2.Пальмитин қышқылының тотығу процесіндегі энергетикалық байланыс саны (табу керек) Пальмитин қышқылы тотыққандағы энергетикалық баланс 131 молекула АТФ-ке тең. Пальмитин кышкылының (С15Н31СООН) 1 молекуласы тотыққанда, 8АСҚ, 7 молекула ФПН2 және 7 молекула НАДН2, түзеді Сәйкесінше, 7 ФПН2, тотыққанда 14 АТФ және 7 НАДН2, тотыққанда 21 АТФ түзіледі, ал 8 молекула ацетил-КоА тотыққанда 96 АТФ түзеді. Бастапқы сатыда май қышқылдарының активтенуіне бip молекула АТФ жұмсалады, сондыктан 130 АТФ қорға жиналады.Сонымен, 1 молекула пальмитин кышкылы C15H31COOH тотыққанда 8 АСҚ түзеді, 7ФПН2 және 7НАДН2 тотықсызданады.
Энергетикалық балансы: 8 АСҚ=96АТФ
7 ФПН2=14АТФ
7НАДН2=21АТФ
131-1 = 130 АТФ
Пальмитин қышқылының энергетикалық балансы.
C¹⁵H³¹COOH
ФАД H² НАД H² 8 ацетил КоА
2 АТФ х 7 3 АТФ х 7 12 АТФ х 8
131 АТФ -1 АТФ = 130 АТФ (3965 кДж)
12-билет 1. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Қан плазмасындағы глюкозаның қалыпты мөлшері. Глюкозаның бүйрек шегі. Қандағы глюкоза мөлшері қалыпты деңгейде 3,4-6,1 мМоль/л. Қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы гипергликемия болады, ал төмендеуі гипогликемия болады.
Глюкозаның бүйректік межесі – 8,8мМ/л. Қалыпты жағдайда зәрмен бөлінбейді, асып кетсе глюкозурия болады
Бауыр қандағы глюкоза мөлшерінің тұрақтылығын сақтайды. Бауырдың глюкостатикалық қызметі үш үрдіс:
I. Гликогеногенез
II. Гликогенолиз
III. Глюконеогенез
Қанда глюкоза мөлшері жоғарылағанда, оның артық бөлігі гликогеннің түзілуіне жұмсалады. Қанда глюкоза мөлшері жоғарылағанда гликогенолиз және глюконеогенез жүреді. Бауыр жасушаларының басқа жасушалардан ерекшелігі олар глюкозаның концентрациясына байланысты глюкозаны екі жақты: жасушааралық зат пен қанға өткізе алады. Сонымен, бауыр қандағы глюкоза мөлшерінің тұрақтылығын сақтап, глюкостатикалық қызмет атқарады.
2.Науқастың терісі және склерасы сарғайған, зәрінің түсі қоңыр, нәжісі – түссіз. Диагнозды анықтау үшін қандай биохимиялық талдау жасау керек. Механикалық сарғыштану болады.Қан биохимиясын талдау арқылы
Диагнозды нақтылау үшін энзимодиагностика жүргізу қажет; лдг5, АлАТ, ЩФ, ГГТ белсенділігін анықтау қажет. Механикалық сарғаю кезінде ЩФ (сілтілік фосфатаза) және ГГТ (Гамма-глутамилтрансфераза) белсенділігі артады.