17. Критериалды бағалау туралы ұғымды түсіндіріңіз. Критериалдық бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Критерий – (гректің kriterion – пікір айту құралы деген сөзінен шыққан) соның негізінде баға берілетін белгі, бір нәрсені анықтау немесе бағалау, пікір беру өлшемі. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:1-Мектепте оқыту сапасын жоғарлату.2-Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру. Критериалды бағалаудың міндеттері:1-Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;2-Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті,3-Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;4-Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;5-Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;6-Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға; Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) негізделеді: 1-Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. 2-Шынайылық, анықтық және валидтілік. 3-Ашықтық және нақтылық.4- Үздіксіздік.5-Дамытуға бағыттылық
18. Портфолио-оқу жетістіктерін жинақтап бағалауды сипаттаңыз. Портфолио. Оқушылардың білім алу қызметін сараптауды білім жетістіктерінің бағалаудың жинақы жүйесі арқылы көрсетуге болады.
Портфолио (кең ұғымы) – бұл оқушының оқытудың белгілі бір кезеңінде жеткен жеке жетістектерін бағалау ,жинақтау және белгілеу . Портфолио шет мемлекеттерінің білім саласында бағалаудың жаңа жүйесі және өзін-өзі бағалаудың түрі ретінде кеңінен қолданылып келеді. Портфолио дәстүрлі бағалаудың жүйесін толықтырып,оқушылардың ақпаратты қабылдаудың репродуктивті деңгейін , фактілі және алгоритімді білім мен дағдыларын тексеруге бағытталған.
Портфолио оқушының түрлі қызметтегі жетістіктерін ескеруге мүмкіндік береді.Сонын ішінде:оқу, шығармашылық, әлеуметтік ,коммуникативті т б қызметтері.Бұл білім берудің практикаға бағытталған, іс-әрекеттік тәсілдің негізгі бөлігі болып саналады.Шет елдер тәжірибесінде портфолио оқушының жетістіктерінің жұмыс жинағы ретінде анықталып, оның түрлі
салалардағы жетістіктерін көрсетеді.
Портфолионың негізгі мақсаты:
- жасөспірімнің білім алу үрдісі туралы есеп алу;
- жалпы білім алудың негізгі нәтижелерінің жағдайын көру;
- оқушының білім кеңістігінде жеке даму бағытына жағдай туғызу;
- оның олған білім мен білік мүмкіндіктерін практикалық тұрғыда қолдана алуын көрсету;
-портфолиоға енетін қандай болмасын жетістіктерді толықтай немесе белгілі бір кезеңін бағалау, ол санды және сапалы түрде болуы мүмкін.Портфолио тек бағалаудың жаңа тиімді түрі емес. ол сонымен бірге келесі негізгі педагогикалық міндеттерді орындауға көмектеседі:
-оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға;
- олардың белсенділік пен өзіндік қабілеттерін мадақтау, оқу және
өзіндік оқу мүмкіншіліктерін кеңейтуге;
- бағалау( өзін-өзі бағалау) және рефллексивті дағдыларын
дамытуға;
Портфолионы енгізу оқушылардың оқуға деген белсенділігін арттыруға, өздерінің мақсаттары мен мүмкіншіліктерінің деңгейін сезінуге көмектеседі және бұл олардың болашақта таңдайтын оқу түрі мен бағытын анықтауда жауапты және нақты болуына себебін тигізеді.