1 билет «Күлтегін» жыры жайлы әңгімелеңіз Күлтегін жыры


“Бақырғани кітабы”[1] — түркі



бет20/31
Дата03.12.2022
өлшемі143,26 Kb.
#54545
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Байланысты:
1-25

3. “Бақырғани кітабы”[1] — түркі тілдес халықтардың 12 ғасырдан сақталған сопылық ағымдағы әдеби ескерткіштердің бірі. Авторы, сопылық ағымның ірі өкілі — Сүлеймен Бақырғани.
“Бақырғани кітабының” басты идеясы — оқырманын ізгілікке, имандылыққа, рухани тазалыққа үндеу. Ақынның айтуынша, әрбір адам рухани тұрғыдан кемелденген дәрежеге жетуі үшін Алланы (Хақты, абсолюттік рухты) толық танып-білуі тиіс. Ал, бұл биік мақсатқа жетуі үшін адам алдымен төрт асудан сүрінбей өтуі керек. Олар: шариғат (ислам заңдары мен әдет-ғұрыптарының жинағы), тариқат (сопылық ағымның идеясы, мұрат-мақсаты), мағрифат (мұсылмандықтың қағида-шарттарын танып-білу) және хақиқат (Хаққа жақындау). Бұл рухани асулардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Сондай-ақ осы төрт басқыштың әрқайсысы он мақамнан (тоқтамнан) тұрады. Бақырғани кітабы” оқырман қауымды имандылыққа, ізгілікке, құдайға құлшылық етуге шақырады.
11-билет
1-Мұхаббат-наме жайлы ой қозғаңыз
«Мұхаббатнаме» – жазба ескерткіш. Еңбек 1353 жылы Сыр бойында жазылған, авторы Хорезми. Туынды 473 бәйіттен (946 тармақ) тұрады: 156 бәйіті (312 тармақ) парсыша, 317 бәйіті (634 тармағы) қыпшақ-оғыз тілдерінде.
Дастанда Хожа бек атына дәріптеу, мадақ сөздері айтылғанымен, тұтастай махаббат тақырыбын жырлауға арналған хаттар жинағы деуге болады. Еңбекте бүгінге дейін құнын жоя қоймаған философиялық, эстетикалық ойлар көп кездеседі. Жырда сопылық поэзияға тән – жар, отқа ұмтылған көбелек, теңіз бен тамшы, бұлбұл т.б. астарлы мәні бар ұғымдар кездеседі. «Пақырлықта азға қанағат ете білсең, Сонда өзіңе шаһ һәм әмірсің» немесе «Өтті өмір құмарлықпен өзіңе, қанша жүзбек адам дария ішінде» секілді сопылық таным аясындағы ой-түйіндердің молдығы шығарманың орта ғасырдағы түркі жазба жәдігерліктері арасында шоқтығы биік еңбек екендігін танытады.
2-"қисса -сул әнбия" еңбегіне образдық талдау жасаңыз
Насреддин Рабғузидің прозалық туындысы – “Қисса –сул анбия ” діни мистикалық шығармалар қатарына жатады. Еңбек сюжеттік жағынан әулие-әнбиялар, өздерін құдайдың өкілдері санайтын пайғамбарлар жайында қисса-хикаялар, ертегілер жинағынан тұрады. . "Қисса-и Рабғузиге" енгізілген шығармаларды идеялық-тақырыптық мазмұны бойынша үш топқа бөлуге болады: а) дүниенің, аспанның, жердің пайда болуы туралы, адамның, жануарлардың, жын-шайтандардың және басқа да тіршілік иелерінің шығуы туралы әңгімелер; ә) пайғамбарлар мен халифтар, әулиелердің өмірі туралы хикаялар, шығыс нақылдары, халық аңыздары мен ертегілері; б) хижраның алғашқы он жылындағы негізгі оқиғалар тізбегі, жылдардың, айлар мен күндердің атаулары туралы, мұсылман күнтізбесіндегі айтулы күндер туралы мәліметтер. Қисас ул-әнбия" құран сюжеттерін, уағыздары мен сүрелерін баяндап беретін танымал прозалық шығарма ғана емес, онда автордың үлкен дарын иесі екенін дәлелдейтін дидактикалық әңгімелер мен өлеңдер көп. Бұл ретте Жүсіп пен Зылиха туралы хикаяттағы махаббат сипатындағы өлең жолдары ерекше назар аударарлық. Ал құран хикаялары мен аңыздарының сюжеттері адамдарға түсінікті, тартымды да қарапайым тілмен баяндалған. Олардың діни ғана емес, танымдық мағынасы да зор, оларда өмір шындығы мен уақыт белгілері көрініс тапқан. Кітапта түркі халықтарының ғана емес, хикаяттарда айтылатын басқа халықтардың да әдет-ғұрыптары туралы мәліметтер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет