1 билет «Күлтегін» жыры жайлы әңгімелеңіз Күлтегін жыры


-билет 1. Ахмет Иүгінекидің еңбегі жайлы ой қозғаңыз



бет19/31
Дата03.12.2022
өлшемі143,26 Kb.
#54545
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
10-билет
1. Ахмет Иүгінекидің еңбегі жайлы ой қозғаңыз

Ахмед Йүгінеки (кей әдебиеттерде Жүйнеки деп аталады) жазған «Ақиқат сыйы» еңбегінің ғылыми мұрасы адамзаттың саяси ойларының дамуына өз әсерін тигізетіндігі және шығармадағы әлеуметтік-саяси көзқарастар туралы жазылады. Аталмыш шығарма өлең түрінде жазылған дастан және оның негізгі мазмұны тәлім-тәрбие беретін дидактикалық ойларға құрылған философиялық толғау болып табылады және имандылық пен адамгершілік туралы ойларға тола танымдық және насихаттық сипаттарға ие. «Ақиқат сыйы» дастанының көшірме нұсқалары Стамбұл, Анкара, Самарқан кітапханаларында сақталған. Ақын шығармасындағы алғашқы сөзін мейірімді, рахымды Аллаға шексіз мадақ айтумен бастап, Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерін пайдаланады.


2. Қожа-Ахмет Яссауи "Диуани хикмат" еңбегіне талдау жасаңыз
«Диуани хикмат» («Ақыл-ой кітабы»): Мақсаты – толымды тұлғаны тәрбиелеу
Қожа Ахмет Ясауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі, «хақиқат» («фано») – Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы. Сопылық түсінік бойынша, «шариғатсыз» «тариқат», «тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады.
Диуани хикметте» адамға қажетті қанағат сезіміне мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екендігін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет