1 билет «Күлтегін» жыры жайлы әңгімелеңіз Күлтегін жыры


«Кодекс-куманикус» дастаны бойынша болжау кестесін толтырыңыз



бет7/31
Дата03.12.2022
өлшемі143,26 Kb.
#54545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
2.«Кодекс-куманикус» дастаны бойынша болжау кестесін толтырыңыз
Не болады деп ойлайсың?
Неліктен солай деп ойлайсың?
Шын мәнінде не болды?
Кодекс Куманикус (лат. Codex Cumanіcus –«Қыпшақ тілінің сөздігі») — қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап (латын әліпбиінде қалыптасқан қысқаша атауы – СС), 82 парақтан (164 бет) құралған қолжазба.
Бірінші бетінде «1303» деген жазу бар. Еңбектің авторы мен жазылған жері белгісіз. Түркітану ғылымындағы жаңа деректер бойынша, бұл еңбек түпнұсқасы 1294 жылы жазылған да, оның бірінші көшірмесі 1303 жылы жасалған, ол 1330 жылы толығымен көшіріліп біткен (Л.Лигети). «Кодекс Куманикус» Дешті қыпшақта немесе Қырымда (Солхат қаласында) жинастырылып, бір ізге түсірілген. Осы өңірді қоныстанған қыпшақтарды Батыс Еуропа жұртшылығы кумандар деп атаған. 1303 жылы «Кодекс Куманикус» түпнұсқадан Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай қаласының жанындағы Джан әулиенің ғибадатханасында көшірілген. «Кодекс Куманикус» готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімі (1–10 б.) – үш бағана етіп жазылған латынша-парсыша-куманша сөздік. Қалған жартысындағы сөздер лексикалық мағыналарына қарай топтастырылған. Мысалы, адамның дене мүшелерінің аттары, егіншілікке байланысты сөздер, т.б.
Екінші бөлімі (111–164 б.) – діни уағыздар. Осы бөлімдегі мәтіндер мен жұмбақтарды көрнекті неміс түркітанушысы А. фон Габен «кумандар әдебиетінің үлгісі» деп таниды. Көптеген қыпшақ сөздері көне неміс тіліне, кейде латын тіліне де аударылып берілген. Жеке сөйлемдер мен сөз тізбектері, жеке сөз тізімдері мен аудармасыз берілген жұмбақтар, қыпшақ тілінің латынша жазылған қысқаша грамматикалық очеркі де бар. Ол кезде (13–14 ғ-лар) Дунай өзенінен Жоңғар қақпасына дейінгі елдің бәрі де қыпшақ тілін түсінген. Батыс Еуропаның Шығысқа жорыққа шыққан адамдары Алдыңғы Азия, Таяу Азия, Кіші Азия, Орта Азия және Орта Азия елдерін аралау үшін куман (қыпшақ) тілін халықаралық тіл ретінде пайдалануға болады деп ұққан. Сол кездегі еуропалықтар үшін латын тілі қандай рөл атқарса, бірсыпыра Азия халықтары үшін куман (қыпшақ) тілі де сондай қызмет атқарған. «Кодекс Куманикус» Венециядағы Марк әулие шіркеуінің кітапханасында сақтаулы.
Осы уақытқа дейін «Кодекс Куманикустің» қыпшақ тіліндегі бөлімі үш тілге аударылып, төрт рет басылып шықты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет