21. Білім жетістіктерін Халықаралық бағалауды көрсетіңіз. PISA оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы ЭЫДҰ және ұлттық орталықтарының қатысуымен жетекші халықаралық ғылыми ұйымдардан тұратын консорциуммен жүзеге асырылады.Аталған халықаралық бағдарлмада оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау негізгі үш бағыт бойынша жүргізіледі: «оқу сауаттылығы», «математикалық сауаттылық» және «жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық». Оқушылардың жалпыоқулық және интеллектуалды білікке ие болуын бағалауға баса назар аударылады.
PISA зерттеуі үшжылдық циклмен жүргізіледі. Әр циклда жоғарыда аталған үш бағыттың біреуіне ерекше назар (тестілеу уақытының үштен екі бөлігі) аударылады. Қалған екеуі бойынша аталған саладағы оқушылар сауаттылығының жалпы сипаттамасы келтіріледі. 2000 жылы негізгі бағыт – «оқу сауаттылығы», 2003 жылы – «математикалық сауаттылық», 2006 жылы – «жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық».
Айта кету керек, зерттеудің негізгі бағыттары құралдарын әзірлеудің тұжырымдамалық сипаты, нәтижелерді өңдеу және көрсету әдістері әлемнің жетекші мамандары қатысатын ғылыми форумдарда талқыланады және жобаға қатысушы мемлекеттердің өкілдерімен (әдетте, білім министрліктерінің өкілдерімен) олардың практикалық маңыздылығын есепке ала отырып бекітіледі
PISA-2012 тест тапсырмаларының жалпы санының 17% -ы 15 жас шамасындағы білім алушылардың оқу сауаттылығын анықтауға бағытталған тапсырмалардан тұрады.
Оқырман құзыреттілігі жазбаша мәтіндердің мазмұнын білімді және қоғам өміріне белсене араласу мүмкіндігін дамыту үшін қолдану мақсатында мәнін түсінуді тұспалдайды. Мұнда мәтінді түсінумен байланысты біліктер бағаланды. Сонымен тестілеу қатысушылары жалпы бағдар бойынша өз біліктерін және оның толық мағынасын ұғынуды мәтін мазмұнында көрсетулері керек еді. Бұдан басқа, ақпаратты табу және мәтінді түсіндіру бойынша функционалдық сауаттылық бағаланды.
22. Оқу нəтижесін бағалау құралдарын пайдалануды саралаңыз. Оқыту құралдарының негізгі қолданылған мақсаты әрине, оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру, себебі сабақ барысында ғана оның дұрыс ұйымдастырылуына байланысты керекті білімділікті шеберлікті, дағдыны қалыптастыруға болады. Мұғалімнің (өндірістік оқыту шеберінің) әрбір оқыту құралының дидактикалық мүмкіндіктерін білуіне байланысты оқу процесінің маңызы да арта түспек. Шынында да кез келген оқыту құралының дидактикалық мүмкіндігі оның оқу тәрбие жұмысындағы рөлін анықтайды.Бүгінгі күні білім алушылардың жетістіктерін критерийлермен бағалауға екі басым көзқарас белгіленді. Критерийлік көзқарасқа бірінші көзқарас оқу процесінің типологиясына және бағалардың сәйкес шкаласының арақатынасына негізделген. Осылайша, жағдай түрлерінің әрбіреуінің ішінде оқушы «1»-ден бастап «5»-ке дейінгі бағаларды алуы мүмкін. Бұл жағдайда тапсырмалардың күрделілігі бойынша кезектестігі қамтамасыз етіледі. Онымен бір уақытта бұл көзқарас білімдерді сынып-сабақ жүйесінің жағдайларында қолданып отырғаны кезеңінде шектеледі, «білімнің өмірге шығуы» жүйелігін қамтамасыз етпейді, бұл функционалдық сауаттылығының толық көлемінде қалыптаспайды.
Критерийлік бағалауға екінші көзқарас білімді өңдеу – ұғынуды қолданысты-жүйелендіру мен жинақтау деңгейлеріне және оларға сәйкес
бағалау шкаласына негізделген.Көпшілік зерттеушілер кейінгі кезде оқу жабдықтарына оқыту құралдарынан бөлек, техникалық оқыту құралдарын, мебельді және ұрылғыларды жазып жүр. Сондықтан да оқу жабдықтары – оқушылардың оқу процесіндегі іс-әрекетіне көмеектесетін, мұғалімнің кейбір жұмыстарын жеңілдететін материялдық құралдар десек те болады.Оқыту құралдары: кейінгі жылдары педагогикалық әдебеттерде «көрнекі оқу құралдары» терминінің орнына «оқыту құралдары» термині қолданылып жүр. Себебі «көрнекі оқу құралдары» деген түсінік оқу процесіндегі құралдардың барлық тізбесін анықтай алмайды, ал көрнекілік болса олардың жалғыз ғана қасиеті емес. Олардың көрнекіліктен де бөлек эргономикалық, дидактикалық бағыттарын т.с.с. айтуға болады. Былайша айтқанда олардың мүмкіндіктері өсіп, көрнекілік аясы өрістеп отыр. Сонымен оқыту құралдарына мұғалімнің (өндірістік оқыту шеберінің) сабақ барысында информация беруін, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруын сабақ барысында тексеру жұмыстарын жүргізе алатын оқу жабдықтарын жатқызамыз. Қолданылып жұрген оқыту құралдарының информация беру мүмкіндігі бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар. Оларды төмендегідей топтарға бөлуге болады.Оқыту құралдарының негізгі қолданылған мақсаты әрине, оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру, себебі сабақ барысында ғана оның дұрыс ұйымдастырылуына байланысты керекті білімділікті шеберлікті, дағдыны қалыптастыруға болады. Мұғалімнің (өндірістік оқыту шеберінің) әрбір оқыту құралының дидактикалық мүмкіндіктерін білуіне байланысты оқу процесінің маңызы да арта түспек. Шынында да кез келген оқыту құралының дидактикалық мүмкіндігі оның оқу тәрбие жұмысындағы рөлін анықтайды.
Оқушылардың іс-әрекетін басқара отырып мұғалім сабақты түсіндіруді олардың өздігінше жұмыс ұйымдастыруды ұғыну үрдісін тексеруді қолға алады. Мұндай жағдайда оқыту құралдары үлкен көмекші.