1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру және жаңарту



бет19/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   83
66. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру және жаңарту
Саяси партиялардың құрылуы Кеңес Одағының соңғы жылдарында саясат қоғам өміріне жаппай ене бастады, 1990 жылдың наурызында коммунистерге билік монополиясын берген КСРО конституциясының Совет Одағы коммунистік партиясының жетекші және бағыттаушы рөлі туралы 6-бабының күші жойылуы ішкі саяси өмірдегі көппартиялы құрылымға жасалған ең маңызды қадам болды. Дәл сол жылы бүкіл Кеңес Одағы бойынша жаңа партиялар құрыла бастады. Біздің елімізде алғаш болып «Алаш» Ұлттық Тәуелсіздік партиясы, «Желтоқсан» ұлттық-демократиялық партиясы және Қазақстанның социал-демократиялық партиясы өзінің жұмысын бастағанын мәлімдеді. 1991 жылдың маусымында қабылданған қоғамдық бірлестіктер туралы заң көппартиялықтың дамуына ықпал етті, ал қоғамды дүр сілкіндірген тамыз «бүлігі» осы процеске қосымша қарқын қосты. 1991 жылдың қыркүйегінде Қазақ КСР коммунистік партиясы өзінің кезекті съезінде КОКП құрамынан шықты және Қазақстанның Социалистік партиясы болып қайта құрылды. Жаңа партияның бағдарламасы социал-демократиялық принциптерге негізделіп, оның тең төрағалары Ермұхамбет Ертісбаев пен Анатолий Антонов болды. Қазақстанның Социалистік партиясы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елдегі ең бұқаралық сипаттағы саяси ұйымға айналды, 1990-шы жылдардың ортасында өз қызметін тоқтатты. Сол жылдары дәл осындай себептен Қазақстанның «Азат» республикалық партиясы 1991 жылы осы аттас, демократиялық ұлттық мемлекет құруды мақсат еткен азаматтық қозғалыс болып қалыптасты. 1991 жылдың қазанында саяси идеялы – құқықтық және әлеуметтік бағдардағы мемлекет болған «Қазақстанның ұлттық конгресінің» құрылтай съезі өтті. Дегенмен бұл партия ұзақ өмір сүрген жоқ: көшбасшылары дипломатиялық қызметке ауысқан соң, саяси бірлестік те қызметін тоқтатты. 1994 жылы құрылған Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы өз бағдарламасының басты бабы ретінде ауыл тұрғындары мен кооператорлардың мүдделерін қорғауды таңдады. 1996 жылдың 2 шілдесіндегі «Саяси партиялар туралы» заң Қазақстандағы партиялық құрылыстың жаңа кезеңіне жол ашты, ал Конституцияға енгізілген түзетулер – Мәжіліс құрамын ең алдымен партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттар есебінен кеңейту – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі партияның рөлін күшейтті. 1998 жылдың қарашасында Қазақстанның Азаматтық партиясының құрылтай съезі өтті. Партия өзінің негізгі мақсаты – мемлекеттікті нығайту, өндірісті дамыту болды. Қазақстанның Азаматтық партиясының бірінші хатшысы А. Перуашев болды. 1998 жылдың желтоқсанында, Қазақстанның республикалық халық партиясы өзінің құрылғанын жариялады. Әлеуметтік бағыттағы ел экономикасын дамытуды көздейтін демократиялық мемлекет жолын таңдаған партия халықтың реформа барысына көңілдері толмаған, оппозициялық бөлігіне сүйенетінін білдірді. 1999 жылдың қаңтар айында құрылып, Ромин Мадинов басқарған Қазақстанның аграрлық партиясы ауылдық жерлердегі тауар өндірушілер: фермерлер, кооперативтер мен серіктестіктердің мүдделерін қорғауды ерекше қолға алды. Партия жерге жекеменшікті енгізуді, ауыл шаруашылығының дамуына ықпал ететін ауылдық инфрақұрылымды жақсартып, басқа да шараларды іске асыруды көздеді. 1999жылғы қаңтардағы президент сайлауынан кейін, көп ұзамай «Отан» республикалық саяси партиясы құрылды. Жаңа партияның бірінші съезі 1999 жылы 1 наурызда өтіп, оған елдің барлық облыстары, қалалары мен аудандарынан 400-ге жуық делегат қатысты. Бірауыздан партияның төрағасы Назарбаев сайланды. Сол күні Халық бірлігі партиясы, Демократиялық партия, Либералды қозғалыс және «Қазақстан-2030 үшін» қозғалысы – «Отан» Республикалық саяси партиясының құрамына кірді. Кейіннен оларды қолдап, «Әділет» партиясы, Халықтық-кооперативтік партия, Республикалық еңбек саяси партиясы да қосылды. Бұл процесс елдегі негізгі саяси күштердің біріккенін байқатты. «Отан» партиясы бұқара халыққа барынша жақын болуды ойлап, бюджет саласы қызметкерлерінің, шағын және орта бизнес өкілдерінің, мемлекеттік қызметкерлердің, ауыл тұрғындарының, зиялы қауымның – барлық орта топтың негізін құрайтын адамдардың мүдделерін қорғайтынын көрсетті. Әртүрлі сипатта болса да, жаңа партиялардың көпшілігі негізінен демократия принциптеріне бейімдігін білдіріп, елдің тәуелсіздікті нығайту бағытын қолдады.

7 Билет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет