1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


Н.Хрущевтың «жылымық» жылдарындағы Қазақстан



бет8/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   83
Байланысты:
1 билет Отанды тарихты о уды т жырымдамалы негіздері

33. Н.Хрущевтың «жылымық» жылдарындағы Қазақстан
1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатты. Хрущев КОКП-ның 20-съезінде (1956) Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары жөнінде баяндама жасады. Осыдан соң іле-шала саяси қуғын-сүргін құрбандары ақтала бастады. 1954 — 64 ж. аралығында КСРО-да Тың игеру жүзеге асырылды. Қудалауға ұшыраған халықтардың саяси және Әлеуметтік құқықтары қалпына келтірілді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөлінді. 1954 ж. алғашқы атом электр станциялары салынды, 1957 ж. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961 ж. тұңғыш кеңестік ғарышкер орбитаға ұшып шықты. Бірақ елде демократияның дамытылуы шектеліп, социализм толық және түпкілікті орнады деген үстірт қорытынды (21-съезд, 1959) шығарылды, ал КОКП-ның 22-съезінде (1961) елде кемелденген социализм орнады деген қорытынды жасалды. Елде тоталитарлық режим сақталды, басқаша ойлаушылық тұншықтырылды, интеллигенцияға қарсы қуғын-сүргін, жұмысшылар демонстрацияларын күшпен басу орын алды.
63. Жаппай Еңбек ету. ҚР әлеуметтік модернизациясы саясатының негізі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында еңбек адамның еңсесін көтеретіндігі жөнінде аталы сөздер айтып, әркімнің еңбек етуіне жағдай жасау мәселесі тиянақталып, Үкіметке осы міндетті орындау үшін 20 тапсырма бергені белгілі. Елбасының тапсырмасын орындау барысында өмірге келген «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасының халық үшін берер жақсылығы өлшеусіз. Еңбек адамына мұндай жағдай әлемді қаржылық дағдарыс шарпып тұрған сәтте ешбір елде жасалынған емес. Бұл жөнінде талай биік мінбелерден аузы дуалы азаматтар және шетел сарапшылары сан мәрте айтты. Жұмыспен қамту бағытында ешбір елде мұндай бағдарлама қабылдаған емес. Еңбек адамына жасалынған қамқорлықты пайдалана білу маңызды.Шынын айтқанда, қоғамда әлі өз орнын таба алмай еңбек етуге құлқы болмай жүргендер бар. Сондықтан да басқарма жыл сайын бағдарламаны тұрғындар арасында түсіндіру, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу бағытында нақты шараларды жүзеге асыруда. Жұмыспен қамту бағыттары бойынша 3000 буклет, 2500 плакат және 570 әдістемелік нұсқаулар дайындап, барлық ауылдық округтерге жіберілді. Баспасөз беттерінде, телеарналарда, радио хабарларында басқарма қызметкерлері тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаның мәні мен маңызын білмейтіндер де табылды. Сондықтан да басқарма қызметкерлері және осы бағытта жұмыс істейтін аудандық буындар тұрғындар арасында жиі болып, игі бағдарлама әркімнің еңбек етуіне жол ашқандығын нақты мысалдармен түсіндіруден жалыққан емес. стіміздегі жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға облыста 6708,9 миллион теңге бөлу қарастырылған. Осы жылдың 9 айында ол қаржының 91,3 пайызы игерілді. Бағдарламаның аясында үстіміздегі жылдың 1 қазанына дейін 8599 адаммен әлеуметтік келісім-шарт жасалынды. Жыл соңына дейін олардың қатарын белгіленген жоспар бойынша 14 мыңға жеткізу қарастырылып отыр. Бұл бағдарламаға өз бетімен жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар, ішінара жұмыспен қамтылғандар тартылды. Сонымен бірге, табысы аз, мүгедектер де осы бағдарламаның шарапатын көруде. Осы бағдарламаға қатысушылардың 44,6 пайызы жастар болса, 48 пайызға жуығы әйелдер. Шыны керек, тұрғындардың осы топтарының кейбіреулері тұрақты жұмыс істеуге мүдделі емес. Олар өздері тауып алған еңбек биржаларында тұрып бір сәттік жұмысқа жалдануды артық санайды. Оларға тұрақты еңбек етудің пайдалы жақтарын түсіндіре отырып, өзінің болашағы үшін бейнетінің зейнетін көруде тұрақты жұмыс орнының болуы аса маңызды екені түсіндірілуде. Қазір қалалар мен кенттерде еңбек биржаларында жұмыс іздеп тұрушылардың қатары біршама болса да азайғандығын айтуға болады. Үстіміздегі жылы 5482 адамды тұрақты жұмысқа орналастырдық.
Бүгінде дамығандықтың іргелі көрсеткіштерін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттер көрсетіп отыр. Оған әлемдік ішкі жалпы өнімнің 60 пайыздан астамын өндіретін 34 ел кіреді. ЭЫДҰ-ға кіруге тағы 6 ел – Бразилия, Қытай, Үндістан,Индонезия, Ресей және Оңтүстік Африка Республикасы үміткер болып отыр. Ұйымға мүше барлық елдер терең жаңғыру жолынан өтті, инвестицияның, еңбек өнімділігінің, шағын және орта бизнесті дамытудың, халық өмірі стандарттарының жоғары көрсеткішіне ие болып отыр. Әлбетте, ЭЫДҰ елдерінің болашақ ұзақмерзімді қарқыны ескерілгендегі индикаторлары – жер жүзінің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жолындағы біздің базалық бағдарымыз осы.
4 Билет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет