1 билет «Күлтегін» жыры жайлы әңгімелеңіз Күлтегін жыры


Дастанның идеялық мазмұны



бет6/31
Дата03.12.2022
өлшемі143,26 Kb.
#54545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
1-25

Дастанның идеялық мазмұны. «Гүлістан бит-түркте» әдептілік, тілге сақ болу, өсек айтпау, сыпайылық сияқты көптеген этикалық мәселелерді қозғайтын хикаяттар көп. Мысалы : «Мың батпан келетін тасты қаңбақ құрлы көрмейтін бір алып палуан бұрқан-тарқан болып ашуланып тұр екен.
Бұған не болған? — деп сұрапты біреу.
Сонда әлгі палуанның көршісі тұрып:Мың батпан тасты ұршықтай иіретін көршім еді. Бүгін ол менің бір ауыз сөзімді көтере алмай,бүлініп жатыр, — деп жауап беріпті»
3 билет
1. С.Сараидың «Гүлстан бит-түркиі» шығармасының композициялық құрылысына талдау жасаңыз
2.Сайф Сараи өзі ұстаз тұтқан сағди ақынның «Гүлстанын» аудару барысында шығарманың композияциялық құрылысын бұзбай, сол күйінде сақтап қалуға әрекет жасаған. Сондықтан парсы тіліндегі «Гүлстан» секілді қыпшақ тіліндегі С. Сараи аударған «Гүлстан бит-туркте» сегіз тараудан тұрады. Олар: Бірінші тарау – ел-билеушілер туралы. Екінші тарау – халық бұқарасы жайында. Үшінші тарау – қанағат-ынсаптың пайдасы жөнінде. Төртінші тарау – тілге сақ болудың пайдасы туралы. Бесінші тарау – жігіттік шақтың көріністері хақында. Алтыншы тарау – кәріліктің адамды кәріп етіп қоятыны туралы. Жетінші тарау – тәлім-тәрбиенің әсері жайында. Сегізінші тарау – әңгімелесудегі әдептілік мәселесі туралы. Бәрі прозалық қисса-хикаят түрінде айтылады. Сағди Ширази өз «Гүлстанын» ұйқасқа құрылған прозамен жазған. Ара-кідік өз ойын өлең жолдарымен түйіп, қорытындылап кететін тұстары да бар. Аудармашы Сайф Сараи да солай істеген.Теғк кейде аудармашы-ақын Сағди жырларын тәржіме жасап жатпай-ақ дәл сол мағынадағы өз өлеңдерін текстке білдірмей қосып жіберіп отырады. Әйтсе де мұның өзі зор шеберлікпен жасалғандықтан аударманың идеялық мазмұнына да, көркемдік дәрежесіне де нұқсан келтірмейді. Қайта Сағди ақынды Дешті қыпшаққа жақындата түседі. Сағди жазған «Гүлстан» кітабын өзгертпей, сол күйінде аударуды С. Сараи өзіне мақсат етіп қоймаған. Қыпшақ ақыны парсы тілін жетік біле тұрып, Сағдидың кейбір прозалық хикаяларын, өлеңдерін аудармай тастап кеткен. 3.«Гулистан бит-турки» тұтас сюжетке құрылған шығарма емес. Мұнда қысқақысқа хикаялар, аңыздар, ертегілер, өлеңдер, күлкілі әңгімелер, т.б. белгілі бір тақырыптар бойынша жүйеленіп берілген. Дегенмен шығарманың негізгі қаһармандары ретінде оқиға желісіне қоғамдық топтың барлық өкілдері дерлік қатысып отырады. Сағди ғұмыр бойы ел аралап, жиһангез болған адам. Сондай саяхатта жүріп ақын қоғамдық өмірдің түрлі сатысында тұрған адамдарды көреді. Олар: саудагерлер, дәруіштер, ақындар, қолөнершілер, диқандар, малшылар, бектер, әкімдер, хандар, т.б. Ақын ел кезіп жүріп, көрген-білген қызықты әңгімелерді, афоризмдерді, аңыздарды, қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді жазып алып жүрген. Кейін соның бәрі «Гүлстан» кітабына арқау болған. Сайф Сараи әрбір хикаяны бастар алдында Сағди Ширази атына мақтау сөздер айтып алып, сосын ғана автор идеясын жеткізетін хикаяларды баяндауға көшеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет