42. «Критериалды бағалау технологиясын пайдаланудағы оқушының рөлі» тақырыбын тұжырымдаңыз Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, IT-технологияларды қолдану дағдылары.
Мұғалімдер үшін:
Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;Сабақ берудің сапасын арттыруға;Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
Оқушылар үшін:
Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге
Ата-аналар үшін:
Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
44. «Мектепке критериалды бағалау технологиясын» ендірудің қиындығын анықтаңыз. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Оқу формалары заманауи талаптарға лайық болуы, жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін, ұстаз ақпараттық технологияны өз іс-әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы қажет.Критериалды бағалау – бұл оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделіп, нақты белгіленген, ұжымдық жасалған, процесстің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі білім мазмұны мен мақсатына сәйкес критерийлері бар процесс. Критериалды бағалау жүйесін құру үшін қалыптастырып, белгілейтін бағалау жүйесін дайындау қажет.
Критериалдық бағалау жүйесінің қызметі:
Балаға оқытудың әр сатысындағы дайындық (меңгеру) деңгейінанықтауға мүмкіндік береді;
Көп балды шкаланы пайдалануда үлкен саралау мүмкіндігімен ерекшеленеді және мұғалімге бағаның кейбір айырмашылығын көрсетуге мүмкіндік береді;
Оқушының тек оқу жылындағы ғана емес сонымен қатар оқу барысы кезіндегі білімді қабылдауының объективті динамикасын алуға мүмкіндік береді;
Ағымдағы және қорытынды бағалар қоры арқылы оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетуге болады;
Білімді бағалаудың объективтілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді;
Оқушының әртүрлі жұмысты орындағаны үшін алған бағаларының мәнін түсініп, жіберген қателіктерін анықтап, қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік береді;
Ата-ана мектеп оқушы арасындағы байланысты нығайта түседі.
Қазіргі жаңашыл ұстаз жаңа технологияларды өмірге енгізуге дайын, оқу-тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыда қарайтын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен практика іс-әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез - құлық қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз.
Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзыреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі - бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ.
Бүгінгі заман талабы- жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет.
Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады.