1930-1940 жылдар 1930 жылдарда елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер, фабрикалар мен зауыттар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті.
1936 жылы сталиндік КСРО Конституциясы жариялаған бюрократиялық орталықтандыру орнықты.
1937-1938 жылдары лаңкестік жаппай сипат алды
1934 жылы Қазақ университеті ашылды.
1941 жылға дейін 19 ЖОО, 120 техникум болды.
1932 жылы КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды.
1938 жылы ол филиалға айналды.
1940 жылы Қазақстанда 35 театр болды.
1930 жылы “Дала әні”, “Жұт”, “Қаратау құпиясы” фильмдері түсірілді.
1940-1950 жылдары 1941 жылдың 22 маусымында Ұлы Отан соғысы басталды. 2 млн. адам әскери даярлықтан өтті.
1942 жылы Қазақстан қорғасынның 85 пайызын, көмірдің 1/8, молибденнің 60 пайызын берді. Қазақстанға Ембі мұнай кенішіне әзербайджаннан 400 маман келді.
1941-1945 жылдары Қазақстанда 460 өнеркәсіп салынды. Әйелдердің еңбегі ауыл шаруашылығында 1940 жылы 48 пайыз болса, 1942 жылы 75 пайызға көтерілді. 10 000 әйел тракторға отырды.
1942 жылы «Қазақстан комсомолы» деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина Сталинград майданына жіберілді.
1941 жылы 30-қыркүйекте басталып, 1941 жылы 6-желтоқсанында аяқталды. Брест қамалы бір ай жауға төтеп берді.
Ленинград шайқасы. 1941-1943 жылдары болды. Қазақстандық әскери құрамаларының 1/3 Ленинград түбінде соғысты.
1944 жылы Ленинград толық азат етілді.
Сталинград шайқасы. 1942 ж. шілдеде басталып, 1943 ж. ақпан айында аяқталды. 1942 ж. күзінде Каспий алабына соғыс жағдайы енгізілді. 1942 ж. 1 қыркүйекте Атырау Қорғаныс Комитеті құрылды. 1942 ж. 16 қазанында Орал облысы майдан өңіріне енгізілді.
Берлин операциясы. 1945 ж. 16 сәуірінде басталды. 1945 ж. 2мамырында Берлин алынды. 1945 ж. 8мамырында Германия тізе бүкті. 1945 ж. 9тамызында Жапонияға қарсы соғыс басталды. Ол 24 күнге созылды. 1945 ж. 2қыркүйегінде Жапония жеңілді.
1942 ж. Сәтпаевқа Мемлекеттік сыйлық берілді. 92 ақын жазушы майданда соғысты. Екі жыл ішінде 23 кинокартина түсірілді.
1941-1942 жылдары Қазақстан экономикасын әскери жағдайға енгізу аяқталды
. Республиканың колхоздары мен совхоздары астық дайындаудың мемлекеттік жоспарын 1946 жылы 1 қарашада орындап, жоспардан тыс 10 млн пұт астық тапсырды.40-50 жылдар басында социализм идеологиясы өзінің шарықтау шегіне жетті.
1948-1952 жылдары барлығы 200-ден астам ғалым саяси сенімсіз немесе Қ.Сәтбаевтың жақыны деген айыптаумен академиясынан қуылды.
Ядролық зарядты тұңғыш сынау 1949 жылы 29 тамызда өткізілді.