1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы



бет11/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68
Тура мағынасөздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның құлағы,т.б.
Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, ел құлағы, суық хабар;
Тіліміздегі ұзақ уақыт бойы қолданылып келе жатқан байырғы сөздер жаңа сөз, жаңа мағыналар жасауға ұйытқы (негіз) болады. Олар бұрынғы тура мағынасының үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни тура мағыналарға ие болып жатады. Соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да дамып, жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады. Мысалы:
Бас (зат есім) – 1) адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі; 2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы; 3) таудың ең үсті; 4) өзеннің, бұлақтың басталған жері; 5) таяқтың ұшы; 6) балтаның, шоттың жүзі бар жағы; 7) бір нәрсенің айналасы.
Омонимия (грек homonymiа – аттас атаулар) – тіл білімінде мағыналары бөлек тіл бірліктерінің дыбыстық сәйкестілігі. Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары (семалары) бөлек сөздер.
Омонимді мына мысалдан көруімізгі болады.
1. Жүз – жүз (сан есім).
2. Жүз - өң, бет, әлпет (зат есім).
3. Жүз – суда жүз (етістік).

2. ҚИЯЛ-ҒАЖАЙЫП ЕРТЕГІЛЕРІ, ЕРЕКШЕЛІГІ. ЕРТЕГІЛЕРДЕГІ РОМАНТИКАЛЫҚ ОБРАЗДАР.
Қиял-Ғажайып ертегілер - халық арманын қиял-ғажайып бейнедегі кейіпкерлер арқылы тілге тиек етеді. Қиял - Ғажайып ертегілер алғашқы қауымдық қоғамда туа бастаған деген болжам бар. Оны ертегілерде кездесетін өте ертедегі қоғамдык өмірдің қалдыктарынан байқауға болады. Мысалы, матриархат заманына тән аналық ру мен көптеген әдет - ғұрыптардың көріністері (жұптық ұйым, аналық мекен, аналық неке, кувада, авункулат, т.б.), ерте замандағы анимизм, тотемизм, магия сияқты діни нанымдар мен сенімдер, т.б. Бірақ көне дәуірдің бұл көріністерін кейінгі заманда халық тек қиял деп түсінген. Сол себепті ертекшілер әңгімесін ерте уақытта болған деп ескертеді. Қазақтың Қиял-Ғажайып ертегілері жанрлық жағынан біркелкі емес. Оның құрамында алғашқы қауымға тән қарапайым миф, хикая, әңгімелермен бірге батырлық ертегілер кездеседі, сондай-ақ, тұрмыс-салтқа байланысты шығармалар ұшырасады. Демек, біздің Қиял-Ғажайып ертегілерміз жанр жағынан синкретті, яғни дараланбаған. Қазақ Қиял-Ғажайып ертегілердің тағы бір ерекшелігі - үнемі трансформациялық процесте болуы, яғни бір жанрдың екіншіге ауысып отыруы. Осы себепті Қиял-Ғажайып ертегілерінің біразы жанрлық өзгеріске ұшыраған, олар қиял-ғажайып пен тұрмыс-салт ертегілерінің аралық жанры сияқты. Кей жағдайда Қиял - Ғажайып ертегілері бүтіндей тұрмыс-салт оқиғаларын баяндап келеді. Қиял-Ғажайып ертегілердің сюжетіне, поэтикасы мен құрылысына батырлық жыр үлкен ықпал еткен. Көптеген Қиял-Ғажайып ертегілердің сюжеттік желісінде батырлық жырларындағыдай тұрақты кіріспелер мен қорытындылар бар. Әдетте, сюжеттің кіріспесінде ертегі қаһарманның кәрі ата-анасы мен оның дүниеге келуі туралы баяндалады: қартайғанша перзент көрмей, қу бас аталған құдайдан бала сұрап, әулие-әмбиелердің басына түнеп, жалбарынады. Кемпір-шалдың тілегі қабыл болып, бала сүйеді. Ол - ертегінің бас кейіпкері, батыр, ержүрек жауынгер. Ал қаһарман туралы әңгіме біткен соң негізгі сюжетке жалғасатын қорытындыда кейіпкер мен оның жанындағылардың бұдан кейінгі тағдыры сөз етіледі. Қорытындыдағы бас кейіпкер көп жағдайда, негізгі сюжеттегі қаһарманның баласы немесе інісі болады. Ол ендігі жерде ағасы не әкесі бастап, үлгере алмай кеткен істі тындыруы тиіс. Қазақ Қиял - Ғажайып ертегілерінің сюжеттік құрамы біркелкі емес. Әлденеше халық, ұлтқа ортақ халықар. Сюжеттер де, көрші халықтар ертегілерінің нұсқалары да, қазақтың өзіне тән оқиғалар да ертегілерге негіз бола береді. Бұл кездейсоқ емес. Қазақ халқы өмір бойы басқа халықтармен қоян-қолтық аралас, тығыз қарым-қатынаста болды. Ерте заманда туып, көне дәуірдің көріністерін сақтап келсе де, Қиял - Ғажайып ертегілер қазақ халқының тұрмысын, салтын бейнелейді, күнделікті өмірін көрсетеді. Қиял - Ғажайып ертегілердің бас қаһарманы, эстетикалық мұраты - халық арманы. Қазақ ертегілерінің бас қаһармандары, аңшы-мерген, жауынгер-батыр, кенже бала, тазша және басқа да әлеум. Теңсіздіктен жәбір көрген, әділдік іздеген бұқара өкілдері ("Қаңбақ шал"). Бұлардың бәрі халық арманынан туған кейіпкерлер, яғни қияли-тарихи құбылыс. Кейінгі дәуірде, адамзат рулық қоғамға көшкен кезде халықтың арманы өз руын бөтен елден, шапқыншы жаудан қорғайтын жауынгер-батыр болды. Бұл бейне қазақ ертегілерінің біразында кездеседі. Рулық қоғам ыдырай бастаған кезде - арман басқа. Енді ол - ыдырап бара жатқан қоғамның дәстүрін қолдаушы, ата жолын қуушы. Қиял-Ғажайып ертегілер өмірге тікелей жақындап, бұқара арманын дәріптейді, халық эстетикалық мұратқа айналдырады.
«Толағай» – ерлік жайлы аңызға негізделген əдеби ертегі. Ертегідегі романтикалық образ – Толағай.Толағайдың дүниеге келуі, күн санап өсуі, алып күш иесіне айналуы қазақ ертегілерінде кездесетін дəстүрлі мотивпен өрбиді. Шығарма сюжеті екі бөлімге топтастырылған. Алғашқысында Толағайдың дүниеге келуі мен қалыптан тыс өсуі сипатталса, екінші бөлімде 2 ел басына түскен қиыншылықтағы Толағайдың ерлік ісі
баяндалады. Автор Айсұлу мен Толағайдың образдарын жасауда ертегіге тəн элементтер мен жазба əдебиет үлгісін қатар қолданады. Шығармада кездесетін көркем тəсілдің басым көпшілігі – теңеулер. Толағай мен Айсұлудың портретін жасауда автор «Туған айдай, ақ
меруерттей, қос жұлдыздай, жанған өрттей», «ақ маралдай, Ақша беті айменен тең», «Айналады, толғанады, Көбелектей от айналған» деген теңеулерді қолданады. Шығарма сюжеті қарапайым, тілі жеңіл. Ертегіде ел мүддесі үшін жанын қиған ерен ерлік дəріптеледі. Халық үшін жанын қиған ердің ерлік ісі ел есінде мəңгілік сақталатынын айту арқылы жастарды ел мүддесіне қызмет етуге шақырады.
Қазақ әдебиетіндегі романтикалық образдың ежелгі түрі халық ертегілері мен аңыздарында, батырлық дастандары мен тарихи жырларында жасалды Со-нау Желаяқ пен Көрегеннен, Саққұлақ пен Таусоғардан бастап Алдар Көсе мен Асанқайғыға дейін,одан Алпамыс пен Қобыландыға, Тарғын мен Қамбар-ға дейін қазақ фольклорындағы романтикалық образдың небір ғажайып үлгілерін көруге болады.


3. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫ. ДИДАКТИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАР. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӨЗІНДІК ҚАҒИДАТТАРЫ.
Қазақ тілінің әдістемесі ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Қазақ тілі әдістемесі – тарихи жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым. Әдістеменің зерттейтін обьектісі, мақсаты, зерттеу әдістері қалыптасқан жүйесі бар. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс-тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі лингвистика, логика, педагогика және психология ғылымдарымен тығыз байланысты.
Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Қазақ тілі сыры мен қыры көп, өз ішінде түрлі-түрлі салаларға бөлінетін күрделі де бай тіл. Мектептегі қазақ тілінің жүйелі курсы фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис және пунктуация, тіл дамыту, тіл мәдениеті сияқты салаларға бөлініп оқытылады.
Қазақ мектептеріндегі жұмыстың нәрлі, нәтижелі болуы ана тілін оқытуды ұйымдастырудың дәрежесіне, оның дұрыс жолға қойылуына байланысты. Өйткені, ана тілі тек пән ретінде оқытылып қана қоймайды, өзге пәндердің бәрінен де білім беруге және мектептегі бүкіл тәлім-тәрбие жұмыстарын жүргізуге негізгі құрал ретінде қызмет атқарады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылғы19 наурызындағы халыққа жолдауында «Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздік әлемдік стандаттар деңгейіне көтерілуге тиіс. Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз», - делінген. Заман талабына сай мектептерде білім мазмұны мен оның құрылымдық жүйесін жақсарту – кезек күттірмес шаралардың бірі.
Мектеп балаларды дұрыс сөйлеуге, ана тілінің сөздері мен тиісті тәсілдерін саналы түрде дұрыс жұмсауға үйретеді. Мектеп оқушылардың сөздік қорына көп жаңа сөздер, жаңа формалар қосады. Оларды қайда, қалай қолдану керектігін үйретеді. Мектептегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі – жаңа қоғамды құрушы жастардың тәрбиешісі. Мұғалімнің өзі оқытатын пән саласындағы ғылымды жетік білуі – қарапайым да, қажетті талап.
Бүгінгі студент – ертеңгі маман. Қазақ тілін дамытатын да, оның қанатын кең жаюға көмектесетін де бүгінгі студент. Себебі, ол жоғары оқу ордасында бүгінгі жаңалықтарды терең меңгеріп, ертеңгі күні мектепте жүзеге асыруы қажет. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамыту Тұжырымдамасында педагогикалық мамандарды дайындау мен білім сапасына қатысты нақты мақсат-міндеттер мен ұстанымдар көрсетілген. Бұл құжатта: «Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады» («ҚР. 2015 ж. дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы»), - деп көрсетілген.
Жалпы қазақ тілінде сөйлеп, жазуды үйрету – қоғамда қазақ тілінің мәртебесін жоғары дәрежеге көтерудің алғы шарты. Сондықтан қазақ тілі қатынас құралы ретінде мектепте жүйелі білім беру арқылы ғана оқушыларды дұрыс сөйлеуге, адамдармен әдепті түрде қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелейді.
Бұл тұрғыда қазақ тілін оқыту әдістемесінің атқаратын міндетінің аса зор екенін айта кетуіміз қажет.
Қазақ тілі әдістемесінің ғылыми негізі Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірден басталды. Қазақстанда педагогика тарихы, сондай-ақ, қазақ тілін оқыту мәселелері Ы.Алтынсарин есімімен байланысты. «Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы, біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы, тек қана осы мектептерде» деген болатын. Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» оқулықтарын жазды. 1935 жылға дейін қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналған мақалалар ғана болды. Онан кейінгі осы жылы «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдісі» деген жинақ шықты. 1936 жылы С.Жиенбаевтың «Грамматика талдауыш», 1938 жылы «Үлкендерге хат танытудың методикасы», 1941 жылы «Бастауыш мектепте кітап оқытудың методикасы», 1941 жылы «Қазақ тілі методикасы», 1942 жылы «Грамматикалық таблицалар» т.б. еңбектері жарық көрді. Қазақ тілін оқыту жөнінде Қ.Басымов, Ғ.Бегалиев, Ш.Сарыбаев, И.Ұйықбаев, Ә.Хасенов, Ш.Әуелбаев, Х.Арғынов, Б.Құлмағамбетова, Б.Кәтенбаева, Ф.Оразбаева, Р.Қадашева т.б. еңбектерінің алатын орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет