1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай



бет20/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   83
Байланысты:
1 билет Отанды тарихты о уды т жырымдамалы негіздері

7. 20 ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай
20 ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:
Түркістан генерал губернаторлығы орталығы –Ташкент
Сырдария облысы,Жетісу облысы
Дала генерал губернаторлығы орталығы-Омбы
Ақмола,семей,орал,торғай облыстары.
20 ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуімен,Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді.Отарлық саясат,әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді.Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді.Қоныс аудару қорына қазақтардың жайылым,суат,мал айдау жолдарын,қыстақтарын тартып ала бастады.Қазақ өлкесінде Орынбор,Орал,Сібір,Жетісу казак әскерлері де орналасты. 20 ғасырдың басына қарай казактардың саны 1 миллион 11 мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті. 20 ғасырдың басында казақ өлкесінде тау-кен өнеркәсібі даму үстінде болды.Өйткені қазақ жерінің қазба байлығын игеруде жақсы жолға қойыла бастаған еді.20 ғасырдың ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды көмір шахталары,шығыс және орталық аудандардағы түсті металлургия,Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді.
37. Идеологиялық тоқырау: ресми марксизмнің дағдарысы, зиялылардың астыртын Әрекеттері, диссиденттік үйірмелер қызметі.
Жауабы: Тоқырау кезеңінің идеологиясында орыстандыру саясаты басты бағыттардың бірі болып қалыптасты. Хрущевтік-брежневтік әкімшілік әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан жерде тарихи жаңа қауымдастық – кеңес халқын жасау ниетін көздеді. Коммунистік әкімшіліктің “халықтардың мызғымас достығы”, “ұлттар мен ұлыстардың жақындасуы жəне бірігуі” туралы тезистері жүзеге асырылып жатты.1960 жылдардың ішінде Мəскеуде қазақ студенттерінің тұңғыш ұлттық-демократиялық бейресми ұйымы – “Жас тұлпар” құрылды. Басты ұйымдастырушысы – Мұрат Əуезов. Көмекшілері А.Қадыржанов, Б.Тайжанов болды. Мақсаты: бұқараның ұлттық санасын ояту, жоғарғы органдарға ұлт қатынастарына қатысты нақты ұсыныс айту.“Жас тұлпар” ұйымы алғашқыда 800 студентті біріктірді, кейін Алматы, Ақмола, Шымкент, Ленинград, Киев, Одесса, Павлодар, Ригада құрылды. Қарағандыда “Жас қазақ”, Семейде “Тайшұбар” деп аталды. 1970 жылдары ұйымның ықпалымен “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Айгүл” ансамбльдері құрылды.1975 жылы Олжас Сүлейменовтің “АЗиЯ” атты тарихи-лингвистикалық талдау кітабы жарық көрді. “Игорь жасағы туралы жырды” талдай келіп, бұл жыр славяндық жəне түркілік этностық əлем шекарасында дүниеге келген және жырда екі көрші мəдениеттің шындықтары көрініс тапқан деген тұжырым жасады. Алайда ұлыдержавалық шовинизм идеологтарына бұл ұнамады. Бас идеолог М.Сусловтың басшылығымен тойтарыс беріліп, кітап тауар айналымынан алынып тасталды, жаңа басылымына тыйым салынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет