Байланысты: 1 билет Отанды тарихты о уды т жырымдамалы негіздері
62. Қазіргі білім беру жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттері Қазақстанның дамуы білім жүйесіне тікелей байланысты.Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін білім беру саламызда көптеген өзгерістер болды. 1991жылы жаңа үлгідегі мектептер мен арнаулы орта білім беретін оқу орындары,лицей,гимназия, кәсіптік техникалық мектептер,колледждер өмірге келді. Қазақстан Республикасында қабылданған білім беру жүйесіндегі негізгі принциптерге сәйкес саланың қызмет жасауының негізгі факторларының бірі жалпы орта білімнің міндеттілігі және ақысыздығы. 1998жылы Қазақстан Республикасы президентінің Жоғарғы білім туралы заңына ақылы білім алу енгізілді. 1999жылдан басталған Қазақстан Республикасы мектептердегі жалпы білім беру жүйесі
Бастауыш саты 1-4 сынып
Негізгі 5-9сынып
Жоғарғы 10-11 сынып
2001жылы Қазақстан Республикасында мектептерді жекешелендіру үрдісі басталды. 2003жылы Республикада 108 гимназия.63 лицей.289 лицейлік және гимназиялық сыныптары бар мектептер 30 дарынды балаларға арналған мектептер болды.Сондайак 312 кәсіптік мектепте 89 мыннан астам оқушы білім алды. 1995жылы Республикамызда қабылданған конституция бойынша 30 бап жалпыға бірдей міндетті әрі тегін орта білім беру бағыты жарияланды. Орта ,толық білім алудың жолдары анықталды. Мектеп бітірген рген жас жеткіншектің одан әрі қандай оқуға түсуі өз еркі мен қалауына байланысты. 1990-99жылдары Қазақстан Республикасы білім саласы бойынша оннан астам бағдарлама қабылданды. Дарын мемлекеттік бағдарламасы дарынды балалардың шығармашылық дамуын көздейді 1997жылы республиканын 8 облысында дарынды балалар үшін арнаулы мектептері мен мектеп интернаты бар республикалық дарын ғылыми орталығы құрылды.1996жылы шетелдерде тұратын отандастарды қолдау мемлекеттік бағдарламасы құрылды.осы бағдарлама негізінде тарихи отанына оралған оралмандарды оқыту мен қайта оқыту кіреді. 1997жылы орта білім жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Мектептерді мультимедиялық сыныптармен қамтамасыз ету,компьютерлік оқу бағдарламаларын ,электрондық оқулықтар жасау білім беруді басқару жүйесін ақпараттандыру. 2001 жылы мектептерді компьютерлендіру толығымен аяқталды.
Жоғарғы деңгейдегі мамандар даярлау,білім беру, ғылым мен мәдениетті дамытуда үлкен жұмыстар атқарып отырған 8 мемлекеттік оқу орнына 2001 жылы 5 шілдеде Қазақстан республикасы президенті жарлығымен ерекше ұлттық мәртебесі берілді.Олар Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,Абай атындағы педагогикалық университеті,Санжар Асфендияров атындағы қазақ ұлттық Медицина университеті және тағы басқалар Алғашқы мемлекеттік емес жоғарғы оқу орындары Қазақстан тәуелсіздігі жарияланғанан кейін пайда болды.1995жылы 5 карашада Қазақстан Республикасы президенті Назарбаев қаулысымен Болашақ халықаралық бағдарламасы қабылданды, 1994-2004 жылға дейін болашақ бағдарламасы бойынша 785 студент әлемнің 13 елінде білім алды. Дүниежүзілік білім беру үдерісіне сәйкес Қазақстанда үздіксіз білім беру жүйесі енгізілуде. 2008жылы мемлекет басшысы Назарбаевтың бастамасымен интеллектуалды мектеп құру бойынша жаңа жоба іске қосылды. 2011жылы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасының Назарбаев университетінің ,Назарбаев интеллектуалды мектебінің,Назарбаев қорының дәрежесі туралы заңы қабылданды. Назарбаев интеллектуалды мектебінің басты мақсаты болашақта Қазақстанның білім беру жүйесіне енгізілетін орта білім берудегі халықаралық тәжірибенің үздік үлгілері негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу және оған бейімдеу. 2010 жылы Астанада Назарбаев бастамасымен Назарбаев университеті ашылды.Жоғарғы оқу орнында мемлекеттік грантта оқу мүмкіндігіне студент ие болды. 2010 жылдың 11 наурызынан Қазақстан Еуропалық білім беру кеңістігінің тең құқылы мүшесіне айналды. Бүгінде Қазақстанның жоғары оқу орындары Tempus, Erasmus Mundus, INSPIRE халықаралық бағдарламаларға белсенді түрде қатысады.
2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда «Интеллектуалды ұлт – 2020» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама мына негізгі үш басым бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс болды.
Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы. Қазіргі таңда жастар тек білім алып қана қоймай, олардың өздігімен ізденуіне бағыттау қажет. Бүгінгі білім алудағы басты құндылықтар шығармашылық ой, алған білімді қорыта білу, шешім қабылдау, технологиялар мен инновациялар болып табылады.
Екінші басым бағыты – ақпараттық революция болуы тиіс, яғни ақпараттық технологиялар паркі базасында жетекші жоғары оқу орындары мен шет елдік беделді мамандарды қатыстыра отырып аймақтық университет ашу.
Үшінші басым бағыты - жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу ісіне ерекше мән беру. 2010 жылы 7 желтоксанда «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары» аясында қазақстандық білім берудің бәсекеге қабылеттілігін арттыру және адами капиталды дамытуда қолжетімді сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдардарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды.