1-билет Гормондар және олардың химиялық классификациясы



бет1/12
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#125853
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
БХ 2РК ОТВЕТІ


1-билет

  1. Гормондар және олардың химиялық классификациясы

hогmао - грек сөзiнен шыққан (қоздырамын, қозғалтамын) деген мағынаны білдіредi.


2. Пробиркаға шамамен 3 мл қан сарысуын құйыңыз, аммоний сульфатының қаныққан ерітіндісіне тең мөлшерде қосыңыз және араластырыңыз. Аммоний сульфатының жартылай қаныққан ерітіндісі шығады. Ақуыз тұнбасы – глобулин
Жаңа бөлінген қан тез ұйиды, формалық элементтер тұнбаға түседі ал тұнбаның үстінде сарысу деп аталатын мөлдір сарғыш түсті сұйықтық пайда болады. Сондықтан қан сарысуы құрамында фибриногені жоқ плазма деп те аталады.
• Қан сарысуында альбуминдер мен глобулиндер болады. Егер барлық қан сарысуының белоктарын 100% деп есептесек, оның ішінде альбуминдер 60%, ал глобулиндер - 40% болады.
Альбуминдер мен глобулиндер теріс зарядталған, бірақ бұл белоктардың заряд мөлшері мен молекулалық массасы әртүрлі болғандықтан , оларды электрофорез әдісімен өте жеңіл жеке фракцияларға бөліп алуға болады.
Қан сарысуының негізгі фракциялары:

  • Альбуминдер 50-60%

  • Альфа1-глобулиндер 0-5%

  • Альфа-2-глобулиндер 5-10%

  • Бета-глобулиндер 10-15%

  • Гамма-глобулиндер 15-20%

Глобулиндер фракцияларындағы белоктардың жеке өкілдері:

  • Альфа-глобулиндер - антитрипсин, альфа-2 макроглобулин, гаптоглобин, альфа-липопротеин және т.б.

  • Бета-глобулиндер- бета-липопротеин, трансферрин және т.б.

Гамма-глобулиндер- иммуноглобулиндер, С-реактивті белок (СРБ) және т.б.
2-билет

  1. ТАГ тың организмдегі мәні, Тізімдеу

Организмнің барлық тіндерінде ТАГ синтезі жүреді, әсіресе бауыр мен май тінінде (коңыр май тіні емес) бұл процес өте қарқынды өтеді.
1. Энергия көзі. 1г майлар тотыққанда 38,9 кДж энергия бөлінеді.
2 .Эндогенді судың көзі. 100 г май тотыққанда 107 г су түзіледі.
3. Еріткіштік қызметі- майда еритін витаминдердің сіңірілуіне қажет.
4. Дене температурасын тұрақты ұстап тұруға қатысады.
5. Мүшелер мен тіндерді механикалық зақымдалудан қорғайды.
Организмнің барлык тіндерінде ТАГ синтезі жүреді, әсіресе бауыр мен май тінінде (қоңыр май тіні емес) бүл процес өте каркынды өтеді.
ТАГ синтезін шартты түрде 3 сатыға бөлуге болады:
Бірінші сатысы: май кышқылдарының активтенуі. (бетта-тотығу сиякты май қышқылдары липогенезге жұмсалу үшін алдымен өзінің активті формасына -ацил~SКоА-ға айналуы керек. Бұл сатьда май қышқылдары ацил~SКоА синтетазаның әсерінен АТФ-пен әрекетгесіп, НSКоА-ны қосып алып активті өнім -ацил~SКоА тузеді, АМФ пен пирофосфат бөлініп кетеді.
Екінші сатысы: Глицерофосфаттың түзілуі.
Глицерофосфат организмде негізінен екі түрлі жолмен түзіледі: гликолиз кезінде түзілген аралық өнім - диоксиацетонфосфат (ДОАФ) фосфогли- цериндегидрогеназа ферментінің әсерінен кайтымды түрде НАДН2-мен тотықсызданып фосфоглицеринге айналады. Бұл фосфоглицериннің бірінші түзілу жолы; екінші түзілу жолы - бауыр, бүйрек, ішек, сұр май тіні және сүт бездері сияқты глицеринкиназа активтілігі жоғары тіндерде майлардың ыдырауында босап пыққан глицерин глицеролкиназа ферменттің әсерінен АТФ аркылы фосфорланып 3-фосфоглицерин түзеді.
Үшінші сатысы: фосфатид қышқылыньщ түзілуі. Бүл сатыда ацилтранс- фераза ферментінің әсерінен 3-фосфоглицерин екі активті май кышкылы - екі ацил~SКоА-мен әрекеттесіп фосфатид қышқылын түзеді. Фосфатид кышкылы ТАГ-дан баска көптеген фосфолипидтердіңтікелей негізін салушы ортак аралық өнім.
Төртінші сатысы: түзілген фосфатид кышкылы фосфатидил фосфатаза әсерінен дефосфорланып 1,2-диацилглицеринге (ДАГ) айналады. Ол ары карай сәйкес ацилтрансферазаның қатысуымен үшінші активті май кышқы- лын (ацил қалдығын) косып алып триацилглицерщ түзеді (2.4-сурет). Ішек кілегей қабатынан баска барлык органдар мен тіндерде ТАГ синтез! осы жоларкыЛБГжүреді. Бұны фосфатидті жол деп атайды. Ал ішек каоырғасында ТАГ-дың негізін салушы косылыс фосфоглицерин емес, бетта- моноацилглицерин ( бетта-МАГ) болып табылады. Сондықтан ішектегі ТАГ синтезін моноглицеридті жол деп атайды
триацилглицерол

  1. Қандағы глюкоза деңгейі 2,0 мМоль / л. бұл жағдай қалай аталады? Қандағы глюкозаның қалыпты деңгейін атаңыз. Бауырда қандай процесс қарқынды жүреді гликогеногенез немесе гликогенолиз бе?

Қандағы глюкозаның қалыпты деңгейі 3,4-6,1 мМоль\л (жаңа мәліметтерге сәйкес)
Қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы гипергликемия болады, ал төмендеуі гипогликемия болады. Бұл жағдайға сәйкес 2,0 мМоль/л қандағы глюкозаның қалыпты деңгейінен төмен болғандықтан, *гипогликемия* болады.
Бауырда қарқынды жүретін процесс глюкогеногенез болып табылады. Гликогеннің тузілуі гликогеногенез деп аталады.
Гликогеногенез глюкокиназа (бауырда) жэне гексокиназа (баска тіндерде) ферментінің қатысуымен глюкозаның фосфорлануынан басталады, осы реакция нәтижесінде глюкозо-6-фосфат түзіледі, Екінші сатысында глюкозо-6-фосфат фосфоглюкомутаза ферментінің әсерінен глюкозо-1-фосфатқа айналады. Содан кейін нуклеотидтік алғы затының (УДФ- глюкоза) синтезі жүреді. Уридиндифосфат-глюкоза УТФ пен глюкозо- 1-фосфаттың әрекеттесу реакциясы нәтижесінде түзіледі:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет