Мақсаты:сутегін алу және оның тотықсыздандырғыштық қасиетін білу
Реактивтер:мырыш – Zn, күкірт қышқылы – H2SO4 (1:4), тұз қышқылы (сұйытылған)
Химиялық құрал-жабдықтар:тұрғы, сынауықтар, газ өткізетін түтікшесі бар тығын, спирт шамы, сіріңке, кристалдандырғыш, шыны, текше
Жұмыс барысы
1.23 ә-суретте (78-бетте) көрсетілгендей құрылғы жинаңдар, оның герметикалығын тексеріңдер.
2.Сынауыққа мырыштың 3 түйірін салып, оған тұз қышқылының ерітіндісін қосып, газ өткізгіш түтігі бар тығынмен тығыздап жабыңдар.
3. Бөлініп жатқан сутегін ауаны не суды ығыстыру әдәсімен төңкерілген сынауыққа жинаңдар.Газ жиналып бола сала сынауықтың аузын шыны текшемен жауып, спирт шамының жалынына апарып жағып көріңдер. Қандай өзгеріс байқадыңдар?
2H2O = 2H2↑ + O2↑
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Сутекті неліктен сынауыққа төңкеріп жинайды?
2. Сутекті алудың реакция теңдеуін жазыңдар
3. сутектің тазалығын қала тексереді?
4. сутектің жану реакциясыгың теңдеуін жазыңдар.
5. Массасы 50 г сутегінің зат мөлшері мен молекула сандарын табыңдар.
6. Реакцияға алынған заттардың формулаларын жазып, теңестіріңдер:
К + ? = KOH + H2↑
Fe + ? = FeCl2 + H2 ↑
? + HOH = Ba(OH)2 + H2↑
Li + ? = LiOH + H2 ↑
H2O + C = H2↑ + ?
7. Массасы 11,2 г темір сұйытылған тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілетін сутегінің (қ.ж.) көлемін анықтаңдар.
№3. практикалық жұмыс Оттегін алу және оның қасиеттерін тану
Мақсаты: оқушылар жұмысты өздері орындайды, оттегінің қасиетін зерттейді. Оттегінің тотықтырғыштық қасиетін білу.
Реактивтер: сутек пероксиді – Н2 О2 , MnO2 – өршіткі, индикаторлар – метилоранж, фенолфталеин; су
Химиялық құрал-жабдықтар :Үлкен сынауықтар немесе стақандар, спирт шамдары, сіріңке, шырпы, тұрғы, газ өткізетін түтігі бар сынауық, газ жинайтын құты немесе үлкен сынауықтар, темір қасық, темір қысқаш
Жұмыстың барысы
Жұмыс тартпа шкафында орындалады!
1. Сынауыққа (оның көлемінің 1: 3 бөлігіндей мөлшерде) сутек пероксидінің ерітіндісін құйыңдар.
2. Қандауырдың ұшымен сынауыққа өршіткі (катализатор) марганец диоксидін (MnO2) қосыңдар.
3. Сынауықтарға шоқтанған шырпыларды салғанда қандай өзгерістер байқалады (30-сурет)?
4. Темір қасыққа күкірттің кішірек түйіршігін салып, оны спирт шамының жалынында жағып алып оттегісі бар сынауыққа салыңдар, қасықты біртіндеп түсіріңдер.
5. Күкірт жанып болғаннан кейін сынауыққа аздап су құйып, аузын жауып алып жақсылап шайқаңдар.
.MnO2 2H2O2 = 2H2O + O2↑
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Барлық реакциялардың теңдеулерін жазып, типтерін анықтаңдар.
2. Реакциялардың жүру белгілерін атаңдар.
3. Түзілген заттардың табиғаты қалай анықталған, дәлелді жауап беріңдер.
5. Қосылыстардағы оттектің массалық үлестерін есептеңдер: H2O, KMnO4, KClO3, H2O2, HgO.
6. Теңдеулерді теңестіріп, реакция типтерін атаңдар: H2O → H2↑ + O2↑ Mg + O2 → MgO H2O2 → H2O + O2
7. Келтірілген қосылыстардағы элемент валенттіліктерін табыңдар: PbO2, SnO, B2O3, SіO2, Lі2O, Cl2O7, CrO3.
8. Қандай заттар өршіткі деп аталады?