«Күлтегін» жырының композициялық құрылысына талдау жасаңыз
Үлкен жазудағы Күлтегін жыры көлемі жағынан 428 өлең жолынан тұрады. Мұның өзі құлпытастағы руналық жазу бойынша есептегенде ұзыннан-ұзақ 53 қатар жазу болып шығады. Бұл жырдың ерекшелігі — бұл жыр бір-бірінен толық дербес тұрған алты хикаядан, яғни алты оқиғадан құралған деуге болады. Бірінші хикая — түрік халқының ұлы ата-бабалары туралы, екінші хикая — түріктерді табғаштардың бағындырып алғаны жөнінде, үшінші хикая — Елтеріс қағанды сипаттауға арналған, төртінші хикая — Қапаған қаған туралы, бесінші хикая — Білге қағанды жыр өткен, алтыншы хикая — Күлтегін туралы жыр.Түрік халқының ата-бабалары ұлы адамдар болғанын жырлауға арналған бірінші хикая — құлпытастағы руналнқ жазудың бірінші— төртінші жолдарын толық қамтиды.
Бірінші хикая — төрт циклдан тұрады. Бірінші циклда — түрік халқының үстіне билік жүргізу үшін бір кезде Білге қағаннын, ата-бабалары отырғаны жырланады, екінші цикл — Білге қағанның ата-бабалары жасаған әскери жорықтар туралы, үшінші цикл — түрік халқының арғы ата-тегінің адамгершілік қасиеттері жоғары болғаны жайында, төртінші цикл — Білге қағаннын, ата-бабаларын жоқтап-жылауға арналған. Күлтегін (үлкен жазу) жырының мазмұны жағынан аса қызықтысы, композициялық құрылысы зор шеберлікпен жасалғаны — алтыншы хнкаясы.
Күлтегін ескерткішінің (үлкен жазу) алтыншы хикаясын Күлтегін батырдың жауынгерлік жорықтары жөнінде жазылған ғажайып жырдастан деуге болады. Алтыншы хикая он үш циклдан тұрады.Міне, осы алтыншы хикаяның бірінші циклы Күлтегіннің әскери қызметінің алғашқы сәттері қалай басталғанын суреттеуден басталады. Бұл циклдың бастауы — он жастағы бала жігітке Күлтегін деген ерлік есім қалай берілгенін төрт жол жырда баяндап береді. Сосын оқиға желісі ұлғайып, Күлтегіннің туған жер үшін жүргізген қанды шайқастары (он жол өлеңде) көрсетіледі. Ал, циклдың қорытынды бөлімінде (бір жол жыр) Күлтегіннің теңдесі жоқ жеңістері жыр болады. Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, жақсы өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанның алданған сәттерінде:
Бек ұлдары — кұл болды,
Пәк қыздары — күн болды.—
дейді. Жыр сонында Күлтегін өлгенде бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап-жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көп елшілер, батырлар, тас қашайтын шеберлер, таңбашылар (мөр иесі), бектер, т. б. келгені айтылады.
№6 Сұрақтар/тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |