34. Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл әдістермен көтеруге бағытталған шаралар. Республиканың ауыл шаруашылығы бүкіл КСРО - ның ауыл шаруашылығы сияқты азық-түліктегі, өнеркәсіптегі, шикі заттағы халық сұранысын қанағаттандыра алмады. Бұған колхоздарды, жалпы ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесі себеп болды. Аграрлық секторды дамытуды ынталандыру үшін мемлекет шаруашылықтардың бұрынғы қарыздарын жойып, салық келемі елеулі түрде азайды. Ет, сүт, жүн, картоп, көкөністің сатып алу бағасы кетерілді. Дегенмен ауыл шаруашылық өндірісі жүйесін жақсартуға бағытталған реформалар қалыптасқан шаруашылық жүргізу кұрылымының негіздеріне әсер етпеді, өміршіл-әкімшіл жүйе әлі де үстемдік етуін жалғастыра берді. Мәскеу басшылығы Қазақстанда астықтың және басқа ауыл шаруашылық өнімі ендірісін шұғыл арттыра алатын мүмкіндіктер бар деп есептеді. Сондықтан да өкімет билігінің жоғарғы деңгейінде дәнді дақылдар егетін алқаптардың аумағын кеңейту үшін тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды. Міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін Н.С.Хрущев республикалық басшылықты «нығайту» керек деп шешті.
64. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер Көші-қон мемлекет халқының санына, ұлттық құрамы мен қоныстануына, табиғи қозғалыстың үдерістеріне әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Сонымен қатар көші-қон еліміздегі ауыл мен қала тұрғындарының өзара үлес салмақ өзгерістерінде, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде және ұлттық қауіпсіздік жағынан маңызды рөл атқарады. Кеңестік кезеңнің соңғы жылдарында республиканың ұлттық құрамында қазақтардың үлес салмағы төмен болды.ондықтан Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың ерекшелігіне сәйкес көші-қон саясатын жүргізуге белсенді кірісті. Ең алдымен, шетелде тұратын этникалық қазақтардың ұлттық бірігуі және тарихи отанына оралуы үшін көші-қон саясатының басқару жүйесін жетілдіру қарастырылды. 1992 жылы маусымда отандастарымыздың тәуелсіз елімізге көшуінің құқықтық негіздері реттелген «Көшіп келу туралы» Заң қабылданды. 1997 жылы қабылданған «Халықтың көші-қоны туралы» заңында көші-қон ағынын реттеу жүйесін жетілдіру, этникалық қазақтарды тарихи отанына қабылдау тәртібі мен азаматтық алу мүмкіндіктері нақтыланды. «Халықтың көші-қоны» заңында репатриант деп танылған адамдардың құқықтық мәртебесі анықталған.
Тұжырымдаманың басты қағидалары бойынша адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау; нәсілі, тілі, діні, этникалық және әлеуметтік шығу тегі, көзқарасы, саяси сенімі сияқты белгілері бойынша кемсітушілікке жол бермеу басымдықтары айқындалған.
2017 жылы «Қазақстан Республикасының 2017–2021 жылдарға арналған миграциялық саясаты» тұжырымдамасы қабылданды. Бұл шетелдерде тұратын қандастарымыздың тарихи отанына оралуына кеңінен жол ашты. Көші-қон саясатының негізгі бағыттары айқындалды. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әркімнің республикадан тыс жерлерге кетуіне және кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар.Көші-қон үрдістерінің . Бірінші кезеңде (1991–2003 жылдар) көші-қон республика аумағынан кейбір тұрғындардың үдере көшіп кетуімен сипатталды. Елімізден еуропалық этнос өкілдері өз тарихи отандарына көше бастады. КСРО ыдыраған соң алғашқы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, өндірістің құлдырауы көптеген ұлт өкілдері, соның ішінде орыстар – Ресейге, поляктар – Польшаға, немістер – Германияға т.б. елдерге көшіп кетуі нәтижесінде республикада аталған этностар өкілдері санының азаюы орын алды. Бұл жағдай республика тұрғындары санының кемуіне, еңбекке жарамды білікті кадрлар қатарының сиреуіне әкелді. Сондай-ақ жұмыссыздық өсіп, отбасыларда ажырасулар көбейді. Халықтың табиғи өсуі, бала туу көрсеткіші төмендеді.
Осы жылдары республика халқының саны 16 793,1 мыңнан 14 886,8 мыңға кеміді. Сыртқы көші-қондағы жоғары шегі 1994 жылға сәйкес келеді. Елден 811,3 мың адам көшіп кетті. 1991–2008 жылдары республикада жалпы 3,5 млн адам көші-қон қозғалысына түсті. Сондай-ақ басым көпшілігі Ресейге – 1 550 мың, Украинаға – 52,6 мың, Белоруссияға – 39,7 мың адам көшіп кетті. Қазақстаннан тұрғындардың көшу үрдістерінің негізгі себебі ретінде 90-жылдардың ортасында орын алған экономикадағы дағдарысты, сонымен қатар азаматтардың атамекенімен қайта қауышу мақсатын айтуға болады. Оның үстіне психологиялық факторлар да басым болды: көптеген адамдар тарихи отанында тұрып жатқан туыстарымен байланыстары үзіліп, ертеңгі күніне деген сенімін жоғалтты, шегарадан өтудің қиындықтары туындауы мүмкін деген үрей мен тарихи отанында азаматтық алу мәселесі де алаңдатты. Сондықтан бұл этнос өкілдері өз елдеріне оралуға, тездетіп көшуге кірісті. Аталған мәселелерді ескере келе, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1998 жылы ТМД Саммитында «Қарапайым адамдарға қарай 10 қарапайым қадам» ұсынған болатын. Бұл бастаманың жүзеге асыруда азаматтық алу барысындағы жеңілдіктер, шегарада азаматтарымыздың, жүктердің, тауарлардың кедергісіз өтуі және ақпараттық байланыс аясын кеңейту т.б. мәселелер қарастырылды. 2004 жылдан бастап көші-қон ағысының қарқыны төмендеп, халық саны өсіп, миграциялық үрдістің екінші кезеңі басталды. Өсудің негізгі көзі табиғи өсім болды. Бұл өсім мұсылман-түркі халықтарында (қазақ, өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрік, түрікмен, ұйғыр, дүнген, тәжік) айқын байқалды. 2004–2009 жылдары республика халқының саны 826,9 мың адамға көбейді. 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының саны 19 миллионға дейін жетті.Тәуелсіздік жылдары ішкі көші-қонның негізгі бөлігі ауылдық жерлерден ірі қалаларға көшумен жалғасты. Еңбек мигранттарының едәуір бөлігін қазақ жастары құрады. 1994 жылдан 1998 жылға дейін ауылдық округтер саны 2522-ден 2042-ге қысқарды. Ұжымшарлар мен кеңшарлар таратылды, ауыл инфрақұрылымы өзгеріске ұшырады. Жұмыссыздық күшейе түсті.Экономикалық дағдарыс нәтижесінде қалалардың пайда болып, өсіп дамуына жол ашқан зауыт, фабрикалар тоқтап қалды. 1989–1999 жылдары шағын қалаларда тұрғындардың саны азая бастады. Мысалы, Лениногорск – 13,7 мың, Зыряновск – 18,4 мың, Арқалық – 20,3 мың, Шахтинск – 41,8 мың адамға қысқарды. Осы кездері халқымыздың демографиялық және әлеуметтік дамуы ірі бетбұрыстар мен күрделі өзгерістерге ұшырады. Қазақстан үкіметі 2008 жылы көші-қонды басқару жөнінде «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасын бекітті. «Нұрлы көш» бағдарламасының негізгі мақсаты – шетелдердегі қандастарымызды және еліміздің оңтүстік өңірінен солтүстік өңіріне қазақтарды ұтымды қоныстандыру. «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында мемлекет ел тұрғындарын халқы тығыз, еңбек күші мол оңтүстік облыстардан республикамыздың солтүстік өңірлеріне көшіру саясатын қолға алды. Отанына оралған қандастарды да солтүстік аймаққа орналастыру шарасы жүргізілді. Бала туу деңгейі төмен және жұмыс күшінің тапшылығы бар өңірлердегі кадр мәселесін шешуде 2014 жылдан бастап жүргізілген жалпы «Серпін» атты бағдарлама да сәтті жүзеге асырылып, үлкен маңызға ие болды.