43. Жариялылық пен демократияны насихаттау барысында одақтық республикаларда туындаған ұлттық шиеленістер 43)1991 жылдың көктемінде Одақ пен егеменді республикалар арасындағы қарым-қатынастар жаңа сатыға көтерілді. Одақтас республикалардың егемендікке деген жаппай ұмтылысы — 1991 жылдың сәуірінен маусымына дейін Мәскеу түбіндегі Ново-Огареводағы президент резиденциясында одақтас республика басшыларының бірнеше дүркін бас қосуларына алып келді. Ново-Огоревада 1991 жылы 23 сәуірде РКФСР, Украина, Қазақстан, Белоруссия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан басшылары кездесіп, нәтижесінде «9+1» деп аталатын жаңа Одақтық шарт дайындалды. Бұл Одақ Кеңестік Егеменді Республикалар Одағы деп аталатын болды (КСРО-ның тоғыз Одақтас республикасы мен КСРО Президенті). Тоғыз сағаттық келіссөздерден кейін, елдегі жағдайды тұрақтандыруға шұғыл шара қолдану және дағдарысты еңсеру туралы мәлімдемеге қол қойылды. Құжатта мемлекеттердің егемендігі, Одақтық өкімет орындарының қайта сайлануы мен Одақтық жаңа Конституцияның қабылдану қажеттілігі айтылды. Мәлімдеменің мәтінінде болашақ Одақ турасында «КСРО» деген түсінік аталынбады. КСРО-ның тағдыры туралы 17 наурыздағы референдумда азаматтардын көпшілігі Одақты сақтап қалу жөнінде өз пікірін білдірсе, екінші жағынан республика басшылары, бірінші кезекте Б.Н. Ельцин, Одақтың арқасында өз ұстанымын күшейтуге тырысты. Осындай күрделі жағдайда М.С. Горбачев жаңа Одактық шарт жасауға талпынды. Сөйтіп, тұжырымдар мен мүдделерді үйлестіру мәселесі төңірегінде қарама-қайшылықты үдеріс басталды.
73. Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және инвестициялық қызмет Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.