1. Білім сапасы туралы түсінік беріңіз


Сабақтағы оқу жетістіктерді бағалаудағы психологиялық педагогикалық тəсілдер саралаңыз



бет16/38
Дата24.03.2023
өлшемі91,5 Kb.
#75979
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
Байланысты:
Бағалау сессия 2021 био (копия)

25. Сабақтағы оқу жетістіктерді бағалаудағы психологиялық педагогикалық тəсілдер саралаңыз.
Әдістемелік құралда бастауыш мектептегі инклюзивтік білім беру жағдайында білім берудің жаңартылған мазмұнын МЖБС талаптарын жүзеге асырудың ерекшеліктері, яғни инклюзивтік білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалаудың психологиялық-педагогикалық негіздері, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың міндеттері мен функциялары, критериалдық бағалау жүйесіне қойылатын талаптар, бағалаудың критериилері мен тәртібі қарастырылған.

Әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдеріне,


мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттарының мамандарына арналған. Инклюзивті білім беруді дамытуды әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мыналарды көздейді:
- жалпы білім беру процесіне ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар қосу аясында оларды әлеуметтік-педагогикалық және психологиялықпедагогикалық қолдауды ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі балаларды кіріктіре оқыту және инклюзивті білім беру негіздерін әдіснамалық және оқуәдістемелік әзірлеу;
Білім беру мазмұны білім алушылар өз әрекеттерімен меңгеретін, педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе болып табылады. Танымдық, репродуктивтік, шығармашылық әрекеттердің жүзеге асырылу тәжірибесі және көңіл-күй құндылықтарының қатынасы шынайы оқытылатын әрекеттердің қатынасы бойынша қызмет тәсілдеріне сәйкес: табиғатқа, мәдениетке, техникаға, әлеуметтік коммуникацияларға және білім саласының басқа да шынайы объектілеріне қолдану жолымен жүзеге асырылады.

26. Оқу нəтижесін бағалаудың шынайы тəсілі педагогикалық тест екенін көрсетіңіз.
Тестілеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері. Педагогикалық тест білім салаларын оқыту нəтижесін бағалаудың объективті тəсілі. Тесттің түрлері. Тест тапсырмаларының формалары. Оқу жүйесіндегі рейтинг- бақылау. Оқудағы рейтинг технологиясының қызметі. Оқудағы рейтингтік жүйенің құрылымдық элементтері мен ұстанымдары. Бақылаудың рейтингтік жүйесі. Білім беру практикасында рейтингтік бақылау жүйесін қолдану.
Портфолио - оқушылардың жеке жетістіктерін бекіту жəне жинақтау. Портфолионың міндеттері мен қызметіне, мақсатына сипаттама. Оқушының білім рейтингісіндегі портфолионың үлесі. Портфолио мен жұмыс істеу реті.Оқудың сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі. Білімалушылардың дайындығын халықаралық зерттеу. Халықаралық аспектегі Қазақстанның нəтижелері. Халықаралық білім кеңістігіндегі оқу нəтижелерін бағалау құралдарына жалпы сипаттама. Оқу нəтижелерін бағалауда заманауи құралдарды қолданудағы Қазақстанның жетістіктері. Қазақстандағы жəне шетелдердегі тестілеу жүйесінің дамуы. Оқу нəтижелерін бағалау жəне бақылау. Бағалаудың шығу тарихы. Бағалаудың өлшемдері мен қызметі. Бақылаудың əдістері мен формалары. Оқу нəтижелерін бағалаудың негізгі өлшемдері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет