1 билет «Күлтегін» жыры жайлы әңгімелеңіз Күлтегін жыры


-Хорезмидің еңбегі жайлы не білесіз?



бет21/31
Дата03.12.2022
өлшемі143,26 Kb.
#54545
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
3-Хорезмидің еңбегі жайлы не білесіз?
Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі –“Мухаббат-наме” дастаны. Оны жазған ақын Хорезми. Дастан шамамен 1350 –жылдары жазылған. Дастанның екі қолжазба нұсқасы мәлім. Екеуі де қазір Лондонның Британия музейінде сақтаулы тұр. Қолжазбаның бірі үйғыр әрпімен, екіншісі араб жазуымен жазылған. Дастан 473 бәйіттен тұрады. Ол 11 наме (хат) түрінде берілген. Мұнда жігіттің қызға жазған 11 хаты жырға негіз болған. Қорыта айтқанда, Хорезми сәтсіз махаббаттың трагедиясын жырлай отырып, өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін сөз етеді, сол заманның кейбір теңсіздік мәселелеріне наразылық білдіреді.
12-билет
1-үмбетей жырау жайлы ойтолғау жазыңыз
Үмбетей Тілеуұлы (1706-1778) - Ақмола облысында, яғни Орталық Қазақстанда дүниеге келген. Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан[1]. Ол жас жағынан Бұқар жыраумен құрдас болған деген дерек бар. Үмбетей жырау- дидактикалық поэзияның әйгілі шеберлерінің бірі. Ол жастайынан сөз өнеріне ден қойған. Оның осы жолдағы алғашқы ұстазы - өз әкесі болған. Ол ән өнерін жақсы білген, ел тарихына өте қанық адам болғанға ұқсайды. Сол себепті халық шежірелерінен, шешендік сөздерінен, халық дастандарынан көп тағылым алған.
Үмбетей жырау- елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен
2-құсырау-шырын" дастанына образдық талдау жасаңыз
Поэма Хұсрау деген жігіт пен Шырын есімді қыздың арасындағы шынайы махаббатты баяндауға арналған. Хұсраудың әділетті, оқыған, адамгершілігі мол жан екеніне көбірек көңіл бөлген. Адам бойындағы ең асыл қасиеттерді — адалдықты, мейірімділікті, бауырмалдықты, мөлдір махаббатты, білімділікті, еңбек сүйгіштікті ту етіп көтерген бұл дастанның тәрбиелік, танымдық мәні зор.
Құтб ақынның дастаны қазақ оқырманы арасында ерте кезден -ақ тарағаны жақсы мәлім. Әзірбайжан халқының кемеңгер ақыны Низамидің «Хұсрау мен Шырын» поэмасын Құтб ақын қыпшақ — оғыз тіліне 1341 -1342 жылдары аударған болса керек. Хұсрау мен Шырын» дастанының жалпы көлемі -120 парақ, яғни 240 бет. Дастан 4740 бәйіттен тұрады (Низамиде 7000 бәйіт). Дастанда Құтб ақынның өзі жазған жыр жолдары да бар. Қалғандары шығарманы көшірушілер тарапынан қосылған өлеңдер болып келеді. Құтб дастаны 91тараудан тұрады.
Хұсрау — Шырын» дастанының басты қаһарманы — Шырын. Дастанда Шырын тек сұлу қыз, адал жар ғана емес, сонымен бірге ол — әділетті патша, халық қамқоршысы. Сондай -ақ ол дастанның екінші бір басты қаһарманы — Хұсрауды қайта тәрбиелеген мейірбанды жан. Шырын өз елінде ғана емес, сүйген жігіті Хұсраудың мемлекетінде де әділдік пен тыныштық, дәулетті, тұрмыс – тіршілік орнатуға барынша күш салады. Шырын өз махаббатына өле- өлгенше адал жан. Құтб осы Шырын образы арқылы мемлекетті қашанда әділ, білімді, инабатты, мейірбанды жандар басқаруы керек деген пікір айтады.
Дастандағы ең күрделі образ — Хұсрау бейнесі. Хұсрау шығармада екі түрлі қырынан көрінеді. Бірі — махаббатқа опасыз, ойын –сауыққа құмар, жеңіл мінезді, залым Хұсрау. Екіншісі — елге қайырымды, әділ патша Хұсрау. Дастанда осы екі Хұсрау арасында ұзақ уақыт күрес болады. Біресе Хұсраудың жағымды мінез — құлқы женіп, ал келесі жолы ұнамсыз жақтары басым түсіп жатады. Ол көңіл көтеру қамын ойлап, ойын –сауыққа берілген кездерінде мемлекетті басқару істерін ұмытып кетеді. Хұсрау бойындағы сүйіспеншілік сезімі алғаш тұрақсыздау болып келеді. Сол кезде ол Мариямға, кейінірек Шекерге үйленеді. Ол шынайы сезімнің өзін өткінші нәрсе деп біледі. Бірақ Хұсрау бұл күйінде қалмайды. Шырынның ақыл –парасаты арқасында өзгереді. Өз сүйгені жолында ажалдан да тайсалмайтын қаһарманға айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет