Науқастың жүрек бұлшық етінің жедел зақымдануы (некроз - өліеттену немесе инфаркт) дамыған. Миокард инфаркты кезінде қанның құрамында қандай ферменттер мен нәруыздар артады?
Ферменті АЛТ және АСТ Жалпы лактатдегидрогеназа (LDH) - организмнің барлық дерлік жасушаларында болатын және глюкозаның кәдеге жаратылуына қатысатын фермент. LDH деңгейі миокард инфарктісімен, бауырмен, қанмен, бүйрек патологиясымен жоғарылайды. Миокард инфарктісімен ол 10-14 күн бойы көтеріңкі күйде қалады. Миоглобин - миокард инфаркп баеталганнан 4 сагаттан кешн пайда болады, 22 сагат откенде белоктьщ концентрациясы калпы на келедг Бул белок тек ауру диагнозын аныктау ушш емес,
оны болжау бшу ушш де кажет. Миокард инфаркт кезінде алгашкы сагаттарда миоглобиннің коп молшерде болуы аурудың жагдайының киындыгын корсетеді
«Индикаторлық белоктарға» жататын тропонин С миокард инфарктісі болған 100% наукастардын канында болады. Бұл белок кардиоарнайылық маркер және инфаркт болғаннан кейін 2,5 сағат арасында пайда болады. Алғашқы ұстама пайда болғаннан бастап 12 күнге дейiн белоктын мөлшері жоғары деңгейде болады. Максималды жоғарылау 12-14 сағат өткеннен кейін байқалады. Осы белокты 14 тәулік өткеннен кейін де кан құрамынан аныктауга болады.
Миоглобин миокард инфаркті басталғаннан 4 сағаттан кейін пайда болады, 22 сағат еткенде белоктын концентрациясы калпына келеді.
Бұл белок тек ауру диагнозын аныктау үшін емес, оны болжау білу үшін де кажет. Миокард инфаркт кезінде алғашқы сағаттарда миоглобиннін көп мөлшерде болуы аурудың жағдайының киындығын көрсетеді.
6-билет 1. Глюкоза, химиялық табиғаты, қандағы қалыпты мөлшері, гипергликемия және глюкозурия туралы түсінік, себептері. Қанның қанты негізінен глюкоза болып саналады. Қалыпты жағдайдағы мөлшері – 3,4-6,1 ммоль/л (жаңа мәліметтерге сәйкес).
Қанда глюкозаның көбеюі гипергликемия деп аталады. Физиологиялық гипергликемия жеңіл сіңетін, аз уақытта тез қорытылатын көмірсуларды көп мөлшерде пайдаланғанда байқауға мүмкін. Бұл жағдай тез өтеді және аз уақытты. Патологиялық гипергликемия – қант диабетінде байқалады, бұл көмірсулар алмасуының бұзылуына алып келіп соғады, бүйрек үсті безінің гиперфункциясы кезінде, ми ісігінде және тағы басқа жағдайларда байқалады.
Қанда глюкозаның мөлшерінің азаюы гипоргликемия деп аталады, ол ұзақ ашыққанда, ауыр дене жұмысында, инсулин артық болғанда немесе инсулинді артық мөлшерде ағзаға ендіргенде байқалады. Осы жағдайлар ауыр күйге ұшыратады – бас айналып , аяқта әлсіздік , солғындық, суық тер, ми зақымданады, кома дамиды себебі нерв жасушаларына тек глюкоза ғана энергияның көзі болып табылады. Кома жиі және ұзақ уақытқа созылса, мидың жасушаларында дегенеративтік өзгерістер пайда болады.
Гликозурия - зәр құрамында қанттың пайда болуы (ауырмаған жағдайда болмайды). Гликозурия физиологиялық және патологиялық болып бөлінеді. Жаңа бөлінген зəрде 0,355 ммоль/л шамасындай глюкоза болады. Ал глюкозурия (глюкозаның көбейген кезі) кезінде зəрдегі глюкоза мөлшері кенеттен көбейіп кетеді. Сөйтіп 33,3-66,6 ммоль/л шамасына дейін жетеді. Мұндай жағдай адамда жəне жануарларда анестезиядан кейін, немесе ішкі сезім билегенде жəне қант диабеті ауруы кезінде байқалады.
2. Жер сілкінісінен кейін науқас ауыр заттың астында ұзақ уақыт қалып қойған, оның бұлшық етінің жаншылуы байқалады. Бұлшық ет зақымдануы кезінде қанда қандай ферменттердің мөлшері артады?