1-билет. Жасуша туралы ғылым


Жануарларды сұрыптаудың әдістері



бет34/39
Дата25.11.2023
өлшемі178,37 Kb.
#126061
түріҚұрамы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
1-билет. Жасуша туралы ғылым-emirsaba.org

Жануарларды сұрыптаудың әдістері .


Жануарларды сұрыптау (лат. selectіo – таңдау, сұрыптау) – малдың жаңа тұқымдарын шығару және оларды жақсарту тәсілдері туралы ғылым; зоотехния саласы.
Бұның мақсаты: малдың өнімділігін және түрлі ауруға төзімділігін арттыру, тіршілік мерзімін ұзартып, қазіргі өндіріс технологиясына бейімдеу. Қазақстанда өнімді аз беретін жергілікті мал тұқымдарын сұрыптау, іріктеу, оларды мол өнімді тұқымдармен будандастыру арқылы малдың жаңа тұқымдарын шығару іске асырылды. Республика селекционерлері тұқым таңдау, жұптастыру, аса бағалы генотиптерді іріктеп, селекцияда пайдалану, алынған тұқымдардың қоршаған ортаға бейімделуі, алыстекті будандастыру мәселелерімен айналысты.
Қазақтың ақбас сиыры, әулиеата, алатау сиырлары, қазақтың биязы жүнді қойы, оңтүстік қазақ мериносы, солтүстік қазақ мериносы, биязылау жүнді дегерес қойы қазақ арқар-мериносы, кеңес жүндес ешкісі, қостанай, көшім жылқылары, жабы тәріздес қазақ жылқысы, жетісу шошқасы, сонымен қатар үйректің «Медеу» (1983), тауықтың «Алатау» (1985) кростары шығарылды. Сондай-ақ қырдың қызыл, галловей, санта-гертруда сиырларының тұқымын жақсарту әдістері ұсынылды. Айршир, қалмақ сиырларының таңдаулы табындары мен кроссбред қойының отарлары құрылды, биязылау жүнді және құйрықты қой типтері шығарылды. Ж. с. саласындағы жұмыстарға асыл тұқымды мал з-ттары, мемл. тұқым жақсарту ст-лары, т.б. мекемелер қатысады. Ұлттық академиялық агр. зерттеулер орталығына қатысты ғыл.-зерт. ин-ттары бағалы генотиптер табу, оларды пайдалану әдістерін өндіріске енгізу, асылтұқымды айғыр, қошқар, бұқа, теке, қораз тұқымдарын алу үшін жыныстық жұптастыру тәсілін жетілдіру, генотипті мал ш-н интенсивтендіру талаптарына сай келетін жағдайлар іздестіру бағыттарында жүргізіледі.‎

23-билет.


  1. Өсу заттары.

Биологияда «өсу заттары» деп фитогормондарды ғана емес, өсімдік ағзасындағы өсу үдерістерін арттыруға қабілетті әрі табиғи, әрі жасанды (синтетикалық) бірқатар затты атайды. Сонымен қатар «өсу заттары» деген термин кейде «өсу факторлары» деген терминнің аналогы ретінде қолданылады. Бірақ соңғы термин көбінесе өсімдіктерге емес, саңырауқұлақтар мен микроағзаларға қатысты айтылады.

Өсімдіктерде өсуді ынталандыратын (стимулдайтын) үш классикалық, табиғи фитогормон бар екені естеріңде болар. Бұлар – ауксин, гиббереллин және цитокинин. Физиолог-ғалымдар бұл заттардың әрқайсысының әсерін бөліп қарастырғанымен, табиғатта өсімдік ағзасында осы өсу заттарының ешқайсысы абсолютті түрде жеке әсер ете алмайды. Өсімдікте әрқашан өсу гормондарының қандай да бір қоспасы өндіріледі. Өсімдік түріне, оның жеке ерекшеліктеріне, өсу жағдайлары мен физиологиялық қажеттіліктеріне байланысты үш гормонның екеуі немесе барлық үш гормон жасушалар мен ұлпаларға әртүрлі пропорцияда өндіріледі және әсер етеді. Мысалы, қосалқы тамыр қарқынды дамыған кезде ауксин мен цитокининнің әртүрлі қоспасы әсер етеді. Ал сабақ өскенде және тармақталғанда ауксин мен гиббериллин қоспасы әсер көрсетеді.
Яғни «өсу заттары» деген түсініктің өзі кең мағынада қолданылады және стимулдайтын үш фитогормоннан тұрады. Олардың түрлі арақатынастағы қоспасы және бірқатар басқа заттар (өсу факторлары) өсімдіктер, сондай-ақ саңырауқұлақтар, микроағзалар, соның ішінде бактериялар жасушаларының өсуі мен көбеюін стимулдауға қабілетті.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет