1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері



бет12/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83
Байланысты:
1 билет Отанды тарихты о уды т жырымдамалы негіздері

1910-1920 жылдары
1906-1912 жылдары Ақмола, Торғай, Орал, Семей облыстарына 430 мың шаруашылық келген. Бос жерлер туралы үгіт-насихат жүргізілді.
1906-1912 жылдары Сырдария, Жетісу облыстарын Румянцев,
1909-1913 жылдары Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын Кузнецов зерттеді.
1913 жылы “Сібір, Дала өлкесі, Түркістан жерлерін арендаға беру” туралы Уақытша Ереже шықты.Помещиктік жер иелену пайда болды. 
1911 жылы Сағынгерей Бөкеевтің «Қазақстан» газеті, 1911 жылы Мұхамеджан Сералинің «Айқап» журналы шыға бастайды.
1906-1912 жылдары 17 млн. десятина жер алынды.
1917 жылдың қарсанында барлығы 45 млн. десятина жер алынды. Көшіп келушілердің есебінен Қазақстан халқының құрамы өзгерді.
1912 жылы Лена оқиғасы болды. Осының әсерімен 1912 жылдың қазан айында Байқоныр көмір кенішінде, Семейдегі Торғай көмір кенішінде ереуілдер болды.
1914 жылдың көктемі мен жазы–демократиялық қозғалысының көтерілген кезеңі. Бұл кезде Доссордағы Орал-Каспий мұнай қоғамы мен Ембі өндірісі жұмысшыларының ереуілі болды.
1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды.
1915 жылдың мамыр айында Екібастұз көміршілерінің ереуілі болды.
1916 жылдың тамыз айында Қарсақпай мыс кенішінің ереуілі болды.
Қазақ жастары майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылға 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды.
1916 жылғы шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын қамтыды.
1916 жылғы 23 тамызда Түркістан генерал-губернаторы Куропаткиннің жарлығымен майдан жұмыстарына шақырылудан қанаушы таптардың бірқатар өкілдері босатылды. 
1917 жылы ақпанда Ресейде царизмді құлатқан буржуазиялық демократиялық революция жеңіске жетті
. 1917 жылы 24 қазанда (6. XI.) Петрогадта Уақытша үкіметке қарсы Ленин бастаған қарулы көтеріліс басталды. 
1917 жылдың қарашасында революцияға қарсы ошақ Оралда құрылды. 
1917 жылы ақпанда жұмысшы депутаттары Кеңестері Перовскіде, Қазалыда, Шалқарда, Ақтөбеде, Оралда, Петорпавлда және темір жол бойындағы қалаларда пайда болды.
1917 жылдың көктем- жазында қазақ еңбекшілерінің арасында тыл жұмысшыларын біріктіретін ұйымдар, революцияшыл-демократиялық жастар ұйымдары пайда болды. Олар «Верный қаласы мұсылман жұмысшыларының біріккен Одағы», Жаркенттегі жұмысшылар Одағы, Түркістан өлкесіне кіретін Қазақстанның Оңтүстік облысындағы мұсылман еңбекшілерінің Одағы.
​Қазақсанның барлық облыстарынан дерлік өкілдері қатысқан 1-ші жалпы қазақтық съезд Орынбор қаласында 1917 жылы 21- 26 шілдеде өтті.
1918 ж. жазында бірыңғай Қызыл Армияның құрамды бөлігі ретінде ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастайды.
1919 жылы Степан Разин атындағы бірінші Орынбор казак полкі ұйымдастырылды.
1919 жылдың сәуір-шілде аралығында Оралды қорғауға қазақ эскадроны қатысады, ол кейін бірінші Кеңестік үлгілі қазақ полкі болып қайта құрылады.
Халық Комиссарлар Кеңесі 1919 жылы 11 қаңтарда азық-түлік салғырты туралы декретті қабылдады.
жағдайында 1918 жылы 11 мамырда РКФСР-дың Ұлт мәселесі жөніндегі халық комиссариаты жанынан Қазақ бөлімі құрылды. 
Ал 1919 жылы 10.07. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитет (Ревком) туралы уақытша ережені» қабылдады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет