1 билет Кинематика элементтері. Материалдық нүкте және оның орны. Треактория, жол, орын ауыстыру векторы, жылдамдық және үдеу



бет44/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,58 Mb.
#19324
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   128
2. Жарық күші. Егер нүктелік жарық көзінен шыққан жарық барлық жаққа бірдей таралып, толық денелік бұрыш 4π стередиан, барлық жарық ағыны Ф болса, онда 1 стередианған тең денелік бұрышқа келетін жарық ағыны, яғни жарық күші мынаған тең:

(3)
Практикада кездесетін жарық көздерінен шығатын жарық ағыны барлық жаққа бірдей таралмайды. Сондықтан мұндай жағдайларда (3) өрнек тек орташа жарық күшін көрсетеді, ал - орташа сфералық жарық күші деп аталады. Берілген бір бағыттатаралатын жарық күшін табу үшін, осы бағыт бойынша элементар денелік бұрыш алынып, сол денелік бұрышқа келетін жарық ағыны өлшенеді. Сонда осы бағыттағы жарық күші былай өрнектеледі:

(4)

Егер жарық ағыны барлық жаққа бірдей таралатын болса, жарық көзінен шығатын толық жарық ағыны (3) формулаға сәйкес мынаған тең:



(5)

Берілген жарық көзінен шығатын жарық ағынын оптикалық система көмегімен бір бағытта шоғырландыруға болады. Онда сол бағытта жарық күші артады, оның есесіне басқа бағытта жарық күші кемиді.



3. Жарықталыну. Өздері жарық шығармайтын денелер оларға жарық түскенде ғана көрінеді, өйткені ондай денелерге түскен жарық азды-көпті шағылып жан-жағына шашырайды. Дене дербес жарық көзі тәрізді болады. Дене неғұрлым күштірек жарықталса, соғұрлым жарық күштірек шашырайды. Дененің жарық болу дәрежесін сипаттау үшін жарықталыну деген шама енгіземіз. Сонда жарықталыну деп сәуле түскен беттің аудан өлшем бірлігіне келетін жарық ағыны айтылады:

(6)

мұндағы – дененің бетіне түскен жарық ағыны,- жарықталыну, - беттің ауданы. Мысалы, жарық түскен беттің нүктелік жарық көзінедейінгі қашықтығы болып, сол бетке жүргізілген нормаль мен сәулелер арасындағы бұрыш болса, онда бұл бетке түсетін жарық ағыны мынаған тең:



Денелік бұрыш мынаған тең:



Олай болса жарық ағыны мынаған тең болады:



Жарық ағынының осы мәнін (6) теңдіктегі орнына қойсақ,онда жарықталыну былай анықталады:



(7)

Сөйтіп, беттің жарықталынуы жарық күшіне, түсу бұрышының косинусына тура пропорционал, жарық көзінен бетке дейінгі ара қашықтық квадратына кері пропорционал. Жарықталынудың бұл заңы тек жарық көзінің өлшемдері жарық түсетін беттің өлшемдеріне қарағанда өте кішкене, яғни жарық көзі нүктелік болғанда ғана орындалады.

Сөйтіп, беттің жарықталынуы жарық күшіне, түсу бұрышының косинусына тура пропорционал, жарық көзінен бетке дейінгі ара қашықтық квадратына кері пропорционал. Жарықталынудың бұл заңы тек жарық көзінің өлшемдері жарық түсетін беттің өлшемдеріне қарағанда өте кішкене, яғни жарық көзі нүктелік болғанда ғана орындалады.

4. Жарқырау. Практикада кездесетін жарық көздері аумақты болады. Осындай жарық көзінің dS бетінің бір жағына, яғни – ға тең денелік бұрыш ішінде таралған жарық ағынының сол dS бетіне қатынасы, яғни жарық көзі бетінің әрбір аудан бірлігінен шығатын жарық ағыны жарқырау деп аталады:

(8)

мұндағы - беттен шығатын жарық ағыны.

Жарқырау мен жарықталыну өрнектері бір біріне ұқсас. Бірақ жарқырау өрнегінде - қарастырып отырған жарқырауық беттен шығатын жарық ағынын, ал жарықталыну өрнегінде жарықталынатын бетке түсетін жарық ағынын көрсетеді.

Дербес жарық көзі емес денелердің жарқырауы оның жарықталынуына тура пропорционал, яғни:



(9)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет