1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


-1970-ші жылдардағы қазақ жастарының бейресми студенттік үйірмелерінің Ұлттық жаңғырудағы рөлі



бет18/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83
36. 1960-1970-ші жылдардағы қазақ жастарының бейресми студенттік үйірмелерінің Ұлттық жаңғырудағы рөлі.
Жауабы: XX ғасырдың 60-шы,70-ші жылдарында қазақ жастарының санасын серпілткен «Жас тұлпар» ұйымы болды. Бұл қозғалыс жастұлпарлықтардың өмір жолы, жастардың Қазақстанның Тәуелсіздігі үшін күресі ғана емес, бұл қазақ қауымының үлкен бір тарихи белесі. Бүгінгі жастарымыз, болашақ ұрпақтарымыз мақтанышпен айтар, үлгі-өнеге алып, жадында сақтар, ұлт рухының асқақтығын көрсетер тарихи алтын кезең. Қазақ халқының «кіндік кезеңінде» 1963 жылдың қараша айында Мәскеу қаласында «Жас тұлпар» ұйымының ресми құрылып, тарих сахнасына шығуы – осындай рухани қажеттіліктен туды. Жастұлпарлықтар Кеңестік өкімет қолданған интернационалистік идеологияның қазақ ұлтының тамырына балта шауып жатқанын жай біліп отыра берген жоқ, оған ұлт құндылықтарын, қазақ өнерін қарсы қоюға ұмтылыс жасады.Өмірдегі қасіретті өнердегі көркем дүние арқылы көпшілікке жеткізу қазақтың сүйекке сіңген ата салты. Тәуелсіздікті аңсаған тұңғыш жастар қозға­лы­сының көш басында Мұрат Әуезов, Болатхан Тайжанов, Алтай Қадыржанов,Әнуар Сарт­баев,Болат Хисаров,Темірхан Бектібаев, Серік Байкенов, Мақаш Тәтімов, Советқазы Ақатаев, Марат Балтабаев, тағы басқалары болды. Жастұлпарлықтардың бәрі дерлік өз ойларын жетер жеріне жеткізе алатын, сөздері өткір, топ жарған Ресейде оқитын қазақтың жайсаң ұлдары мен қыздары еді. Қорқыт ата, Асан ата, Бұқар жыраудай ұлтымыздың алтын діңгектерінің жалғасы Алаш зиялылары болса, солардың барлықтарының ой-армандарын өздеріне ту қылған жаңа ұрпақ тарихқа «Мен қазақпын!» деп атойлап кірді. Орнында бар оңалар.Тәуекел түбі жел қайық,өтерсің де кетерсің.Нар тәуекелге бармасқа амалдары жоқ. Күш-жігер, ар-намыстары кеуделерін қысқан қазақ жастары күреске шықпай тұра алмады. Жастұлпарлықтар Алаш зиялыларындай басшысы дана, қоғамы дара,ел еңсесі биік,ердің бағы жанып, ұлты бақытты болатын кезеңді аңсады. Ұлттық мүдде, болашақ ұрпақ қамы болатын ой-арман Мәскеу, Ленинград және басқа Ресей қалаларында оқитын қазақ жастарының басын біріктірді. Олар жас болса да ұлт тағдыры үшін өздерінің жауапкершіліктерін сезді. Қазақ қоғамының өткен асылдарын жоғалтпай, өркениет көшінен өзіне тиесілі орын алуын көкседі. Адамзат тарихында не істелсе де ұлттық мүдде үшін істелетінін көрсетті. Қазақ халқының ұлттық, саяси санасын қалыптастырудағы ең биік белес болған Алаш қозғалысы десек, 40 жылдан соң сол Ұлы арманды халқына жеткізуге талпынған «Жас тұлпар» ұйымы болды. Әр заман әркімнің алдына өз сұрақтарын қояды.Өмір,тәжірибе, мақсат та әртүрлі болады. Жастұлпарлықтардың Отанының тағдырына байланысты мақсаттары айқын болды.Тұманды күнгі дүниедей әлдебір буалдыр ұғымға малданып жүре беретіндердің саны көбейген заманда олардың саяси аренаға шығуы Ұлттық рухымыздың барлығының көрінісі. Қазақтың бойында қашан да ұлттық рух сөнбеген. Жастұлпарлықтар басқа қалаларда ұйымның бөлімшелерін ашудан басқа үш бағытта жұмыс жасады. Бірінші бағыт, Қазақстаннан тыс жерде оқитын қазақ жастарына көмек көрсету. Ұйымшылдық, бауырмашылық және қолқабыс мәселелері. Екіншісі, қысқы-жазғы демалыс кездерінде қазақ ауылдарын аралап, елмен танысу, бұқара халықпен тікелей байланыс орнату. Үшінші бағыт, бұл – ұлт мәселесі. Кітапханалардағы ұлттық мәселеге байланысты кітаптарды зерделеу. Ұлттың өткені мен болашағы, тағысын тағылар жөнінде кең көлемдегі пікір алысулар. Жалпы бағдарлама үш бағытта ғана болғанымен, олар алдарына үлкен көп салалы, жан-жақты мақсаттар қоя алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет