1 билет ішкі аурулар туралы ілімнің даму тарихы және орыс және кеңестік терапевтік мектептердің қысқаша сипаттамасы


Лимфа жүйесінің терісін, шырышты қабығын , тері астындағы май тінін зерттеу



бет26/57
Дата29.04.2022
өлшемі127,46 Kb.
#32763
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57
Байланысты:
Билеты ВБ каз

Лимфа жүйесінің терісін, шырышты қабығын , тері астындағы май тінін зерттеу.



  1. Плевра қуысында тоқыраған сұйықтықтың жиналу синдромы (гидроторакс).

Өкпе қабының қуысына сұйықтық жиналу синдромы. Плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы синдромы деп плевра жапырақшаларының зақымдануы немесе организмдегі су-электролиттердің алмасуының жалпы бұзылыстары нәтижесінде плевра қуысында сұйықтық жиналғандықтан пайда болған клинико-рентгенологиялық және лабораториялық симптомдар жиынтығын атаймыз. Плевра қуысында 5—6 литрге дейін сұйықтық жиналуы мүмкін. Егер сүйықтың көлемі 100 мл аспаса, ол клиникалық әдістер арқылы анықталмайды, 100 мл-ден артық сұйықтық рентгенограммада көрінеді, әсіресе лапароскопия жасағанда. Алдымен сұйықтық диафрагма үстінен анықталады, кейін қабырғалық-диафрагмалды синуста жиналады, бұл кезде 1500 мл-ге дейін сүйықтық жиналуы мүмкін. Плевралды сұйықтық көп жиналса, ол тыныс алу мен қан айналу қызметгерін нашарлатады. Плевриттер басым көпшілік жағдайда біріншілік ауру емес. Олар өкпенің, кеуде клеткасының, аралықтың, диафрагманың, диафрагма асты кеңістігінің зақымдануында жүйелі аурулардың асқынуы нөтижесінде пайда болуы мүмкін. Клиникалық белгілері. Өкпе қабы қуысында сұйықтығы бар науқастардын ең негізгі шағымдарына ентігу жатады, науқас кеуде клеткасының ауырған жағына ауыр салмақ түскендей сезім сезеді. Науқасты жалпы қарап көріп тексергенде, оның кеуде тұлғасының жоғарғы бөлігін көтеріп мәжбүр қалде отырғаны өзіне назар аударт-қызады. Ауру адам сұйықтың жиналған жағына қарай жатады. Егерде сүйықтық өкпе қабы қуысында үлкен көлемде жиналса, онда дамыған тыныс алу қызметінің жетіспеушілігінің нәтижесінде тері жабындыларының және көзге көрінетін шырыш қабықтарының көгеруі анықталады. Егер ол медиостеналдық бөлігінде орналасып қалталанса, ол ауруларда дисфагия (тамақты жұту және өңеш арқылы өтудің бұзылуы), беттің, мойынның ісінуі, дауыстың қырылдауы анықталуы мүмкін. Бұл кезде мойынның көк тамырлары білеуленіп тұрады. Өкпе қабында сұйықтық жиналған жақта дем алуға байланысты қимыл көлемі шектеледі. Жүдеу, бұлшық еттері нашар дамыған науқастарда қабырға аралықтары тегістеліп, тіпті түгел бұлтиып шығып тұрады. Мұндай науқастың қабырға аралықтары кеңейген. Науқастарды қарап тексерген кезде : ауру жақ өсіңкі және тыныс алғанда қалыңқы болады.

  1. Пальпция арқылы: дауыс дірілі әлсірейді не жоқ болып кетеді

  2. Перкуссия арқылы: өкпе дыбысы әлсірейді, не тынық дыбыс анықталады. Өкпе шетінің экскурсиясы азайғаны байқалады.

  3. Аускультация арқылы: везикула дыбысы әлсірейді немесе ешқандай дыбысы естілмейді; бронхофония әлсірейді не жойылып кетеді.

3. Стражесконың "зеңбірек" үні мен "бөдене"ырғағының пайда болу механизмі мен себептері.

Оқытушы Турлубеков К. К.
7 Билет

1. Бұлшықеттерді, буындарды, сүйектерді зерттеу (тексеру) Бұлшық еттерді тексеру

• Тексеру кезінде Бұлшық ет дамуының дәрежесі

• Жақсы –( Елеулі) - бұлшық ет үстінде шығыңқы айқын көрінеді, аяқтары қалың,

сүйек шығыңқы көрінбейді;

• Қанағаттанарлық – (орташа) – шығыңқы анық көрінеді, аяқтары жеткілікті толық,

сүйек шығыңқы жерлері аз көрінеді;

• Әлсіз-бұлшықет аймағында дөңес жоқ, аяқтары жұқа, сүйек шығыңқы бедерлі.

•Пальпация кезінде.Бұлшықеттер тонусы қалыпты жағдайда жақсы немесе

қанағаттанарлық тонус (бұлшықеттер қалыпты тығыз, серпімді) ;

• жоғары тонус (бұлшық еттердің тығыздығы асимметриялық жоғарылайды) – жүйке жүйесі

зақымданғанда

• төмен тонус (бұлшықеттердің босаңсуы) бұлшықетке жүктемені азайту, зат алмасудың

бұзылуы, жүйке, буындар, сүйектер аурулары кезінде-атрофиямен (дамымауы) жиі үйлеседі.

Бұлшық еттер күші

• Білезік бұлшық ет күшін анықтау үшін науқасты дәрігер адамның қолын бір

уақытта екі қолмен сығуды сұрайды және қысым күшін салыстырады.

• Жазу бұлшықеттерінің күшін зерттеу үшін дәрігер науқастың буынында иілген аяқ қолын бүгуге тырысады, ол осындай жағдайда ұстап тұрады.

• Қолды немесе аяқтарды бүгу бұлшық етінің күшін анықтау үшін дәрігер науқасты аяқтарын

бүгілген күйде ұстап тұруды сұрайды

Буынды зерттеу

• Науқастың әр түрлі жағдайларында (тұрып,отырып, жатып, сондай-ақ қозғалыс кезінде)

жүргізіледі.)

• Белгілі бір тәртіппен - " жоғарыдан төмен»

• Симметриялық буындарды салыстырады

• Рет-ретімен қарайды, пальпациялайды (сезеді), қозғалыс көлемін анықтайды.

Буынды қарап тексеру

• Буынның үстінде терінің гиперемиясын,ісінуін, пішінін (конфигурациясын) сипаттайды

Буындардағы қозғалыс көлемі

Белсенді және пассивті қозғалыстарды бағалаймыз.

• Белсенді қимылдарды пациенттің өзі жасайды

• Енжар (бүгу, жазу, шығару, аяқ – қол келтіру) - дәрігер өз бұлшық еттерінің толық босаңсуы кезінде пациенттің буындарында қозғалыс жасайды

• Қозғалыс көлемін зерттеу бұрышпен орындалады.

• Осы буындағы әрбір ықтимал қозғалыс кезекпен бағаланады (бүгу, жазу, келтіру, бұру, ротация яғни айналдыру, супинация пронация (бұл алақанның, білектің немесе аяқтың кеңістіктегі бағдарын анықтайтын қозғалыстар)

Сүйектерді тексеру

• Дененің бөлігін қарау кезінде (мысалы, қол немесе аяғы) сүйек сегменттерінің ығысуын

көрсететін өзгертілген пішін болуы мүмкін

• Сүйектің бетін сезу (пальпация) кезінде ауырсынуды, әсіресе сыныққа, ісікке немесе

сүйек инфекциясына (остеомиелит) күдіктенген кезде анықтаймыз.
2. Плевра қуысында ауаның жиналу синдромы. Пневмоторакс – плеврада ауа жиналу – плевра қуысы мен бронх арасында байланыс.

Даму жолы: әртүрлі жағдайларға байланысты плевра жапрақшаларының бүтінділігі бұзылып оның қуысына ауа жиналады

Себептері:-өкпе абсцессы,

-туберкулез кавернасы,

-бронхоэктазы,

-өкпе рагының плевраға жақын орналасуы,

-кеуде жарақаты,

-жасанды пневмоторакс – емдеу шаралары.

Ауа жиналу жолдарына байланысты пневмоторакстың 3 түрі болады;

Ашық ПНТ –бронх талы мен плевра қуысы арасындағы қатынас тыныстың 2 кезеңіндеде болады- плевра қуысында қысым =атмосфералык кысымга. тең;

Жабық ПНТ- плевраның тесігі тез жабылып ара қатынас жоқ - плевра қуысында қысым – теріс

Клапандық ПНТ –ауа плевра құысына тек тыныс алғанда кіреді –ондағы қысым - оң

Сұрап тексеру:

1.Шағымдары: Жөтел;Қақырық – іріңді, қанды, жағымсыз иісті, көп мөлшерде;

Ентігу Дене қызуының көтерілуі - ентігу – ателектазға байланысты өкпенің қысылуы - тыныстық көлемі азаяды ;- кеуде бүйіріндегі ауру сезімі өте айқын – плевра тітіркенуі;

1.Жалпы қарау – жағдайы ауыр, айқын ентігу – отыруға мәжбүрлі кейпі, терісі мен кілегей қабаттары –көкшіл, мойылдырық веналарының толуы айқын бейнеленеді;

2.Кеуде қуысын қарау:

- пішіні – бір жартысының көлемі үлкеюі;

- тыныс алуда қалысуы;

- қабырғаралықтардың тегістелуі;

3. Пальпацияда – дауыс дірілі әлсірейді немесе мүлдем анықталмайды

4. Перкуссияда: а)салыстырмалы –пневмоторакс үстінде - тимпаникалық дыбыс

тимпаникалық дыбыс – ауасы бар немесе бронхпен байланысқан қуыс үстінен анықталады;

тұйықталған тимпаникалық дыбыс - бос, айналасында қабынулық тін бар қуыс үстінен анықталады;

тұйықталған немесе айқын тұйық дыбыс – қуыс ішінде сұйықтық болса анықталады

б)топографиялық - шекараның жоғарлауы

5. Аускультацияда – а) негізгі тыныс шуы – везикулярлы - әлсіреген немесе мүлдем естілмейді.

3. Артериялық импульстің қасиеттері. Альтернативті, дикротикалық pulsus differaens себептері. Артериялық пульс дегеніміз – жүрек қызметіне және қолқадағы қан қысымының жоғарылап-төмендеуіне байланысты артерия тамырлар қабырғасының соғуы . Пульсті пальпаторлы (сипау) әдісімен білек, самай, ұйқы артерияларында анықтайды

Пульс Жиілігі —1 минуттағы пульс толқынының саны. Қалыпты жағдайда үлкен адамдардың пульс жиілігі жүрек жиырылу жиілігіне сай болады және минутына 60-80 соққыға тең. Егер пульс жиілігі минутына 60 соққыдан кем болса, бұл-брадикардия, егер 80 артық болса — тахикардия. Пульстің болмауы-асистолия деп аталады. Кейде пульс соққысы сандары жүрек жиырылу сандарынан кем болады (пульс жеткіліксіздігі).

Пульстің ырғағы — пульстік толқындар арасындағы уақытша аралық. Егер ол бірдей болса, пульс ырғақты (үнемі); егер бірдей болмаса– аритмиялық болады. Қалыпты жағдайда пульстік толқындардың арасындағы уақыт бірдей болады. Жүрек аурулары бар адамдарда дұрыс ырғақ бұзылады, бұл аритмия деп аталады

Кернеу пульс соғып тұрған артерияны толық басу үшін зерттеушіге қажет күшпен анықталады (пульстің жоғалуы). Бұл пульстің қасиеті систолалық артериалды қысым көлеміне байланысты болады. Қалыпты қысым кезінде артерия аздаған күшпен басылады, немесе оны қанағаттанарлық кернеулі пульс дейді. Қан қысым жоғары болған сайын, артерияны басу қиынға соғады, сондықтан жоғары қысымда артерия қатты басылады - бұндай пульс керілген (қатты)деп аталады. Қан қысым төмен болғанда артерия жеңіл басылады - жұмсақ (керілмеген) пульс деп аталады.

Толу систола кезінде сол қарыншадан қолқаға түсетін қанның мөлшеріне байланысты болады. Қанның қалыпты соққы мөлшерінде және артерияның жеткілікті қанға толуы кезінде толық пульс сезіледі. Қанайналым бұзылғанда, қан кеткенде пульстің толуы азаяды, пульстік толқындар нашар ажыратылады - бұндай пульс бос деп аталады. Әзер сезілетін пульс жіп тәрізді деп аталады.

Сан артериясы шап аймағында жақсы байқалады, санды түзу күйінде сәл сыртқа қарай бұрған кезде –жеңіл тексеріледі. Тізе асты артериясынан пульсті анықтау үшін науқасты ішіне жатқызып, тізе асты щұңқырынан сезіледі. Артқы үлкен асық жілік артериясы ішкі тобық тілерсек астаушасында пальпацияланады; сыртқы табан артериясын табанның сыртқы бетінде, бірінші сүйек аралық кеңістіктің проксималды бөлімінде сезіледі..

Pulsus differens (лат. differens - әртүрлі) - патологиялық импульстің нұсқасы, оның екі радиалды артерияда бірдей емес толтырылуы орын алады.Себебі (қолқаның аневризмасы, ортаңғы ісік, митральды стенозбен сол жақ жүрекшенің ұлғаюы).


________________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет