24. Химия биология пəні бойынша қазіргі білім беру үрдісінде оқу жетісіктері сапасын бағалау əдістері мен əдіснамасын зерделеңіз.
Қазіргі заманғы білім жүйесінің міндеті – интеллектуалды, өмір бойы оқуға дайын, жылдам өзгеретін қоғамға бейім ұрпақты тәрбиелеу.
Биологияны оқыту əдістемесі пəні - орта мектептегі биологияны оқыту мақсаттары мен міндеттерін жəне мектеп биология курсының мазмұнын, заманауи технологияларды қолдануын, оқу-тəрбие үрдісін ұйымдастыру нысандарын анықтайды.
«Биологияны оқыту əдістемесі» пəнінің мақсаты: студенттерді оқушыларға білім мен тəрбие беру теориясы мен əдістемесі бойынша білім-біліктермен қаруландыру болып табылады.
«Биологияны оқыту əдістемесі» пəнінің негізгі міндеттері:
– оқушыларға биологиялық білім беру жүйесін; биология пəнінің орта мектептерге арналған оқу бағдарламалары мен оқулықтарының мазмұны мен оларды құру ұстанымдарын; оқытуға қойылатын осы заманғы талаптар мен
оларды іске асыру технологияларын меңгеру;
– биологияны оқыту жөніндегі оқу-тəрбие үрдісін жүзеге асыру жəне
пəн бойынша таңдау курстары мен сыныптан тыс сабақтарды өткізу біліктерін қалыптастыру;
– оқытудың техникалық құралдары мен ақпараттық жəне компьютерлік технологияларын қолдану.
«Биологияны оқыту теориясы мен əдістемесі» пəнін оқыту негізінде студент:
– еліміздегі жаратылыстану əдістемесінің даму тарихын;
– заманауи орта мектептегі биологиялық білім беру жүйесін;
– биология пəнінің орта мектептерге арналған оқу бағдарламалары мен
оқулықтарының мазмұнын жəне оларды құру ұстанымдарын;
– биологияны оқыту əдістері мен нысандарына қойылатын заманауи
талаптарды;
– биология пəні бойынша оқу-тəрбие үрдісін ұйымдастыру нысандарын;
– биологияны оқыту əдістерін іріктеу ұстанымдарын;
– биология кабинетін заманауи талаптарға сəйкес жабдықтауға жəне
ондағы құрал-жабдыққа қойылатын талаптарды білуі керек;
– игерілетін материалдың оқу-тəрбие міндеттерін анықтау;
– оқу материалының ғылыми мазмұнын оқушылардың жас шамасына
қарай бейімдеу;
– биологияны оқытудың жылдық жəне тақырыптық жоспарларын
əзірлеу;
– сабақтардың, сондай-ақ зертханалық сабақтардың жоспарларын құру
жəне конспектілерін жазу;
– оқу барысында оңтайлы нысандарды, əдістер мен əдістемелік
амалдарды, оқытуға деген проблемалық жəне зерттеушілік көзқарасты жүзеге асыру;
– нақты сабақ əрі сабақтың тиісті нысаны үшін мейлінше тиімді əдіс- тəсілдерді анықтау
– биология кабинеті мен зертханалық сынып бөлмесін құралдандыру мен тазалықта ұстау, оларды табиғи жəне бейнелеуіш көрнекі құралдармен жабдықтау;
– оқыту барысында əр алуан көрнекі құралдарды іріктеп-пайдалану;
– оқытудың техникалық құралдарын, ақпараттық жəне компьютерлік технологияларды пайдалану;
– биология пəні бойынша таңдау курстары мен оқушылармен сабақтан тыс жұмысты өткізу, оларға арнап авторлық бағдарламалар жасау;
– оқу-тəрбие жұмысын жетілдіру мен өзінің біліктілігін арттыру мақсатында бұл жұмыстың нəтижесін талдау;
– сабақ, сондай-ақ зертханалық сабақ үстінде оқушылардың əртүрлі биологиялық білім көздерімен өзіндік жұмысын ұйымдастыру;
– оқыту нəтижелерін бағалаудың осы заманғы құралдарын қолдану біліктерін игеруі тиіс;
– табиғат аясына танымжорықты ұйымдастыру мен өткізу;
– мектеп жанындағы оқу-тəжірибелік үлескіні жоспарлау мен ұйымдастыру, оқушылармен бірге онда жұмыс өткізу дағдыларын меңгеруі керек.