Байланысты: 1 билет Отанды тарихты о уды т жырымдамалы негіздері
2. Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі. Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи деректері мен тарихнамасының талдануы Бүгінде Қазақстанның қазіргі заман тарихын төмендегідей негізгі кезеңдер бойынша қарастырамыз:
1. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан. (1900-1917жж.)
2. Кеңестің дәуірдегі Қазақстан (1918-1991)
3. Қазақстан Тәуелсіз м мемлекет(1991- қазіргі күндерге дейін)
Қазақстан қазіргі заман тарихы– Қазақстан тарихы пәнінің бір бөлігі, Қазақстан Республикасы азаматы үшін Отан тарихы. Ал, өз Отанының тарихын білу мемлекетіміздің әрбір саналы азаматының қасиетті борышы. Отанымыздың өткен тарихын танып-білу – отансүйгіштік сезімді тәрбиелеудің, басқа халықтардың рухани және материалдық мұрасына сыйластықпен қараудың, жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтеудің маңызды факторы. Еліміздің тарихы – қазіргі жалпы дүниежүзілік тарихтың, соның ішінде Еуразия тарихының, түркі халықтары тарихының құрамдас бөлігі болып табылады, оның тарихы да, тағдыры да осы ұлы даламен тығыз байланысты және республикамыздың барлық жоғары оқу орындарында негізгі пәндердің бірі болып оқытылады. Әрбір қазақстандық азамат үшін өз Отанының тарихын білу - өз халқының өткен және келешек ұрпақтары алдындағы қасиетті борышы. Сондықтан Тәуелсіз Қазақстан Республикасы Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның тарихы пәніне ерекше мән беруде.Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болған жағдайында тарихты білу, адамзат баласы жинақтаған бай тәжірибені игеру – жаңа ұрпақтар тәрбиелеуде, білім беруде, олардың белсенді өмірлік айқындамасын қалыптастыруда мейлінше маңызды. Қазақстан тарихында болып жатқан бүгінгі бетбұрыс, оның саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік өміріндегі қайта түлеу, жаңару көп жылдар бойы тоталитарлық басқару жүйесінің езгісінде болып, халықтың өткенін білуі күңгірттеніп, өз елінің тілі мен дінінен, дәстүр-салтынан қол үзе бастаған кезде қолға алынды. Осындай бетбұрыстың нәтижесінде Тарихтың көптеген мәселелері қайта қаралып, жаңа бағаға ие болды. Бұл тарихты бүгінгі биіктер тұрғысынан зерделеуге мүмкіндік беруде. Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнін оқытудың мақсаты–ХХ ғасырдың басынан бастап, қазақ елінің тарихи даму жолы, қазақ халқы тарихының үздіксіздігі мен сабақтастығы, оның дүниежүзілік өркениеттілік үрдісінде, Орта Азия елдері жүйесінде алатын орны мен атқаратын рөлі туралы білім негіздерін меңгерту, нақтылы оқиғалармен таныстыру, студенттердің рухани құндылық бағдарлары мен көзқарасын қалыптастыра отырып, халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрметін дамыту. Қазақстанның қазіргі заман тарихы материалдары студенттерді жоғары саналыққа, ізгілікке, адамгершілікке, отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеуде зор рөл атқарады. Осы мақсатқа сәйкес пәнді оқытудың негізгі міндеттері:
Халқымыздың тарихын жастардың зердесіне құйып, оларды осы тарихтың тағлымымен таныстыру;
- қазақ жерін ежелгі уақыттардан бері мекендеген халықтардың шежіресін, көптеген мыңжылдықтар бойы тарихта кездесетін мемлекеттердің тағдырын, Қазақстан тарихының ерте кезеңдеріне қатысты күрделі және қарама қайшылығы мол тақырыптарын зерттеу;
-студент жастар үшін қоғамның дамуы туралы ғылыми түсінік қалыптастыру;
- дүниетаным тұрғысынан адамзат өркениетінің мол байлығына қатысты пікір түю, өз халқымыздың тарихын барлап, оның мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін игеру;
-студенттерді тарихи оқиғаларға ғылыми талдау жасап, саяси баға беруге, қорытынды жасауға, алған теориялық білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету;
-Отан тарихының сан ғасырлар бойы жойылмай бізге жеткен мол мәдени мұралары мен рухани қазынамыздың әлемдік өркениетке қосқан үлесін анықтауға, өзіндік баға беруге дайындау;
-студенттерді қоғам мен адамзаттың ежелгісімен, бүгінімен таныстырып, оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік тәлім-тәрбиесін ұғынуға бейімдеу;
-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін отансүйгіш азамат тәрбиелеу, өз Отанына адал қызмет етуге жағдай жасау;
-Қазақстанның қазіргі заман тарихындағы негізгі кезеңдерге, аса маңызды саяси оқиғалар мен ірі тұлғалы азаматтарға ерекше тоқталу тарихшылар алдында тұрған міндеттердің келелісі.