1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері



бет13/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   83
1920-1930 жылдары
1920 жылы 17.08-да РКФСР Халық Комиссары Кеңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады. 
1920 жылдың 26.08. РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен Халық комиссарлары кеңесі М.И. Калинин мен Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын «Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялық социалистік республикасын құру туралы» Декрет қабылдады.
1920 жылы 4-12 қазанында Орынборда өткен Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқықтарының Декларациясын қабылдайды.
1922 ж. 30 желтоқсанда КСРО-ның құрылуы туралы шартқа қол қойылды. Алғашында ол төрт республикадан – РКФСР, УКСР, БКСР, ЗКФСР (Грузия, Әзірбайжан, Армения) тұрды.
егістік көлемі 1914ж 3,6 млн деседен (десятина) 1922ж 1,6 млн десеге қысқарды. Егінніңшығымдылығы сол 1914ж әр деседен түсетін 38,7пұттан 1921ж 18,7 пұтқа азайды. 
1920 жылдары салғырт бойынша халықтан 1,5 млн. пұт нан тартып алынған. Осының салдарынан астық тапшылығы 2-2,5 млн пұтты құрады.
1925 ж. егіннің көлемі 3 млн га жақындады. Орал, Ақмола, Семей губернияларының астықты аудандарында егін түсімі 1913 ж. деңгейіне жетті. 1925 ж. 92 млн. пұт астық жиналды, бұл 1914ж сәл ғана кем болды.
1925 ж. мал саны 1922 ж салыстырғанда 2 есе өсіп, 26 млн басқа жетті. Сауда-саттық дамыды.
1926 ж Қазақстан территориясында 128 жәрмеңке болды. Жәрмеңке саудасының жалпы айналымы 20 млн. сомға жетті. Ойыл, Қуандық, Қарқара, Қоянды,Темір, Көкшетау, Атбасар жәрмеңкелерінің аты шықты.
1928-29жж салық базасының аз ғана өсуіне қарамастан, ауыл шаруашылық салығы 98,8%-ке өсті. 
1927-28 жж ірі мал өсіретін шаруашылықтардың 0,6 пайызы мал шаруашлықты аудандарға бөлінген бүкіл салық сомасының 25%-н төледі.
​1921-1922 жылдары Қазақ өлкесінде жер-су реформасы жүргізілді.
1921 жылы құрылған «Қосшы» кедейлер одағы мүшелері жер-су реформасына белсене араласты.
1921 жылы Батыс Сібірде, Қазақ өлкесінің солтүстігі мен батыс бөлігіндегі жерлерді межелеу саясаты жүргізіле бастады. Үкімет тарапынан дайындық жұмыстары орта Азияда ұлттық-территориялық межелеу және қазақ жерлерін қайта біріктіру бағытында жүргізілді.
1922 жылы “Талап” ұйымы құрылды. Оның құрамында М.Әуезов, М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов болды. Олар әдебиетпен, өнермен шұғылданды. 
1924 жылы 27 қазанда КСРО-ның ОАК сессиясында Өзбек ССР-ін (құрамына Тәжік АКСР-і енді); Түрікмен АКСР-ін, РКСФР құрамындағы Қара қырғыз автономиялық облысын, Қазақ АКСР-ін (құрамына Қарақалпақ автономиялық облысы енді) құру туралы шешім қабылданды.
1926 ж. халық санағы бойынша, қазақтар Қазақ АКСР халқының 61,3 пайызын құрады.
1925 жылы республиканың астанасы Орынбордан Ақмешітке көшіріліп, оған Кеңес үкіметінің идеологиялық талаптарына сәйкес келетін Қызылорда деген атау берілді.
1924 жылы Комитерннің атқару комитетінің басқармалары мәжілісінен Т.Рысқұлов Коминтерннің Моңғолиядағы өкіліболып тағайындалып, қазан айының басында Моңғолияға келеді. Ол жақтан оралған соң Т. Рысқұлов аз уақыт «Еңбекші қазақ» газетінде жұмыс істейді
. 1926 ж. мамырда Ресей Федерациясы Орталық атқару комитетінің шешімімен ол Халық Комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасарлығына тағайындалып, бұл лауазымда 1937 жылға дейін істегені белгілі.
1927 жылы Түркістан-Сібір теміржолының құрылысы басталды. Оны Т.Рысқұлов басқарды
1925 жылдың желтоқсан айында партияның ХІҮ съезі индустрияландыру туралы шешім қабылдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет