«Қорқыт ата кітабы» – түбі бір түркі халықтарының ортақ әдеби жәдігерлерінің бірі, адамзаттың асыл мұрасы ретінде әлемдік деңгейде зерттелген туынды. Негізінен батырлық жырлардың жинағы болып табылатын бұл жазба мұраның Дрезденде және Ватиканда сақталған негізгі екі нұсқасы, сонымен қатар үшінші – Дрезден нұсқасының көшірмесі саналатын Берлин нұсқасы бар.
Бірінші нұсқа Дрезден корольдік кітапханасында Х.Флейшер каталогы бойынша 86-нөмірмен тіркелген, араб әріптерімен жазылған 153 парақтық қолжазба. Қолжазбаның бірінші парағында шығарманың аты «Китаб-ы Деде Коркут ала лисан-и таифе-и Оғузан» (Оғыз тайпасының тіліндегі Қорқыт атам кітабы) деп көрсетілген. Бұл нұсқа төмендегідей 12 жырдан тұрады: 1. Дерсе хан ұлы Бұқаш хан жыры; 2. Салор Қазанның үйінің шабылғаны туралы жыр; 3. Қам Бөрінің ұлы Бамсы Бейрек туралы жыр; 4. Қазан бектің ұлы Ораз бектің тұтқын болғаны туралы жыр; 5. Дұқа Қожа ұлы Делі Домрұл туралы жыр; 6. Қаңлы Қожа ұлы Қан Тұралы туралы жыр; 7. Қазылық Қожа ұлы Йегенек туралы жыр; 8. Бисаттың Төбекөзді өлтіргені туралы жыр; 9. Бегіл ұлы Әмірен туралы жыр; 10. Үшүн Қожа ұлы Секрек туралы жыр; 11. Салор Қазанның тұтқын болып, оны ұлы Ораздың құтқарып алғаны туралы жыр; 12. Іш Оғыздың Сырт Оғызға жау болып, Бейректің өлгені туралы жыр.
Дрезден қолжазба нұсқасының әр беті 13 жолдан тұрады. Мәтінде көбіне дауысты дыбыстарды білдіретін белгі – харакат қойылмаған. Сонымен қатар жырлардың тақырыбы да, жырмен баяндалған тұстары да жеке, бөлек жазылмаған. Тек әр жырдың тақырыбын ғана ірілеп, қоюлап жазған.
Дрезден нұсқасын ең алғаш ғылымға танытқан Х.Ф. фон Диц. Ол Төбекөзге қатысты жырды неміс тіліндегі аудармасымен бірге жариялап, Қорқыт атаға да біраз тоқталған. Диц Төбекөз бен Гомердің «Одиссеясындағы» Полифемді салыстырып, Қорқыт ата кітабындағы жырдың көлемдірек екеніне назар аударып, мұны гректер Шығыстан алған деген пікір айтады.
Екінші нұсқа Ватикан кітапханасында түрікше жазбалар арасында 102-нөмірге тіркелген 107 парақ бұл жинақ екі бөлімнен тұрады. Жинақтың 2а-58а парақтары арасындағы «Хикайе-и Латифе-и Ужубе ве Махжубе-и Зарифе» деп аталатын бірінші бөлімі парсы тілінен түрік тіліне аударылған хикаялардан тұрады. Жинақтың 58в-108а парақтары арасындағы екінші бөлімінде «Хикайет-и Оғызнаме-и Қазан бег ве ғайры» (Қазан Бек және басқаларының оғызнама хикаялары) деген атпен Қорқыт ата жырлары берілген. «Қорқыт ата кітабының» бұл нұсқасы 6 жырдан тұрады. Қолжазбаның 106-107 парақтары жоқ. Дрезден нұсқасы секілді бұл нұсқаның да әр беті 13 жолдан тұрады. Тілдік ерекшеліктері жағынан ескі осман тіліне жақын. Бұл қолжазба, Дрезден нұсқасымен салыстырғанда көлемі шағын болғанымен, бастан-аяқ харакат қойылып жазылған. Осы себепті зерттеушілер Дрезден нұсқасындағы түсініксіз, күмәнді жолдарды оқып, аударуда осы нұсқаға жүгініп отырған.
Ватикан нұсқасындағы жырлар: 1. (Дерсе) хан ұлы Бұқаш хан туралы хикая; 2. Бамсы Берік туралы хикая; 3. Салор Қазанның үйінің шабылғаны туралы хикая; 4. Қазан бектің ұлы Ораз ханның тұтқын болғаны туралы хикая; 5. Қазылық қожа ұлы Йегенек бек туралы хикая; 6. Сырт Оғыздың Іш Оғызға дұшпан болып, Беріктің опат болғаны туралы хикая.
"Оғыз-қаған" эпосы туралы ой толғаңыз
„Оғыз қаған» дастанында негізінен Оғыз батырдың әскери жорықтары, түркі елін сыртқы жаудан қорғаудағы ерлік істері, ел басқарудағы даналығы мадақталады.
Түркі халықтары ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілерінің бірі саналатын „Оғыз қаған» дастанының идеялық мазмүнын терең пайымдау үшін оғыз тайпалары туралы кейбір тарихи деректерді еске түсіру қажет.
Сонымен, оғыздар — ертедегі түркі тайпаларының бірі. Олар көбінесе дерлік Сырдарияның төменгі ағысы мен Қаратау бөктерін мекендеген. Үзақ жылдар бойы көршілес тайпалармен соғысып, Арал теңізінің батысы мен Каспий теңізінің солтүстік жағалауын өздеріне қаратып алады. Кенгар-печенек бірлестіктеріне қарсы IX—X ғасырларда жүргізілген осы соғыстардың оқиғалары „Оғыз қағанның» сюжеттік желісіне негіз болған.
X ғасырда оғыздардың саяси бірлестігі — оғыз мемле- кеті қүрылғанда астанасы Сырдың төменгі ағысындағы Жаңакент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болған.
Оғыз тайпалары бірлестігі 965 жылы Киев Русімен одақтасып алады да, екі жаққа бірдей қатер төндіріп түрған қуатты Хазар қағандығына қарсы соғыс ашады. Ақыры хазарларды жеңіп, Каспий теңізінің солтүстік- шығыс жағалауын да жаулап алады. Арадан жиырма жыл өткен соң оғыздар орыс князьдарымен біріге отырып, Еділ мен Кама өзендері бойындағы бүлғарларды да тас-талқан етіп жеңіп шығады.
Міне, бүл зор жеңістердің бәрі Оғыз мемлекетінің күш-қуатын, саяси беделін бүрьінғыдан да арттыра түседі. Оғыздардың жаужүрек ерлігі туралы алуан түрлі аңыздар тарайды. „Оғыз қаған» дастаны — оғыздар жайындағы осындай аңыз-әфсаналар желісіне қүрылған эпостық ту- ынды.
Тарихи деректер бойынша, қыпшақтардың қатты те- геуірініне төтеп бере алмаған оғыздар XI ғасырдың орта шенінде Дешті Қыпшақтан батысқа қарай ығысып кетеді. Бірақ олардың бәрі бірдей қоныс аударған жоқ еді. Қазақстан жерінде қалып қойған оғыздар бірте-бірте қыпшақ, қаңлы. тағы басқа түркі тектес тайпалармен ара- ласып, солардың этностық қүрамына біржола сіңісіп кет- кені мәлім.
Бұл ежелгі дәуірдің әдеби мүрасынан алғашқы қауымдық қүрылыс пен әуелгі орта ғасырда орын алған тарихи оқиғалардың ізін айқын аңғаруға болады. Мүнда тіпті жеке адамдардың есімдері, нақтылы жер-су аттары, түрлі ру-тайпалар атаулары, т. б. бар.
„Оғыз қаған» дастанындағы жеке адам есімдері, этнос- тық және географиялық атаулар туралы көптеген ғылы- ми еңбектер жазылған. Мәселен, атақты тарихшы-ғалым Н. Я. Бичурин нақты деректер келтіре отырып, Оғыз — есімі тарихтан жақсы мәлім Туманның үлкен ұлы Мөде деп біледі. Ал, Меде белгілі адам. Мөде біздің заманымыз- дан бүрынғы 209 жылы ғүндардың билеушісі — шаньюн атағын алады. Ғүндар кезінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін мекендегені мәлім. Мөде түсында ғүндар қүдыретті мемлекетке айналады. Хан империясы ғұндарға жыл сайын салық төлеп түратын болады. Біздің заманы- мыздан бүрынғы 174 жылы Мөде қайтыс болады.
Сөйтіп, Оғыз қаған — ғүндардың әміршісі Мөденің әдеби бейнесі деген болжам бар.
Ал, енді шығысты зерттеуші белгілі неміс ғалымы Иозеф Маркварт Оғыз туралы мүлдем басқаша пікір айта- ды. Ол Оғыз бейнесінен Шыңғысханның түлғасын көреді. „Мүнда Шыңғысханды (яғни Оғыз қағанды) түркі ха- лықтарының жауы емес, қайта досы етіп, әдейі бүрмалап көрсеткен» деп жазады.
Белгілі орыс ғалымы Г. Н. Потанин: Оғыз қаған белгілі бір тарихи бейне емес, эпостық қаһарман деген пікір айтады. Сондай-ақ Оғыз қағанды Александр Македон- ский немесе қазақтың алғашқы хандарының бірі Жәнібек деп болжам жасаған ғалымдар да бар.
Оғыз қағанды белгілі бір тарихи адам бейнесіне телу, яғни оның тарихтағы нақты прототипін іздеп табу мүмкін емес. Әрине, Оғыздың әдеби бейнесі арқылы белгілі бір тарихи адамдардың реалдық іс-әрекеті көрінген болуы ықтимал. Өйткені „Оғыз қаған» дастаны белгілі бір тарихи оқиғалардың желісі, сүрлеуі, ізі бойынша жазылғаны анық.
Оғыз қағанның анасы — Ай қаған бейнесін ғалымдар көбінесе дерлік отбасының қамқоршысы Үмай ана бей- несімен байланысты түрде алып қарастырады.