7-билет 1. Гормондардың жалпы қасиеттерін атап шығу. Гормондардың рецепторлары Құрылысындағы айырмашылыққа карамастан барлық гормондарда ортақ касиеттер болады, бұны гормондардың жалпы касиеттері деп атайды.
Әсер ету арнайылығының жоғары болуы. Гормондардың арнайылығы гормондардың химиялық құрылыстарына, синтезделетін орнына, байланысатын рецепторлардың түріне, әсер ету механизміне, нысана жасушаларына және физиологиялық эффектісіне тікелей байланысты. Кез келген гормон бүкіл метоболизм процесіне әсер етпейді, тек белгілі бір заттар алмасуына немесе бір топ реакцияға әсерін тигізеді.
Қуаттылығы. Гормондар қанда өте аз мөлшерде болса да, өте күшті әср ете алады
Секрециялануы. Гормондар ішкі секреция бездері (эндокриндік бездер endo-ішкі, krinen-бөлемін) деп аталатын ерекше тіндерде түзіледі. Бұл бездердің өнімдері тікелей қанға бөлінеді немесе тіндік сұйықтыққа, лимфаға, одан кейін қанға түседі. Гормондар үзіліссіз түзіліп отырады, бірақ қанға аз мөлшерде түсіп, уүшті биологиялық эффект көрсетіп, ыдырап отырады.
Қашықтықтан әсер етуі(дистанттылығы). Гормондар түзілген орнынан әр түрлі қашықтықта әсер етеді
Гормондар қанда бос күйінде және белоктармен байланысқан күйде болуы мүмкін. Бос гормондар биологиялық белсенді, ал белоктармен байланысқанда белсенділігі уақытша жойылады. Байланысқан гормондар суда жақсы ериді, олар гормондардың тасымалдану түрі және қоры болып саналады
Уақытша әсер етуі. Гормондар қысқа уақыт әсер етеді. Бұл олардың жартылай ыдырау уақытының аз болуына байланысты. Белоктық-пептидтік гормондар, адреналин мен норадреналин 3-10 минут ғана өмір сүре алады. Бұларды стресс гормондары деп атайды. Ал, стероидты және тироидты гормондар ұзағырақ әсер етеді- бірнеше сағат, тіпті бірнеше тәулік, кейбір жағдайларда апталар бойы өмір сүреді. Оларды бейімділік гормондары деп атайды
Барлық гормондар өз әсерін рецепторлар арқылы тигізеді. Рецепторлармен басқа да заттар, мысалы, дәрілік заттар, биогенді аминдер және басқа да заттар байланысуы мүмкін. Рецепторлармен байланысатын заттарды – лигандтар деп атайды.
Гормондардың рецепторы – белоктар. Олар гормондардан қабылданған сигналды жасуша ішіндегі метобализмнің тіліне аударады. Олар жасушада ядрода ,цитоплазмада , жасуша органелласының мембранасында орналасады
Рецепторлар барлық жасушаларда кездеспейді және де біркелкі орналаспайды. Жасушаларда немесе тіндерде белгілі бір гормондарға сәйкес рецепторлар бар болса, оларды нысана-жасушалар (тіндер) немеес гормонға тәуелді жасушалар деп атайды.
Стероидты және тироидты гормондардың рецепторлары цитоплазмада немесе ядрода орналасады.
2. Қандағы глюкоза деңгейі 2,0 мМоль / л. бұл жағдай қалай аталады? Қандағы глюкозаның қалыпты деңгейін атаңыз. Бауырда қандай процесс қарқынды жүреді гликогеногенез немесе гликогенолиз бе? Қандағы глюкозаның қалыпты деңгейі 3,4-6,1 мМоль\л (жаңа мәліметтерге сәйкес)
Қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы гипергликемия болады, ал төмендеуі гипогликемия болады. Бұл жағдайға сәйкес 2,0 мМоль/л қандағы глюкозаның қалыпты деңгейінен төмен болғандықтан, *гипогликемия* болады.
Бауырда қарқынды жүретін процесс глюкогеногенез болып табылады. Гликогеннің тузілуі гликогеногенез деп аталады.
Гликогеногенез глюкокиназа (бауырда) жэне гексокиназа (баска тіндерде) ферментінің қатысуымен глюкозаның фосфорлануынан басталады, осы реакция нәтижесінде глюкозо-6-фосфат түзіледі, Екінші сатысында глюкозо-6-фосфат фосфоглюкомутаза ферментінің әсерінен глюкозо-1-фосфатқа айналады. Содан кейін нуклеотидтік алғы затының (УДФ- глюкоза) синтезі жүреді. Уридиндифосфат-глюкоза УТФ пен глюкозо- 1-фосфаттың әрекеттесу реакциясы нәтижесінде түзіледі: