы еңбекте берілген. Құрмалас сөйлемдер салалас, сабақтас және аралас деп үш топқа бөліп, аралас құрмалас сөйлемдер жеке зерттеу нысанасы ретінде алынған. Салалас жалғаулықты және жалғаулықсыз салаластар деп екіге бөлінгенде, жалғаулықты салалас жеті түрге жіктелген: тіркесті, қарсылықты, үдетпелі, талғаулы, себепті, кезектес, бейтарап салалас сөйлемдер. Ал сабақтас құрмалас сөйлемдер: себеп-салдар, мезгіл мәнді, шартты мәнді, салыстырмалы, мақсатты, қарсылықты, нұсқаулы, іргелес, аяулы, сілтеулі сабақтастар деп бөлінген. Қазіргі грамматикада «үдетпелі салалас» пен «тіркесті салалас» - ыңғайлас салалас, «бейтарап салалас» - талғаулы салалас деген атаулармен бірлесе, «іргелес салалас» сабақтас құрмалас сөйлемдер қатарынан «үлектес сабақтас» деп танылған. Ал сабақтастардың ішінде «нұсқаулы сабақтас», «аяулы сабақтас», «сілтеулі сабақтас» дегендерден басқасының барлығы қолданылып жүр.Құрмалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдердің тіліміздегі қалыптасқан орын тәртібі бұзылса, жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысы, сөйлемдердің құрмаластық қасиеті жойылады. Сондықтан құрмалас сөйлемнің компоненттерінің орын тәртібі жай сөйлемдерді құрмаластырудың елеулі бір тәсілінің бірі болып есептелінеді.
2. Шал (Тілеуке) – жаңа типтегі ақын: сауаттылығы, сатирасы, лирикалық поэзия үлгісі, афоризмдерінің өміршеңдігі. Шал Ақын, Тілеуке Құлекеұлы (1748-1819) халық ақыны, Абылай ханның замандасы. Тiлеуке Құлекеұлы қазiргi Ақмола облысы Азат темiр жол станциясының маңында дүниеге келген. Шал ақынның әкесi Құлеке батыр Тәңiрбердiұлы қазақ-қалмақ соғысының атақты батырларының бiрi. Ол Абылай ханның ширек ғасырдай уақытта ең жақын қадiрлес досы, сенiмдi батыры, беделдi елшiсi болып, орта жүздiң iшiндегi ел бастаған, қолбасшы адамы болған. Ол 1742 жылы Орта жүз атынан Ресейдің қол астына қарау туралы ант берушiлердiң бiрi болған. Абылай хан атынан Ресей мемлекетiне елшiлiкке барғаны туралы деректер сақталған. Анасы - үйсін тайпасынан шыққан атақты Төле бидiң қызы. Құлеке мен оның ағасы Тiлекенiң соғыстағы ерлiгi жайлы әңгiмелер ел iшiнде күнi бүгiнге дейiн айтылады. Құлеке жайында Алматы мұрағатында нақты деректер де сақталған. Ауызша жеткен әңгiме бойынша Шал ақын қоян жылы, 71 жасында дүниеден өткен, бұл есеппен алғанда ақын өмiрiн зерттеушiлер 1819 жылы қайтыс болды дейдi. Қариялардың айтуы бойынша Сергеев (қазіргі Шал ақын) селосының қасындағы «Аютас» деген төбенiң жанында, Есiлдiң оң жағындағы үлкен бейiт iшiне жерленген, бiрақ қабiрi белгiсiз. Құлеке баласы Тiлеукенiң Шал ақын деп аталуы туралы ел iшiнде бiрнеше түрлi әңгiмелер бар. Ол бала кезінде тапқыр, зерек, ойға жүйрік, алғыр болған. Шал өлең шығарумен балауса жас кезiнен бастап айналысқан. Жасынан сөзге үйiр, шешен сөйлейтiн тiлге дiлмәр, ойлы жас болып көзге түседi. Жасынан ел арасы ақындарымен айтысқа да түсiп жүредi. Оның кiшкентайынан үлкендерше сөйлеуi, төрде отырып төрелiк айтқанына қарап жұрт Шал атап кетедi. Зерттеушiлердiң айтуы бойынша Шал ақынның тұңғыш өлеңi - «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң». Бұл өлеңдi ақын шығармашылығының басы деп жүр. Өлеңнiң шығу тарихы былай екен. Әйгiлi хан Құлеке батырдың бәйге алдын бермейтiн жүйрiк атын сұрап алып, кейiн қайтармай қояды. Бiрде Құлеке атын сұрауға барғанда баласы Шалды ертiп барады. Хан бала Шалдың көзiнше: «Iшi боқ, сырты түк сол мәстектi осыншама неге сұрай бересiң?» - деген сөз айтады. Таңертең ерте тұрған Шал ханның қойшыға сазға батып, отарға ере алмай қалған бiр қозыны арқалап алып кет дегенін естіп қалады. Шал кетерiнде хан екен деп қысылмай, өлеңдетiп, малжандылығын бетiне айтады. «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң, Болмайды қойға пана тал дегенiң. Таң ата жалаң аяқ тоқты арқалап, Хан ата, қалай екен мал дегенiң? Сыйлайды ханымыз деп үлкен-кiшi, Бiреудiң хақын жемес жақсы кiсi. Тақтағы хан, топтағы бидi еңкейткен, Хан ата, қалай екен малдың күшi?» -дейдi. Сөзден ұтылған хан Құлеке батырдың бәйге атын қайтарып, оған қоса бір жылқы беріпті. Хан алдында айтылған бұл өлең ел iшiне тез тарап, Тiлеукенiң ақындық атын шығарған екен. Осыдан былай Шал ақындық жолға көшедi, дарынды суырып салма ақын болады. Оның суырып салмалық өнері осы жанрдың бейнесі болып табылады. Ол поэзиялық сөз жарыстардың шебері, көптеген айтыстарға қатысқан. («Шал ақынның қызбен айтысы», «Бәйбіше мен Шал ақынның айтысы», «Шал ақын мен жігіттің айтысы», т. б.). Ертерек дәуiрлерден қалыптасып, жалғасып келе жатқан ақындық дәстүрдi ХVШ ғасырда өмiр сүрген Тәтiқара, Көтеш ақындардан кейiнгi қазақ поэзиясын дамыта түседi. Оның бұл салада қосқан үлесi үлкен. Өлең термелерi, толғау тақпақтары сан жағынан мол, сапа жағынан мазмұнды, көркем және тақырыбы да кең. Шал ақын қазақ поэзиясындағы лирикалық өлең жанрын, өз замандастарымен салыстырғанда, жан-жақты толықтыра түсiп, көркемдiгiн арттырды. Бұл тұрғыдан алғанда оны толғауды көркемдiк шегiне жеткiзе бiлген Бұқар жыраумен ғана салыстыруға болады. Сондықтан да кейiнгi кезеңдерде өмiр сүрген ақындар Шал ақынды ұстаз тұтты. Шал ақынның өлең, жырлары кезiнде ел арасына кеңiнен таралған. Шалдың бiзге жеткен шығармалары негiзiнен әр жерде әр түрлi себептермен суырып салып айтқан шағын өлеңдерден тұрады. Терме-тақпақтары, нақыл сөздерi, сөз қағыстары да баршылық. Шалдың ұзақ эпикалық жырлар шығарғандығы, қазақ халқының шежiресiн өлеңмен жазғаны да Шоқан Уалихановтың еңбектерiнен белгiлi. Афоризмдер - Нәпсің бір көкжал бөрідей, Иманың бағлан қозыдай, Егер тыю салмасаң, Иманыңды жеп кетер. Ашу – дұшпан болғанда, нәпсі – жауың, Ақыл – тұрған алдыңда асқар тауың, Жүрекке ашу келіп толған шақта, Денеңнің біле алмассың ауру сауын. Иман – қой, ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі, Бөріге қой алдырмас ердің ері, Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса, Жоламас ешбір пәле шайтан-пері. Жаман сол — жақсы сөзді ұға алмаса, Ғалым болмас ұстаздан дұға алмаса. Молла есімін алған жан толып жатыр, Не керек ғылым бойға жұға алмаса. Жарлығы екі болмас хақ құдайым, Жанында серігі жоқ тақ құдайым, Жанымды алсаң, кұдая, иманмен ал, Шайтанның һауасынан қақ, құдайым. Бір құдайдан тілеймін ғұмырымды, Ғұмыр берсең кірсіз қыл көңілімді. Имансыздың көрінде от жанады, Отқа салсаң көремін не күнімді?!
Суырып салма ақындық таланты 15 жасында оны даңққа бөлеп, сол кездің өзінде халық Шал ақын ауылы (кәрі, дана) деп атаған. Оның шығармашылық таланты бүкіл Сарыарқаға кеңінен жайылды. Ақын адамгершілік үшін күресіп, қоғамдағы әділетсіздіктерді шындық тұрғысынан айтып, сынады. Оның «Шал мен дегдар қыз», «Шал мен Күлтімжан қыз», «Жігіт пен шал», «Шал мен кемпір» шағын айтыстары мен «Ата-ананың қадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» және басқа өлеңдері сақталған. Шал ақынның көптеген шығармалары, соның ішінде тарихи аңыздар мен әңгімелерге бай қазақ халқының шығу тегі жөніндегі эпикалық шығармасы сақталмаған. Шал ақынның белгілі өлеңдері 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап баспа бетінде жарық көрді, жеке шығармалары орыс тіліне аударылды. Есімі Солтүстік Қазақстан облысының аудандарының біріне берілген.
3. Жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын оқытудың әдістері. Жазушы өмірбаянын 9-11 - сыныптарда оқыту.
Мектепте ақын- жазушылар өмірін оқытудың маңызы зор, әрі ол әдебиетті оқудың күрделі бір саласы. Қай ақын – жазушыны, суреткерді алмайық, оның шығармашылығында, қол жеткен табысында өзі өмір сүрген орта мен шыққан ортасы, өмір жолының ізі жатады. Қай шығарма суреткердің қай өмір кезеңіне байланысты туған, ол шығарманың жазылу себебі не, т.с.с. мәселелерге де олардың өмір жолы жауап бермек. Мысалы, С.Сейфулиннің «Көкшетау» поэмасы қиялдантуған шығарма емес екені, оны жазу кезінде Көкшеге үш рет баруынан туған дүние екені мәлім. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Немесе, Міржақып, Сұлтанмахмұттардың, Мағжандардың «Алаш» туралы өлеңдері сол партияда болулары немесе сол қозғалыс кезінде оған жақтас, пікірлестіктерінен туғандығы баршаға аян. Сондықтан суреткер өмірі оның шығармашылығымен біртұтас қарастырылу керек.