1 билет «Күлтегін» жыры жайлы әңгімелеңіз Күлтегін жыры


М.Қашқаридың өмірі жайлы әңгімелеңіз



бет5/31
Дата03.12.2022
өлшемі143,26 Kb.
#54545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
1-25

2.М.Қашқаридың өмірі жайлы әңгімелеңіз
Туған жері, ежелгі үйсіндер құрған, әртүрлі аталған мемлекетінің, қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен.
Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл тамаша энциклопедиялық туынды 1072-1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы М.А.Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы. Толық нұсқасын қазақ тіліне А. Егеубаев тәржімәлады.
Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.
Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдат қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.
3.С.Сараи туралы не білесіз
Саиф Сараи (1321, Сарайшық — 1396, Мысыр) — қыпшақ ақыны, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі.
Хан ұрпақтары арасындағы тақ таласы тұсында туған жерінен кетіп, өмірінің соңғы кезеңін мәмлүктер билігіндегі Мысырда өткізді. Саиф Сараиды Әмір Наджип қазақ халқының негізін құраған қыпшақ тайпасынан шыққан деп есептейді. Бізге жеткен елеулі еңбегі — бес мың жолға жуық түркі (қыпшақ) тіліндегі «Гүлстан би-т-түрки» (1391) туындысын Сарайшықта бастап, Мысырдағы Ніл өзені бойында аяқтаған. Дастанның негізгі бөлімі Сағдидің «Гүлстан» шығармасының еркін аудармасынан тұрады, сондай-ақ оған өзімен тұстас сегіз шайырдың ғазалдары, ақынның өзі жазған лирикалық өлеңдері, нақыл, ғақлия, толғаулары енген. Саиф Сараидың бұл поэмасы XIV ғасырдағы қыпшақ әдебиетінде қалыптасқан әдеби дәстүр, озық поэзия үлгісі болған.
Саиф қолжазбасы 1915 жылы белгілі болды, оның фотокөшірмесі Анкарада (1954), орыс әліпбиі негізіндегі транскрипциясы Ташкентте (1968) басылды. Саиф Сараи (13-14 ғ.) "Гүлстан" атты шығармасымен әйгілі болған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет