1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы



бет58/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68
1 – сабақ: қазан
«Ерте, ерте, ерте екен...» Қазақ ертегілері бойынша әңгімелер (қандай ертегіні таңдап алады – оны мұғалім өзі біледі)
2 – сабақ: қараша
«Карлсон бізде қонақта». әдеби ертегілер, соның ішінде балалар арасында көп таралған шетел ертегілері бойынша. Мысалы, Г.Х.Андерсонның ертегілері, А.С.Пушкин ертегілері. Ертегілерден көрме.
3 – сабақ: желтоқсан
«Әлди, әлди, ақ бөпем...» Бесік жыры, ана жыры. М.Жұмабаев – «Сал, сал, бөбек, сал, бөбек», М.Дулатов өлеңдері. М.Шаханов – «Ана жүрегі» балладасы, т.б. өлеңдерін негізге алу. Мұхтар, Мағжан, Міржақып туралы кіріспе әңгіме. Портреттер, әр жылдары түскен суреттерін пайдалану. Бөбектер туралы кітаптардан көрме.
4 - сабақ
«Туған жер – алтын бесік». Отан, туған жер туралы өлеңдер бойынша өткізіледі. Мұғалім қалауы, мүмкіндігіне қарай, автордың өлеңдері іріктеліп алынады. Мысалы, С.Мәуленов, Ә.Тәжібаев, Қ.Мырзалиев, Қ.Аманжолов, Ғ.Қайырбеков, М.Мақатаев. Ақын портреттерінен суреттікмонтаж. Кітап көрмесі.
5 - сабақ
«Шешендік сөздер, көсемдік сөздер». Сырым Датұлы, Қаз дауысты Қазыбек, Әз Жәнібек, т.б. Шешендік сөздері бойынша:
а) Мұғалім түсінігі.
ә) Мәнерлеп оқу.
Б) Рөлге бөліп оқу.
6 - сабақ «Батыр балалар», В.Гюго – «Гаврош», Қ.Қайсенов – «Жау тылындағы бала». Авторлар туралы түсінік. Кітаптар бойынша мұғалім әңгімесі. Оқушылар хабарламасы, пікірлері. Соғыс туралы әндер тыңдау («Қасиетті соғыс», «Марсельеза» Э.Потье). Кітап көрмесі. Балаларға арналған соғыс туралы кітаптар әңгімелер (мұғалім қалауы бойынша)
7 - сабақ
«Қиял – ғажайыптар елінде». Фантастикалық шығармалар негізінде өту. Жюль Верн шығармалары «Сиқырлы арал», Д.Дефонның «Робинзон Крузосы» бойынша. «Гулливердің саяхатынан» да бір – екі саяхатын алуға болады. Безендірме суреттерден көрме.
8 - сабақ
«Ана тілің – арың бұл». С.Торайғыров, Ә.Тәжібаев, Р.Гамзатов.
8 – 9 сыныптардағы сабақтан тыс оқулар. Оқу бағдарлмасында бұл сыныптарда төңкерістен кейінгі әдебиет үлгілері ұсынылады. Бұл сыныптарда да сабақты түрлендіріп, жандандырып отыру крек. Мұнда да сабақты өтіліп жатқан шығармалармен байланыстыру, тақырып, жанр, проблемалық мәселелерге байланысты жүйелі түрде өткізу басшылыққа алынады. Семинар сабақтары, пікірталас сабақтар, реферат қорғау сабақтры сияқты сабақтың маңызды формлары негізге алынуы керек. Сондай – ақ бұл жоғары сыныптарда шетел әдебиеінің озық үлгілерін – оқыту, оқушылардың дүние – танымын кеңейту, әлем, адамзат әдебиетінің асылдарын таныстыру мүмкіндігі мол.
Көркем шығармаларды өқыту ғана емес, әдеби әдістер, дәстүр мен жаңашылдық, жанрлық , стильдік ерекшеліктер, поэтикалық талдаулар сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді. Кабинетте, кітапханада жоғары сыныптар үшін «Әлем әдебиетінің асылдары», «Адамзаттың Айтматовы», «М.Әуезов әлемді аралап кетті» сияқты кітап көрмелерін (көшпелі) жасап қоюға болады. Сондай*ақ осы кітап көрмесінің әр тақырыбына сабақ өткізу, оны баяндама, пікір, аннотация, дәріс оқу әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асыру тиімді. Мысалы, «Адамзаттың Айтматовы» тақырыбын (бір сабақ емес, бірнеше сабақ болуы мүмкін) конференция, семинар түрінде өткізуге болады.
Мынадай сұрақтар талқылауға ұсынылады:
Айтматов... «Адамзаттың Айтматовы» - осы бір атаудың мәні. Неге қырғыз Айтматов адамзаттың Айтматовына айналды, көтерілді?

  1. «Бетпе – бет» повесі. Повестің осылай аталу себебі? Көтерілген адамзаттық проблемалар. Жазушы шеберлігі, қол жеткен табысы неде?

  2. Әлемді дүр сілкіндірген «Жәмилә». Жәмиләнің әлемді таңқалдыру сыры неде?

  3. «Ақ кеме». Жазушы көрегендігі, абыздығы неде? Повесть неге осылай аталған? Қандай әлемдік проблемалар көтерілген?

  4. Жазушы шығармаларындағы миф, қиял, фольклор үлгілері, ұлттық бояу.

  5. Жазушы еңбектеріндегі экология, мораль, дін, сенім, гуманизм мәселелері.

  6. «Жан пида» романы. Романның осылай аталу себебі? Қалай ойлайсыңдар, Шыңғыс неге өз заманы, қоғамынан көш ілгері жүреді, көрегендік жасайды. Дала қасқыры. Адам қасқыры. Роман көтерген адамзаттық көкейтесті проблемалар.

  7. Айтматов әлемінің адамзат әлеміндегі орны.

Сабақтан тыс уақытта шетел әдебиетімен таныстыру
Оқушылардың дүниетанымы, білімін тереңдету, дамытуда тек туған әдебиетін оқыту, білгізу ғана емес, шетел әдебиетінен де сусындату, оның жалпы адамзаттық асыл мұраттарын игертудің маңызы ерекше. Сол себептен де сыныптан тыс оқуларда, жұмыстарда әлем әдебиетінің үздік туындылары туралы жиі-жиі сөз қозғау жөн. әсіресе, мұндай жұмыстар суреткердің мерей тойларына орай ұйымдастырылады. Әлем тойлап, атап өтіп жатқан мұндай келелі істерге оқушыларды да ат салыстырып отыру керек. Мұғалімге тіпті мұндай күндерді тоспай-ақ, жүйелі түрде – сыныптан бастап, Шыңғыс Айтматов, Мұса Жәлел, Мұстай Кәрім, Расул Ғамзатов, батыс әдебиетінен Джек Лондон, Ги де Мопасан, Оноре де Бальзак, т.б. шығармашылығы айналасында қызықты сабақтар өткізуіне болады. Әсіресе, 5-8 сыныптарда атақты «Робинзон Крузо», «Гулливердің саяхаты», Пушкиннің ертегілері, Андерсонның ертегілері туралы сыныптан тыс оқулар өткізуге болады.


27-билет.1.САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ, КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ, ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ, ТҮРЛЕРІ. Құрамындағы жай сөйлемнің біреуінің көбіне алғашқысының баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысқан құрмаластың түрін сабақтас құрмалас дейміз. Сабақтас құрмаластың құрамындағы бірінші сөйлем баяндауышы тиянақсыз тұлғада келетіндіктен, ол өз бетімен жеке тұрып сөйлем бола алмай, келесі жай сөйлемге бағына байланысады.Мысалы, Айнаштың жіңішке саусақтары жығылып жатқан күріштің сабақтарын жыпылдатып жинап үлгіргенше, оң қолына ұстаған өткір орақ сол қолдың уысындағы сабактарды қырқып та үлгірді. (С. М.) деген құрмалас екі жай сөйлемнен құрылған. Бірінші жай сөйлемнің бастауышы — саусақтары (несі?) да, баяндауышы — жинап үлгіргенше (саусақтары не істегенше?), екінші жай сөйлемнің бастауышы — орақ (не?), баяндауышы — қырқып та үлгірді (орақ не істеді?). Бұл құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемін өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені оның баяндауышы тиянақсыз тұлғада айтылған: Айнаштың жіңішке саусақтары жығылып жатқан күріштің сабақтарын жыпылдатып жинап үлгіргенше… Құрмаластың құрамындағы мұндай жай сөйлемді бағыныңқы сөйлем дейміз. Ал құрмаластың құрамындағы екінші жай сөйлем тиянакты болады да, өздігінен дербес айтыла алады: оң қолына ұстаған өткір орақ сол қолдың уысындағы сабақтарды қырқып та үлгірді. Құрмаластың құрамындағы мұндай жай сөйлемдерді басыңқы сөйлем дейміз. Сөйтіп, сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқы (шартты белгісі /—–/) және басыңқы) (шартты белгісі І—–І ) жай сөйлемдерден құралады.Сабақтас құрмаластың жасалу жолдары бағыныңқы жай сөйлемнің баяндауыш тұлғаларына қарай белгіленеді. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштары етістіктің көсемше, шартты рай тұлғалары мен есімше тұлғаларына кейбір жалғау, жұрнақ үстеліп, немесе септеулік шылаулар тіркескен түрінен болады. Оны мына схемадан байқауға болады:Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы бастауышымен қиыса байланыспайды: бастауыш әр түрлі жақта т9рса да, баяңдауыш өзгеріссіз болады: Тек бағыныңқы сөйлемнің баяyдауышы етістіктің шартты рай тұлғасынан болғанда ғана, ол бастауышпен жақ жағынан және жекеше, көпше түрде қиыса байланысады. САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ.Сабақтас кұрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен, бір жағынан, бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш тұлғасының тиянақсыз болып келуімен құрмаласса, екінші жағынан олардың өз ара мағыналық карым-катынасы арқылы да құрмаласады. Бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің бір-бірімен мағыналық карым-катынасы әр түрлі болады. Сондықтан да басыңқы сөйлемнен бағыныңқы сөйлемге сұрақ коюга болады. Сабақтастың құрамындағы бағыныңкы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің мағыналық карым-қатынасына қарай сабақтас құрмалас шартты бағыныңқылы, қимыл-сын бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы сабақтас болып алты түрге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет